Жалпы грамматикалық мағына- сөйлемдегі сөз атаулының құрамында үнемі болатын, басқа грамматикалық мағыналармен бірге жарыса, қабаттаса жүретін, қолданылу аясы кең мағына.
Грамматикалық мағынаның берілу жолдары:
І. Қосымша арқылы грамматикалық мағынаның берілуі;
ІІ. Көмекші бірліктер арқылы грамматикалық мағынаның берілуі
49. Семантикалық теориялар туралы ғылыми пайымдаулар
Жалпы семантика— американдық философия мен социологиядағы тілдің ойға, сол арқылы адамның мінез-құлқына тигізетін әсерін зерттейтін бағыт. Оның негізін 20 ғ. 30 жж. А. Кожибский салған. Жалпы семантика философия, психология, социология, лингвистика идеяларын формалды түрде біріктіріп, тіл мен коғам тарихын, тіл мен ойдың қарым-қатынасын идеалистік тұрғыда түсіндіреді, соматикалық, психологиялық ауытқулардың, әлеуметтік ауыртпалықтардың себебі тіл құрылымында жатыр деп қарайды. Казіргі тілдер қолданушыларға әр түрлі жолмен әсер етіп, көптеген қиындықтар туғызады, оны тек "жақсы" тіл жасау арқылы жоюға болады дейді. Жалпы семантиканың бұл идеясы Сепир — Уорф болжамына жақын.
Достарыңызбен бөлісу: |