Тіл біліміндегі дифференициация мен интеграция процесі және оның тіл туралы ғылым құрылымындағы көрінісі



бет88/89
Дата26.08.2020
өлшемі269,31 Kb.
#76968
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   89
Байланысты:
жтб 401 удачи

Қазақ тілі білімі — қазақ тілін зерттейтін ғылым саласы. Қазақ тілі білімінің тарихы шартты түрде: а) ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезең, ә) ұлттық тіл білімі қалыптасқан кезең болып екіге бөлінеді. Ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезең 19 ғасырдың 2-жартысынан басталады. Қазақ тілінің грамматикалық құрылысы туралы алғашқы мәліметтер Н.И. Ильминскийдің “Материалы к изучению киргиз-казахского наречия” деген еңбегінде ұшырасады. Бұл — қазақ тілінің кейбір ерекшеліктерімен таныстыруға арналған тұңғыш еңбек. Кейін М.А. Терентьевтің “Грамматика турецкая‚ персидская‚ киргизская и узбекская” (1875), П.М. Мелиоранскийдің “Краткая грамматика казах-киргизского языка” (1894‚ 1897)‚ В.В.Катаринскийдің “Грамматика киргизского языка” (1897)‚ т.б. еңбектер жарық көрді. Қазақ тілін таныстыру мақсатын көздегендіктен бұл еңбектерде белгілі бір категориялардың сырын ашу, оның ерекшеліктерін анықтау жағы қарастырылмаған. Олар негізінен қазақ тілінің заңдылықтарын, ерекшеліктерін орыс тілімен салыстырып, сол тілдің негізінде түсіндіруге тырысты. 19 ғ-дың 2-жартысында қазақ тілінің лексикогр. жұмыстары қауырт қолға алынып‚ дами бастады. Ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезеңде 40-қа жуық сөздік жарық көрді (А.Е. Алекторов, “Краткий казахско-русский словарь”‚ 1891; “Начальное руководство к изучению арабского‚ персидского и татарского языков с наречиями бухарцев‚ башкир‚ киргизов и жителей Туркестана”‚ 1869; Т.Бокин “Русско-киргизский словарь”‚ 1913; Н.И. Ильминский “Материалы к изучению киргиз-казахского наречия”‚ 1861, т.б.). Орыстардың Ресей империясына қараған халықпен қарым-қатынас жасауына көмектесу мақсатын көздеген бұл сөздіктер қазақтың сөздік құрамын хатқа түсіріп‚ жаңа‚ көне сөздердің мағынасын ашып көрсетті. Ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кезеңнің өзі а) қуғын-сүргінге дейінгі кезең (1912 — 29); ә) қуғын-сүргіннен кейінгі кезең (1930 — 88) болып екіге бөлінеді. Қазақ тіл білімінің ғылым ретінде қалыптасып, дамуы Ахмет Байтұрсынұлының есімімен тығыз байланысты. Оның қазақ тілі оқулығы ретінде жазған “Тіл — құрал” атты еңбектерінде, мақалалары мен баяндамаларында тіл білімінің өзекті мәселелері сөз болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет