Тіл дамыту емтихан жауаптары "Тіл" ұғымы. Сөйлеу түрлері Сөйлеу формалары



бет12/72
Дата14.10.2022
өлшемі0,59 Mb.
#152984
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   72
Байланысты:
Тіл дамыту. емтихан жауаптары

16.Байланыстырып сөйлеу ұғымы
Бастауыш сыныпта оқушылар сөйлеу, сөйлем, сөз дыбыс және олардың шартты белгілерімен танысады. Дауысты, дауыссыз дыбысқа байланысты грамматикалық материалдар талдау әдісімен беріледі. Тіл дамытудың төрт міндеті жүзеге асырылады.
-сөздік қорын дамыту;
-байланыстырып сөйлеуге үйрету;
-грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге үйрету;
-сөйлеу мәдениетін қалыптастыру
Байланыстырып сөйлеу – тек қана сөйлемдердің тізбегі емес, ол сөйлемдердің бір – бірімен тиянақты, белгілі бір ретпен, кезектілікпен, мазмұны жинақы құрастырылған сөйлемдердің жүйесі. Бірақ, өз ана тілін білген адам, тек сөйлеп қана қоймайды, ол өз ойын байланыстырып сөйлеу тілі арқылы жеткізе біледі.
Кез келген адамзат баласы өзін қоршаған өзге адамдармен қарым-қатынас жасайды. Ал, қарым-қатынас тіл арқылы, сөз арқылы жүзеге асады. Мектеп жасына дейінгі кішкене балалар сөйлеуді ата-анасының, туған-туыстарының және тәрбиешісінің көмегімен сонымен қатар құрбыларымен тілдесу арқылы үйренеді. Міне, осы кездерде баланы дұрыс дыбыстауға, сөйлемді дұрыс құрастыруға, яғни, дұрыс байланыстырып сөйлеуге үйрету керек. Ал, байланыстырып сөйлеу дегеніміз айтылған сөздерді игеріп – оның компоненттерін – сөйлемдерді, сөздерді бір бірімен дұрыс байланыстырып сөйлеуді айтамыз, яғни, бұл қатесіз дұрыс сөйлей білу. Балалар, ересектердің байланыстыра айтылған сөздерін түсінуден, естілген дыбыс ағынын ұғудан бұрын жекелеген сөйлемдердің сөз тіркестерін, сөздерді, морфермаларды үйренеді, яғни оларды айтылып жатқан әңгіме ағынынан бөліп ұғынады.
байланыстырып сөйлеу тілінің мынадай түрлері қолданылады: сұрақтарға толық, кең көлемді жауап беру, оқылған ертегі, мәтінді қысқаша шолып айту, суреттерге қарап өз тәжірибе негізіне сүйене отырып сөйлем құрастыру, бақылаудағы объектіні суреттеу.

Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудің 2 түрі бар ДИАЛОГ МОНОЛОГ


ДИАЛОГ Екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы әңгімелесуді диалог деп атайды. Мұндай әңгімелесудің мақсаты бір нәрсе жайында сұрап, соған жауап алу. Байланыстырып сөйлеудің бұл түрін үйретуде алдын-ала әзірленген әңгімелесу әдісін қолданады. Алдын ала әзірленген әңгімелесудің міндеті балаларды өз ойын жеткізе білуіге тәрбиелеу және әңгіме айтушыны тыңдай білуге үйрету.
Диалог екі тұрғыда құрылады
Сұрау
Баяндау
Сұрау тәсілі арқылы жүзеге асатын диалог Мысалы: -Балам бүгін баға алдың ба? - Ия,әже алдым. -Күнделігіңде неше бестік бар? -Міне, әже көріңіз бестіктерімді.
Баяндау арқылы жүзеге асатын диалог Мысалы: Өздеріне қарсы жүргіріп келе жатқан итті көрген Айсұлу, Арманға: - Ит! – деп айғай салды. - Қаш! – деп айғайлады Арман да.

МОНОЛОГ Монолог бұл мүлде реплика емес, қоршаған ортаға әдейі әсер ету болып саналатын ойды жеңілдетіп сөздік формаға келтірілген жүйе.Монолог күнделікті өмірде кездесе бермейді, өйткені ол кітаби стиль. Монологтың өзі әр түрлі болып келеді. Олар суреттеу монологы, баяндау монологы, сонымен қатар пікір айту монологы.


СУРЕТТЕУ МОНОЛОГЫ – бір мезгілде болатын фактілер туралы айту БАЯНДАУ МОНОЛОГЫ- бірінің соңынан бірі келетін фактілер туралы айту. ПІКІР АЙТУ МОНОЛОГЫ- себеп-салдарлық қатынаста болатын фактілер туралы айту. Оқушыларда сөйлеу қажеттілігін туындату. Бұндағы ең басты маңызды фактор,түрткі – қызығушылық. Балалардың игеріліп жатқан материалға қызығушылығы. Басқа сөзбен айтқанда заттар мен құбылыстарды қабылдау баланың тек интеллектуалды ғана емес, эмоционалды сферасын да қамту қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет