Тіл біліміндегі дифференициация мен интеграция процесі және оның тіл туралы ғылым құрылымындағы көрінісі


Суперсегменттік фонетика тілдің интонациялық жүйесін қарастырады



бет57/89
Дата26.08.2020
өлшемі269,31 Kb.
#76968
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   89
Байланысты:
жтб 401 удачи

Суперсегменттік фонетика тілдің интонациялық жүйесін қарастырады. Интонация сөйлеу тілінде естілуімен қатар жазба тілде (мәтінде) де оқылады. Интонациялық құбылыстар мен грамматикалық құбылыстардың арасында тығыз байланыс бар. Себебі мәтіннің интонациясын өзгертіп оқитын болсақ, оның стилистикалық реңкі де, грамматикалық мағынасы да өзгеруі мүмкін. Интонацияның тіл жүйесінде алатын орны, ерекшеліктері мен қасиеттерін анықтайтын саласы жалпы тіл білімінде интонология деп аталады.

Дыбыстың естілуін (перцепция) эксерименталды зерттеу жұмыстары. Дыбысты естудің негізгі деңгейлерін келесі тізбекпен көрстеуге болады: 1.акустикалық белгілердің естілуі; 2.алғашқы естілім анализі; акустикалық белгілердің оқшаулануы; 3. сөйленістің дыбыстық жағының лингвистикалық талданымы (интерпретациясы)

31.

В. Гумбольдт пен Б. Уорфтің тіл мен ойдың арасындағы байланыс

Ой тіл арқылы айтылған мазмұнның негізін құрайды. Ой арқылы, адам өз миының сәулелендіруші әрекеті арқылы тіл единицаларының объективті дүниедегі заттармен, құбылыстармен байланысқа түседі, мұнсыз адамдардың бір-бірімен тілдесіп, қатынас жасауы мүмкін де болмас еді. Белгілі бір тілдің дыбыстық комплекстері объективті дүние элементтерінің ойда сәулеленетін сигналдар ретінде қызмет етеді де, бұл дыбыстық комплекстерде адам танымының нәтижелері орнығып бекітіледі. Осы процестің нәтижелері адамның тіл арқылы ақпаратты танып білуіне негіз болады. Сондықтан да тіл ойлаудың қаруы, тетігі ретінде, ал ойлаудың тілмен байланысы органикалық бірлік ретінде түсіндіріледі. Қоғам мүшелерінің өзара пікір алысуы сөз не жазу арқылы жүзеге асады. Тыңдаушы да сөйлеушінің ойын сөйлеу тілі арқылы түсінеді. Ой жарыққа шығып, іске асуы үшін ол тіл материалына негізделіп, сөздер мен сөз тіркестері және сөйлемдер түрінде болуы шарт. Тіл дегеніміз – ойдың тікелей шындығы. Ой шындығы тіл арқылы, айтылған сөздер 50 мен сөйлемдер арқылы көрінеді. Демек, тіл – пікір алысу құралы, ойлаудың қаруы, ойды білдіру құралы. Ойлау мен тіл бір-бірімен өзара тығыз байланысты. В. Гумбольдт, Б. Уорф, т.б. ғалымдар “тілден тыс ойлау мүмкін емес, тіл мен ойлау бір-бірінен бөлінбейді” деп тұжырымдайды. Сонда тіл мен ойлау бір бүтіннің екі қыры: бірі – материалдық жағы болса, екіншісі – мазмұндық жағы екендігіне көз жеткіземіз. Ал тіл единицаларының мағыналық жағы тілді ойлаумен ұштастыратын дәнекер. Ойлаудағы мақсат ақиқатты тануға, қоршаған ортаны, болмыстың мәнін түсініп, заттар мен құбылыстардың өзара қарым-қатынасын ашуға бағытталса, тіл ойды реттеп, жарыққа шығару немесе қалыптасқан таным-білімді кейінгі ұрпаққа жеткізу міндетін атқарады. Құрылымы мен логикалық формасы жағынан алғанда ойлау – жалпы адамзаттық та, тілдің грамматикалық құрылысы, сөз түрлендіру, сөз туғызу сөйлем құрау заңдылықтары – жеке халыққа, ұлтқа тән стандарттар бойынша жүзеге асады. Сондықтан, әрбір этникалық топ өкілі өз тілі тұрғысынан ойлайды


32. Зат пен атау туралы Ежелгі Греция философтарының көзқарастары



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет