Тіл білімімен байланысы



бет15/16
Дата11.01.2022
өлшемі64,79 Kb.
#129211
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
урок №4 Движение растений. 7 кл, Байғожаева Қырмызы хим био Цитоология СРС 5 .
Жетінші заңдылық. Тілге жүйелі түрде сатылап үйрету. Тіл лексика және грамматикалық формалар арқылы дамиды, екінші жағынан тіл неғұрлым бай болса, тілдік фактілер де соғұрлым тез ұғынылады.

Сондықтан оқушыларға алдыңғы үйренгендерін ұмытып қалмайтындай етіп тілдік материалдарды бірте-бірте көбейтіңкіреп беріп, сөйлегенде қолданылып отыруына жағдай жасалады.

Мұнда қайталаудың алатын орны ерекше және бала есінде саналы түрде, түсініп сақтауы үшін ойлау операцияларын қолдану керек: салыстыру, талдау, жинақтау, дерексіз ұғым, жалпылау, нақтылау және индуктивтік, дедуктивтік ой қорытындыларын жасай алатындай болуға тиіс.

Тілге жүйелі түрде, бірте-бірте үдетіле үйрету заңдылығынан мынадай әдістемелік қағида шығады:

1) ұштастыра оқыту;

2) қайталау;

3) өз бетімен жұмыс істеуді күшейте түсу.

Бұл қағидаларды іске асыру үшін:

1) бағдарламаны тиянақты құру;

2) жоспарлы түрде қайталап отыру;

3) жаттығу жұмыстары;

4) оқушыларды ойлау мен сөйлеуге үйретудің тиімді әдіс-тәсілдері іріктеу сияқты жұмыстар жүзеге асырылады.

Сөйтіп, ана тілін меңгерудің заңдылықтары оны мектепте оқытудың негізі болып табылады; ал әдістемелік қағидалар осы заңдылықтардан туындайды, мұндай қағидаларға негізделген әдістеме, сөз жоқ, оқушыларға ана тілін үйрету жұмыстарын жүйелі жүргізуге көмектеседі.
6. Қазақ тілінің мектепте оқушыларға білім, тәрбие берудегі және оларды дамытудағы маңызы қандай?

Бағдарлама балаларға нені оқыту керектігін көрсетеді, бағдарлама бойынша оқулықтар жасалады.

Ал бұл материалдар оқушыларға қалай үйретіледі? Белгілі бір пәнді үйрету барысында оқушылардың әрекетін ұйымдастыруды оқытудың әдісі дейміз. Оқыту әдістерінің қайсысы болмасын, оқушы мен мұғалімнің ара қатынасын білдіреді. Бұл олардың бірлесіп әрекет ету тәсілдері болып табылады.

Оқыту әдістерінің дидактикалық жүйесі оқыту жолдарының жалпы заңдылықтарын көрсетеді.

Оқыту әдістерін зерттеуші ғалымдар, жалпы алғанда, былайша топтайды1:

1) балалардын оқу-таным әрекетін ұйымдастыру және оны іске асыру әдістері;

2) оқу-таным әрекетіне түрткі (мотивация) жасау, әсер ету әдістері;

3) оқу-таным әрекеттерінің тиімділігін тексеру әдістері.

Бұлардың әрқайсысына бірнеше жекелеген әдіс енеді. Мысалы, І топқа сөздік, көрнекілік және практикалық әдістер (олар қабылдау мен есте сақтауға негізделеді); индуктивтік, дедуктивтік әдістер (логикалық ойлауға негізделеді), өздегінен орындау, мұғалімнің басшылығымен орындау әдістері (қиялға, ерікке негіз­деледі). Ал II топқа балалардың қызығу мүддесін туғызу, зейінін жинақтау және оқуда борыш, жауапкершілік туғызу әдістері; III топқа ауызша тексеру, жазуша тексеру, лабораториялық-практикалық тексеру және өзін-өзі тексеру әдістері енеді.

Ана тілін оқыту барысында бұл әдістердің қайсысының, қай кезде тиімді екенін мұғалімнің өзі айқындап алып, іріктеп қолданады.


7. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің мазмұны қалай анықталады?

Бастауыш сыныптарда ана тілінен берілетін білімнің мазмұны мектеп бағдарламасында белгіленеді.

Бағдарлама жасаудағы негізгі әдістемелік проблемалар: 1) ана тілінен қандай теориялық мағлұматтар беріп, практикалық дағдылар мен іскерліктерге үйретуге болатынын анықтау; 2) жекелеген тақырыптардың қайсысын қайсысынан кейін оқыған жөн; 3) ұсынылған материалдарға қанша сағат бөлінетінін белгілеу болып есептеледі.

Педагогика оқу орындарына арналған қазақ тілін оқыту әдістемесінің бағдарламасы мына бөлімдерді қамтиды.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет