Көмекші етістік түрлері:
Көмекші етістіктер үш түрлі болады:
1) құр көмекші; 2) күй көмекші; 3) ій көмекші.
Құр көмекші етістіктер жоғарғы көрсетілген түрде жай етістіктерше жіктеледі. Құр көмекші етістік болатұндар: бармақ, болмақ, алмақ, бермек, келмек, кетбек, көрмек, өтбек, тастамақ, қоймақ, қалмақ.
Күй көмекші етістіктер болатұн жүрмек, тұрмақ, отырмақ, жатбақ. Бұлардың күй көмекші деб аталатұн себебі – бұлар айтылғанда ғамалдың қалыб күйін көрсетеді. Күй көмекші етістіктер жай етістіктерше де, олардан айырықша түрде де өзгереді.
Мыйсал:
Осы шақ
Болымды түрлері:
Жай етістікше
1-жақ
2-жақ
3-жақ
Айрықша түрде
1-жақ
2-жақ
3-жақ
|
жүрмек
жүремін
жүресін
жүреді
жүрмін
жүрсін
жүр
|
тұрмақ
тұрамын
тұрасын
тұрады
тұрмын
тұрсын
тұр
|
отырмақ
отырамын
отырасын
отырады
отырмын
отырсын
отыр
|
жатбақ
жатамын
жатасын
жатады
жатырмын
жатырсын
жатыр
|
Ій көмекші деб жалғыз емек деген етістік айтылады. Мұның бұлай аталыуының мәнісі бұл етістік өзге сөздерге көмекші болыумен әбден ій болыб, етістік түрінен айырылыуға тайанған. Қазірде жалғаулық қатарлы мағанадағы сөзге айналыб кеткен. Етістікше өзгеріу түрінен қалған жұқанақтары мыналар ғана:
Өткен шақ: 1-жақ едім
2-жақ едің
3-жақ еді
Онан басқа қалған жұқанақтары: емен, емес, екен.
Достарыңызбен бөлісу: |