Сөйлеу формалары Тіл — белгілі бір ұғымды немесе затты, түсінікті белгілейтін және дыбыстауы бар ортақ қабылданған таңбалар жүйесі. Тілдің атқаратын міндеттері тілдін адамзат коғамындағы рөлімен және тіл бірліктерінін бір тобынын екінші бір тобына бағыныштылығымен, оған сәйкесіп отыруымен (мысалы, аффикстер мен түбір сөздердін ара катынасында) аныкталады.
Тілдін коммуникативтік кызметі, ягни, "адам коғамынын аса манызды куралы" болуы және
когнитивтік кызметі, яғни "ойлаудынтікелей шындығын" білдіруі - тілдін функцияларынын екі негізгі базасы болып табылады.
Бүған сезім мен эмоцияны білдіруші күрал ретінде тілдің эмоционалдык кызметін және тілдін өзін зерттеу объектісі ететін метатілдік кызметін косуға болады.
Сөйлеу түрлері Пікірлесудің қандай түрлері болса да, сөйлеу формалары арқылы жүзеге асып отырады. Пікір алысудың нактылы мақсаты мен жеке жағдайларына қарай сөйлеу түрлі ерекшеліктермен көрінеді. Осы айтылғандар тұрғысынан сөйлеу бірнеше түрлерге белінеді. Алдымен сыртқы және ішкі сөйлеу болып үлкен екі топка жіктеледі.
Сыртқы сөйлеу ауызша (бүл тілдің ең көп және кең тараған түрі) және жазбаша сөйлеу болын, ал ауызша сөйлеудің өзі диалог және монолог.
Ауызша сөйлеу — сөйлеудің негізгі түрі болғандықтан оның қалған түрлері де соның төңірегіне құрылады. Мәселен, жазу сөзіндегі әріптер ауызша сөздің түрлі дыбыстарын белгілейді. Былайша айтқанда, жазу сөзі ауызекі сөздің қағаздағы таңбасы, оның ерекше бір варианты. Ауызша сөйлеудің негізгі бір түрі — диалогтық сөййлеу. Диалогтық, сөйлеу дегеніміз екі немесе бірнеше адамның тілдесуі.
Монологтық сөйлеу дегеніміз бір адамның сөзі, яғни баяндамашының, лектордың сөздері. Монолог сөзге тән кейбір психологиялық ерекшеліктері төмендегідей:
Монолог сөз үнемі белгілі жоспарға сәйкес құрылады, бұл алдын-ала даярлықты тілейді;
Монолог сөздерге логикалық жағынан қатаң талаптар қойылады (мәселен, баяндамашы мен лектор сөзінің мағыналылығы мен түсініктілігіне ерекше көңіл бөледі);
Монолог сөз мәнерлі, адамға әсер ететін моменттерді (сөзді сазына келтіріп айту) көбірек қажет етеді.
Диалог және монолог сөздер көбінесе беттің мимикасының өзгеруімен, ымдау сипатындағы түрлі қозғалыстармен қосарланып отырады. Орынды ымдар біздің сезімімізді мәнерлі етумен қатар, оның өзімізге де, жұртқа да түсінікті болуына жағдай туғызады. Бірақ, осындай ым-ишаралардың дербес күйінде аса үлкен маңызы жоқ. Адам мұны көмекші құрал ретінде ғана пайдаланады.