Тіл дамыту емтихан жауаптары "Тіл" ұғымы. Сөйлеу түрлері Сөйлеу формалары



бет2/72
Дата14.10.2022
өлшемі0,59 Mb.
#152984
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72
Байланысты:
Тіл дамыту. емтихан жауаптары

Сөйлеу тілінің формалары:
Жарыссөз – баяндама, хабарлама, т.б. тақырыптар бойынша талқыланған мәселе төңірегінде пікір алмасу.
Дәріс/лекция – көпшілік қауым алдында белгілі бір тақырып бойынша сөз сөйлеу.
Әңгімелесу –орын алған оқиғаны, хабарды, мәліметті баяндап жеткізу.
Баяндама – белгілі бір тақырып бойынша тыңдармандар назарына мәлімет ұсыну.
Кеңес /консультация – білікті маман даярлаған мәтін.
2. Тіл және психикалық дамудың өзара байланысы
Тіл – әлеуметтік, ал сөйлесім – жеке-дара құбылыс. Тіл – тұрақты және ұзақ өмір сүретін процесс, ал сөйлеу – тұрақсыз және жиі өзгеріп отырады. Тіл – адамның миымен, санасымен бірге өзі қалыптасатын процесс, ал сөйлеу – әркімнің өзі дамытып отыратын процесі. Тіл – адамның қарым-қатынасында бәріне ортақ, ал сөйлеуде автордың өз қолтаңбасы болады. Тіл – психикалық құбылыс, ал сөйлеу – психо-физикалық құбылыс. Сөйлеу – адамның тіл амалдарын пайдалану арқылы пікір, ой білдіру әрекеті. Сөйлеу – анатомиялық мүшелердің қатысуымен іске асқанымен, негізінен, кісінің психикалық қабілетіне, қоғамдық тәжірибесіне сүйенеді.Тілдің жүйелік қасиеті оны меңгере білуге және қатынас құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Баланың жасына қарай дамуы мынадай сатылардан өтеді: сәбилік шақ, ерте балалық шақ, мектепке дейінгі шақ, бастауыш мектеп жасы, жеткіншектік шақ, бозбалалық шақ, есею.
Бала организмі жасына қарай дамуыдың әрбір сатысында белгілі бір дене өлшемімен және құрылысы мен әрі белгілі бір психикалық мүмкіндіктерінмен ерекшеленеді.
Психиканың бір жастық сатыдан екінші сатыға дамуы танымдық процестердің, сөйлеудің сондай – ақ сезімталдық еріктік сфераның жетілуін көрсетеді. Тілді дер кезінде және сапалы менгеру балада дұрыс психиканың қалыптасуының және оның кейін жақсы дамуының алғашқы аса маңызды шарты болып табылады. Дер кезі дегеніміз бала дүниеге келген алғашқы күннен бастау, сапалы дегеніміз тілдік материал көлемінің жеткілікті болуы және баланың әрбір жас кезеңіне қарай тілді меңгеруге деген мүмкіндіктерін толық пайдалану.
Алғашқы жас сатысында баланың тілін дамытуға назар аудару маңызды, өйткені осы кезде баланың миы жедел өсіп, оның қызметі қалыптасады. Орталық нерв жүйесінің қызметі оның табиғи қалыптасуы кезеңінде жаттықтыруға оңай бейімделетіндігі физиологтарға белгілі. Жаттықтырусыз бұл қызметінің тіл дамуы тежеліп, тіпті мәңгі тоқтап та қалады.
Егер тәрбиеші баланың табиғи сөйлеуі неғұрлым қарқынды болатын жағдай жасаса, онда баланың тілі неғұрлым тезірек байиды және оның психнкасы жан-жақты дамиды. Лингвзистикалық-дидактикалық принциптерге құрылған тіл үйретудің түрлі әдістерін қолдану тілді дамытуды жеделдетудің негізгі шарты болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет