Фонетикалық заңдар — тілдің дыбыстық материясының қызметі мен дамуының заңдылықтары. Олар дыбыстық бірліктердің тұрақтылығын және үздіксіз болып отыратын өзгерістерін, өзара алмасуы мен тіркесуін реттеп отырады. Күнделікті сөйлеу процесінде болып отыратын құбылыстарды, аллофондық түрленулерді (варианттарды), дыбыстардың сөз құрамындағы позициялық алмасуларын тілдің дыбыстық материясының қызметіндегі заңдылыктар арқылы түсіндіруге болады. Аллофондық түрленулер көрші дыбыстардың әсеріне байланысты кез келген сөзде кездеседі. Мысалы, қазақ тіліндегі екі дауысты дыбыстың арасындағы қатаң дауыссыздың ұяңдауы (қап-қабы, тап-табу), көрші дыбыстардың бір-біріне икемделуі (ерінбеу—ерімбеу, сөзшең — сөшшең). Тіл дыбыстарының даму заңдылықтарына сай дыбыстардың қалыптасқан тарихи алмасулары үздіксіз болып отыратын позициялық өзгерістердің тарихи тұрақтануынын нәтижесі болып табылады. Мысалы: соқ — согым — сойу, семіз— семір, көз—көр, сөз — сөйле.
грамматикалық мағына негізінен сөздердін синтаксистік тіркесімділігі арқылы беріледі.
Грамматикалық құрылыстың тілдік бірлігі (единицасы) деген ұғым грамматикалық категориямен тікелей байланысты. Бұл мәселе жайында қазіргі тіл білімінде әр түрлі көзқарас бар. Бірқатар ғалымдар грамматикалық құрылыстың тілдік бірлігі (единицасы) морфема деп, енді бірсыпырасы –сөз деп байымдайды. Ал, А.М.Пешковский, Л.В.Щерба, В.В.Виноградов, А.И.Смирницкий еңбектерінде грамматикалық құрылыстың тілдік бірлігі грамматикалық категориялар деген пікір қалыптасқан.
87 Н.Я.Мар концепцияларының өміршеңдігі
1930 жж. Н.Я.Марр бастаған "Тіл туралы жана ілім" өз кадамын революциядан бұрынғы үндіеуропалык тіл білімін Кенестік дәуір талабы тұрғысынан қайта карап, үндіеуропа тіл біліміндегі сол кездегі кайшылыкгардың, токыраушылыктардыц біразын дұрыс көре білді. Бұл бағыттын буржуазиялык елдерде бірсыпыра мәселеде реакциялык, нәсілдік сипатта болып, отар елдер мен аз ұлттарды, олардын тілдерін кемсітіп, карайтындықтарын ашык айтты. Бірақ осы сын келе-келе салыстырмалы-тарихи тіл білімінін пайдалы жағынан бас тартып, тіл біліміне марксизмге тән емес дөрекілік, асқақтаушылық, менмендік әуен енгізді.
Кеңес Одағы Коммунистік партиясынын орталык органы "Правда" газеті бетінде 1950 ж. ұйымдастырылған айтыстан кейін "Тіл туралы жаңа ілімнін" кателіктері, онынтигізген зиянды зардаптары жан-жакты ашып көрсетілді (К- " Тіл туралы жаңа ілім ").Кеңестік тіл білімінде жалпы және жеке тіл білімі салалары бойынша жүйелі түрде ұжымдык зерттеулер іске асырылды. Олар негізінен мынадай салаларға катысты: Көп көніл бөлінген күрделі теориялық мәселелердін бірі ұлттык және әдеби тілдердін қалыптасыпдамуын зерттеуге байланысты. Кеңесғалымдары (И. К.Белодед, Л.А.Булаховский, В.В.Виноградов, В.М.Жирмунский, Н.И.Конрад, Ф.П.Филин, В.Н.Ярцева және ұлттық республикалардағы ғалымдар) тарихи жағдайлармен байланысты КСРО-дағы ұлт тілдерінін және ұлтгык әдеби тілдерінін тарихи даму зандылығын ашты. мүның өзінде халык тілі мен ұлт тілінін аракатынасын, жалпыхалыктык тіл мен ондағы жергілікті диалектілердін аракатынасын, әдеби тілдер калыптасуынын алғашкы кезінде диалектілік базаның мәнін айкындау мәселесіне көніл аударылды. КСРО-дағы тіл кұрылысынын күрделі мәселелерін шешуде ұлттык әдеби тіл теориясын калыптастырудың маңызы өте жоғары болды - Тілдің типологиялык проблемаларын зерттеу жұмысы И.И.Мещаниновтын, сонымен бірге М.М.Гухман, С.Д.Кацнельсон, В.3.Панфилов, В.И.Солнцевт.б. енбектерінде кенейтілді. Типологиянын негізгі үғымдары және басқа пәндерге катысы аныкталды. Бұрын дәстүрлі типологиялыктоптастыру тек морфологияға негізделсе, енді синтаксистік және семантикадык топтастырулар жасау жұмысы қолға алынды.
1930—50 жж. Н. Я. Маррдын "Тіл туралы жана ілімі" үстем болып түрған кезенде тоқтап калған салыстырмалы - тарихи тіл білімі 1950 жылдан бастап қайта дами бастады. салыстырмалы-тарихи тұрғыда көптеген тілдер зерттелді (Б А Серебренников, А.В.Десницкая т.б.). Тілдерарасындағы аса күрделі карым-катынастарды зерттеу аркылы тілдер семьясынын даму дәрежесі біркелкі және тура калыпта болмайтыны айкындалды. Зерттелу дәстүрі бай үндіеуропа және орал тіл білімдерімен коса, КСРО-да түркі, моңғол, картвел, афразия тіл білімдері жете дамыды.Этимологиялык зерттеулер ерекше бағыт ретінде дами бастады (В.А.Абаев, Э.В.Севортян, О.Н.Трубачев, А.С.Мельничук). Көне тіл құрылымын жанғыртудын сырткы және ішкі әдістәсілдерін жетілдіруге мән берілді.
Тілдік география жұмыстарынын күшеюіне байланысты аймақтық тіл біліміне ынталылық артты (Н.3.Гаджиева, А.В.Десницкая т.б.); тіл құбылыстарын картаға түсіру кен қолданылып лингвистикалық атластар жасала бастады (Р.И.Аванесов, М.А.Бородина т.б.). Зерттеу нысанына айналған тілдер аясы кенейтілді.
1960—80 жылдары салғастырмалы тіл білімі каркынды дамыды. КСРО-нын көп үлтты жағдайында орыс тілімен және кейбір Батыс Еуропа тілдерімен ұлттық тілдерді салғастырып оқыту тәжірибесі халык мәдениетін, тіл мәдениетін арттырудың тиімді жолы ретінде қарастырылды. Жалпы бағыттардын бірі ретінде лексикологиялык зерттеулер елеулі жетістіктерге жетті. Әр түрлі тілдерге катысты атау теориясы, онын негізгі принциптері, сөз мағынасынын түрлері зерттелді (О.С.Ахманова, А.И.Смирницкий, Ю.С.Степанов т.б.). Сөзжасам мен фразеология теориясынын қалыптасуында Кеңестік тіл білімі жетекші рөл аткарды (В.В.Виноградов, Е.А.Земская, Г.О.Винокур т.б.).
Грамматика теориясы морфологиялык,синтаксистік категорияларды функционалды-семантикалық мәнділігіне карай жүйелеп зерттеуге негізделді. Әр түрлі тілдердін функционалды грамматикасын жасау келешегі бар бағыттардын бірі болып есептелді. Синтаксистік зерттеулердегі негізгі мәселе—сөйлем мен сөз тіркесі болды. Сөйлем мүшелерін өзектілігіне қарап талдау принциптері, стилистика және мәтін теориясы дамытылды. Морфология саласында сөздін морфологиялық кұрылымын, грамматикалык категориялардын мәнін, сөзтантарындағы сәзтүрлендіргіш парадигмалардын кұрылымын т.б. зерітеу тілдердін типологиялык ерекшеліктеріне байланысты
88 ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың І жартысындағы қазақ лингвистикасы
Достарыңызбен бөлісу: |