Дағдыландырыу. Осы үлгі бойынша әр етістен сөздер алыб, іреніш ырай мен жіктетіу.
Сыпайы жіктеу
Болымды түрлері:
Жекеше:
жаз
жыла
күрес
жұуын
қаздыр
жатқыз
жегіл
атыстыр
шабқыла
алыңқыра
|
1-жақ
жазсақшы
жыласақшы
күрессекші
жұуынсақшы
қаздырсақшы
жатқызсақшы
жегілсекші
атыстырсақшы
шабқыласақшы
алыңқырасақшы
|
2-жақ
жазсаңызшы
жыласаңызшы
күрессеңізші
жұуынсаңызшы
қаздырсаңызшы
жатқызсаңызшы
жегілсеңізші
атыстырсаңызшы
шабқыласаңызшы
алыңқырасаңызшы
|
3-жақ
жазсайшы
жыласайшы
күрессейші
жұуынсайшы
қаздырсайшы
жатқызсайшы
жегілсейші
атыстырсайшы
шабқыласайшы
алыңқырасайшы
|
Көбше: 2-нші жағы ғана бұлардан басқаша бұлай айтылады: жазсаңыздаршы, жыласаңыздаршы, күрессеңіздерші, жұуынсаңыздаршы, қаздырсаңыздаршы, жатқызсаңыздаршы, жегілсеңіздерші, атыстырсаңыздаршы, шабқыласаңыздаршы, алыңқырасаңыздаршы.
Болымсыз түрлері:
Жекеше:
жазба
жылама
күресбе
жұуынба
қаздырма
жатқызба
жегілме
атыстырма
шабқылама
алыңқырама
|
1-жақ
жазбасақшы
жыламасақшы
күресбесекші
жұуынбасақшы
қаздырмасақшы
жатқызбасақшы
жегілмесекші
атыстырмасақшы
шабқыламасақшы
алыңқырамасақшы
|
2-жақ
жазбасаңызшы
жыламасаңызшы
күресбесеңізші
жұуынбасаңызшы
қаздырмасаңызшы
жатқызбасаңызшы
жегілмесеңізші
атыстырмасаңызшы
шабқыламасаңызшы
алыңқырамасаңызшы
|
3-жақ
жазбасайшы
жыламасайшы
күресбесейші
жұуынбасайшы
қаздырмасайшы
жатқызбасайшы
жегілмесейші
атыстырмасайшы
шабқыламасайшы
алыңқырамасайшы
|
Көбше: 2-нші жағы ғана бұлай айтылады: жазбасаңыздаршы, жыламасаңыздаршы, күресбесеңіздерші, жұуынбасаңыздаршы, қаздырмасаңыздаршы, жатқызбасаңыздаршы, жегілмесеңіздерші, атыстырмасаңыздаршы, шабқыламасаңыздаршы, алыңқырамасаңыздаршы.
Ескертіу. Іреніш ырайдың екінші, үшінші жақтағы түрлері іреніш түрде айтылған бұйрыққа да айтылыб, бійлік ырай орнында жұмсалады.
7) Қалау ырай
Істі көңіл қалау-қаламауын көрсететүн сөз түрін қалау ырай дейміз; мыйсалы, барсам екен; бармасам екен; айтсаң екен; айтбасаң екен; білдірсе екен; білдірмесе екен деген сыйақты сөздер қалау ырай болады.
Жаз, жыла, күрес, жұуын, қаздыр, жатқыз, жегіл, шабқыла, алыңқыра деген сөздерді басқа ырайларда көрсеткен үлгі бойынша болымды-болымсыз түрлерінде жекеше, көбше, үш жақбен айтқызыу.
Дағдыландырыу.'>Дағдыландырыу. Әр етістен сөздер алыб, сол үлгілер бойынша қалау ырай мен жіктетіу.
8) Сенімді ырай
Істің істеліу-істелмеуіне көңіл сеніб сөйлегенде айтылатұн сөз түрін сенімді ырай дейміз. Мыйсалы, алғаймын, алмағаймын, тұрғайсын, тұрмағайсын, болғай, болмағай деген сыйақты сөздер сенімді ырай болады. Жаз, жыла, күрес, жұуын, қаздыр, жатқыз, жегіл, шабқыла, алыңқыра деген сөздерді басқа ырайлардағы үлгі бойынша болымды-болымсыз түрлерінде, жекеше, көбше, үш жақ бен айтқызыу.
Дағдыландырыу. Әр етістен сөздер алыб, сол үлгілер бойынша сенімді ырай мен жіктетіу.
9) Сенімсіз ырай
Істің болыу болмасына көңіл сенбегенін көрсететүн сөздің түрін сенімсіз ырай дейміз. Мыйсалы: барар ма екем; бармас ба екем; көрер ме екенсін; көрмес бе екенсін; жүрер ме екен; жүрмес бе екен деген сыйақты сөздер сенімсіз ырай болады.
Жаз, жыла, жұуын, қаздыр, жатқыз, жегіл, шабқыла, алыңқыра деген сөздерді басқа ырайлардағы үлгі бойынша болымды, болымсыз түрлерінде, жекеше, көбше, үш жақ бен айтқызыу.
Дағдыландырыу. Әр етістен сөздер алыб, сол үлгілер бойынша сенімсіз ырай мен жіктетіу.
10) Мұң ырай.
Істерлік іске мұң болғанда айтылатұн сөздің түрін мұң ырай дейміз. Мыйсалы: айтар ма едім; айтбас ба едім; жүрер ме едің; жүрмес бе едің деген сыйақты сөздер мұң ырай болады.
Жаз, жыла, күрес, жұуын, қаздыр, жатқыз, жегіл, шабқыла, алыңқыра деген сөздерді басқа ырайлардағы үлгі бойынша болымды, болымсыз түрлерінде жекеше, көбше, үш жақ бен айтқызыу.
Дағдыландырыу. Әр етістен сөздер алыб, мұң ырай мен жіктетіу.
11) Көніс ырай.
Іске көнгенде, мойындағанда айтылатұн сөз түрін көніс ырай дейміз. Мыйсалы: кетемін та, кетбеймін та, барасын та, бармайсын та, көреді та, көрмейді та.
Ескертіу. Көніс ырай екінші түрлі де айтылады; мыйсалы: кетемін тағы, кетбеймін тағы, кетесін тағы, кетбейсін тағы, кетбейді тағы деген сөздер көніс ырай болады.
Жаз, жыла, күрес, жұуын, қаздыр, жатқыз, жегіл, шабқыла, алыңқыра деген сөздерді басқа ырайлардағы үлгі бойынша айтқызыу.
Достарыңызбен бөлісу: |