Тіл дамыту емтихан жауаптары "Тіл" ұғымы. Сөйлеу түрлері Сөйлеу формалары


Фальклор мен балалар әдебиетінің туындыларын пайдалану



бет11/72
Дата14.10.2022
өлшемі0,59 Mb.
#152984
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   72
Байланысты:
Тіл дамыту. емтихан жауаптары

15. Фальклор мен балалар әдебиетінің туындыларын пайдалану
Әдебиет–тәрбие құралы. Фольклор — халық шығармашылығы, яғни аңыздарқиссалар, ертектер, мақал мәтелдержұмбақтаржаңылтпаштар және т.б. Ғалымдардың «фольклор» ұғымдарына байланысты айтылған пікірлерін саралай келіп атадан балаға мирас болып жеткен, көркем сөз, сахна өнері: əн, күй, би, қолданбалы өнер, халық ойындары, тұрмыс-салт жырлары олардың ерекшеліктерін фольклор ұғымына жатқызамыз. Сондықтан да «ауыз əдебиет» деген ұғымнан гөрі ауқымы кең «фольклор» терминін қолдану ғылымда нақтырақ секілді. Балалар фольклоры дегеніміз-  ол мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшелігіне сəйкес, балалардың өзіндік қиял-армандарын, талаптарын, ой- пікірлерін, айналадағы құбылысты эстетикалық тұрғыдан қабылдау, сезіну мүмкіндіктерін қалыптастыратын халқымыздың ғасырлар бойы жинаған асыл мұрасы болып табылады. Атақты ғалым А.Байтұрсынов мəдени мұрамыздың құнды қазыналарын бір жүйеге келтіріп ғылыми тұрғыда негіздеген. Оның ертегілері, мақал- мəтелдері, өсиет сөздері, қисса- дастандары бүгінгі жас өспірімдерді педагогика негізінде тəрбиелеуде аса құнды. А.Байтұрсынов өз еңбектерінде«өтірік өлең», «жұмбақ», «жаңылтпаш»,«тақпақ», «бесік жыры» тəрізді жанрларының мəнін түсіндіріп, эстетикалық тəрбие саласына да ерекше тоқталды.
Бесік жыры, тұсау кесу жыры, санамақ, жаңылтпаш, жұмбақ, мазақтама, тақпақ, жырлар мен ертегілер, аңыз әңгімелер бәрі де тілді, ойды дамытып, тәлім-тәрбие беріп, дүние танытатын этнопедагогикалық ғаламат туындылар. Бұл – халық педагогикасының үлкен бір саласы. Жалпы педагогика ғылымының негізі халық педагогикасында жатыр. Халық педагогикасының бұл саласын этнопедагогиканың және жалпы педагогиканың барлық салаларында ғылыми, іс-әрекеттік негізде пайдалануға болады. Ал, халықтың мақалмәтелдері педагогикамен қатар, философиялық дәрістердің түсініктемелеріне арқау бола алады. Ш.Ахметов «балалар фольклоры» терминін ӛз еңбегінде алғаш қолданып, түсініктеме береді. Қазақ балалар фольклорын саралап жіктейтін болсақ, олардың ішінде кейбір жанрлардың үлкендерге де, балаларға да ортақ екендігін кӛреміз. Олар: ертегілер, жұмбақтар, өтірік өлеңдер, төрт түлік жырлары т.б. Алайда осы Репозиторий КарГУ жанрларға жататын көркем шығармалардың мазмұны, түр-сипаты, ішкі табиғаты бірдей емес. Олардың ішінде балалар айтатын, ӛздеріне ғана лайықты ӛлең-жырлар бар. Мысалы: Қой баласы – қоңырым, Қойдан жуас момыным, Шопан ата түлігі – Қошақаным, қайдасың? Пұшайт, пұшайт! Тӛлді қалай шақыру, малдың баласын сүюі, бӛбектің тӛрт түлікке айтқан тілегі, қой мен ешкінің айтысы, сондай-ақ шешілуі оңай, құрылысы қарапайым жұмбақтар, ұғымға жеңіл ӛтірік ӛлеңдер, бұлардың қай-қайсысы да балалар репертуарында молынан сақталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет