Дағдыландырыу. Әр етістен сөздер алыб, алдағы үлгілер бойынша көніс ырай мен жіктетіу.
12) Қайрау ырай8
Істі істетіуге йа істемеуге қайрай сөйлегендегі сөз түрін қайрау ырай дейміз. Мыйсалы: барайыншы, бармайыншы, баршы, бармашы, барсыншы, бармасыншы деген сыйақты сөздер қайрау ырай болады.
Жаз, жыла, күрес, жұуын, қаздыр, жатқыз, жегіл, шабқыла, алыңқыра деген сөздерді басқа ырайлардағы үлгі бойынша айтқызыу.
Дағдылаңдырыу. Әр етістен сөздер алыб, жоғарғы үлгілер бойынша қайрау ырай мен жіктетіу.
13) Ызалы ырай.
Қайрау ырайдың ыза мен айтылатұн түрін ызалы ырай дейміз. Мыйсалы: жүрсейші, жүрмесейші, қалсайшы, қалмасайшы, барсайшы, бармасайшы.
Ескертіу. Ызалы ырайдың түріне жақын өтініштеу ырай бар. Мыйсалы: барсана, тұрсана, жүрсана, қойсана, кетсана жана басқа сондай. Бұл ырай бұрын айтылса да, бұл күнде тібті айтылмайды десе де болар, некен-сайақ бұрынғы ертегілерде ғана келеді («Қара батыр» деген ертегіні қара).
Жаз, жыла, күрес, жұуын, қаздыр, жатқыз, жегіл, атыстыр, шабқыла, алыңқыра деген сөздерді басқа ырайлардағы үлгі бойынша ызалы ырай мен айтқызыу.
Дағдыландырыу үшін әр етістен сөздер алыб, сондағы үлгілер бойынша ызалы ырай мен жіктетіу.
14) Теріс ырай.
Істелетүн іске айтылатұн сөздің теріс түрін теріс ырай дейміз. Мыйсалы, барса ійгі едім, бармаса ійгі едім, алса ійгі едің, алмаса ійгі едің, жүрсе ійгі еді, жүрмесе ійгі еді деген сөздер теріс ырай болады.
Жаз, жыла, күрес, жұуын, қаздыр, жатқыз, жегіл, атыстыр, шабқыла, алыңқыра деген сөздерді басқа ырайлардағы үлгі бойынша айтқызыу.
Дағдыландырыу үшін әр етістен сөздер алыб, алдағы үлгі бойынша теріс ырай мен жіктетіу.
15) Болжал ырай.
Істі шартқа қарайлаб болжалдағандағы сөздің түрін болжал ырай дейміз. Мыйсалы, оқыр едім (ақшам болса), ішер едің (сұу болса), барар еді (жалдаса) деген сыйақты сөздер болжал ырай болады.
Жаз, жыла, күрес, жұуын, қаздыр, жатқыз, жегіл, атыстыр, шабқыла, алыңқыра деген сөздерді басқа ырайлардағы үлгі бойынша болымды-болымсыз түрлерінде жекеше, көбше, үш жақ бен айтқызыу.
Дағдыландырыу үшін әр етістен сөздер алыб, алдағы үлгілер бойынша болжал ырай мен жіктетіу.
Жай етістіктің өзгерісі осы көрсетілгенше.
Достарыңызбен бөлісу: |