12. Балалар сөйлеуінің дыбыстық экспрессивтілігін қалыптастыру.
Сөз атаулының бейнелілігі үнемі бір деңгейде болмайды, бейнелілік бір-біріне ұқсас та болмайды. Барлық көркемдік атау-лы бір-бірінен айнымайтындай ұқсас болса, көркемдік деген ұғым болмас еді, оны зерттеудің қажеттілігі туындамас еді. Ал қажеттілікті тудыратын проза мен поэзия көркемдігі, бейнелілігі, оларды жеткізуші, сипаттаушы тілдік құралдардың, түрлі грамматикалық категориялардың және лексикалық бірліктердің сан алуандығы, бір-бірінен айырым белгілерінің айқын байқалып тұруы. Бейнеліліктің деңгейі әр жазушыда әр түрлі болатындығы өз алдына, бір жазушының шығармаларының өзінде әр қилы түрде кездеседі».
Қоғамда адамдардың бір-біріне қарым-қатынасы кезінде эмоционалды лекси-ка бірден-бір маңызды құралдардың біріне жатады.
Тіл біліміндегі эмоционалды сөздер деп аталатын сөздер тобы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы кезінде ерекше қолданысқа ие болады. Сол себептен олар ауызекі сөйлеу тілі мен көркем әдеби шығармалар тілінде көрініс табады.
Эмотив сөздер мен экспрессив сөз-дердің ортақ және айырым белгілері бар. Нақтырақ айтқанда, олардың ортақ белгі-лері ретінде, эмотивтің де, экспрессивтің де негізінде эмоция жатады. Ал айырым белгілері ретінде, біріншіден, олардың білдіретін мағынасынан көрінеді: эмотив сөздер еліктіру, толқытуды берсе, экспрес-сив сөздерде көркемдік, мәнерлілік болады. Екіншіден, тілдік деңгейі: эмотив сөздер сезімді, эмоцияны білдіретін тіл элементі болса, экспрессив сөздер тіл бірліктерінің семантикалық-стилистикалық белгілерінің жинақталған түрі болады. Үшіншіден, тілдік қызметі: эмотив сөздер қоршаған ақиқат болмысқа деген адамның әртүрлі көңіл-күйін, сезімін, әсерін білдіреді, экс-прессив сөздер сөйлеп тұрған адамның сөз мазмұнына немесе ол сөз арналған адамға деген өзіндік көзқарасы мен қатынасын тілдің көркемдегіш құралдары арқылы бейнелейді. Төртіншіден, тілдік құралдары: эмотивтілік эмоциялық өң берілген лексика арқылы, ал экспрессивтілік тілдің барлық категориялары арқылы білдіріледі.
Қазіргі қазақ тіл біліміндегі эмоцио-налды лексика эмоционалды және экспрес-сивті болып екіге бөлінетіні белгілі.
Эмоция сөзі француз тілінің emotion; латын тілінің emovere – қыздыру, толқыту сөзінен шыққан. Эмоционалды сөздер дегеніміз – сезім негізінде шыққан эмоция-лар. Эмоционалды сөздер адамның сезім өрісінің бай екендігін дәләлдейді.
Экспрессия адамның сөйлеу кезінде ғана емес, сонымен бірге ым, дене, бет қимылдары, жұмыс кезіндегі адамның барлық мінезінде пайда болады. Тілде экспрессивті элементтер мен эмоционалды элементтерді айыру, олардың өзара байланысына қарамай, функционалдылық мақсатының бөлек болуымен түсіндіріледі. Эмоционалдылық ой және ерік бір қатарда тұрады және олардың тілде қолданылу тәсілдері бар. Экспрессия, экспрессивтілік ойдың және еріктің пайда болуындағы сияқты эмоционалды болып қабылдануы мүмкін. Тіл білімі сөздігінде «Эмоционал-дық – (лат. Emovere – еліктіру, толқыту) фр. emation – қоршаған болмысқа деген адамның әртүрлі көңіл-күйі, сезімі, грамматика, әсері.
Эмоциялық өң берілген лексика ұна-ту мен ұялту, үрей мен қуаныш, масаттану мен жек көру, қорқыныш пен батылдық, сенім мен сенімсіздік, қайғы, уайым, зарығу т.б. көптеген мағыналардың қолда-нылуы. Экспрессивтілік (лат. Expressio – выражение, мәнерлілік) ағыл. Expressivity expressivite expressivitat (мәнерлілік), яғни тіл единицаларының семантикалық-стилис-тикалық белгілерінің жинақталған түрі. Ол сөйлеп тұрған адамның сөз мазмұнына немесе сол сөз арналған адамға (адресатқа) деген өзіндік көзқарасы мен қатынасын көрсететін тілдік құрал ретінде қолданы-лады. Оның фонетикалық, морфологиялық, лексикалық, синтаксистік құралдары бар. Осы құралдар арқылы сөз сөйлеушінің психикалық, эмоционалдық күйін көрсете алатын қабілетке ие болады. Экспрессив-тілік айтылған сөзді эмоционалдық (сезім-дік) айшықты (аффекті) сөз ретінде жеткі-зеді. Экспрессивтілік құралдарын фоне-тика, лексикология, стилис-тика және семантика зерттейді. Бұл сөздіктегі келтірілген екі анықта-мадан мынадай нәрселерді байқауға бола-ды. Біріншіден, эмоционалдылық пен эксп-рессивтілік – бейнелі сөздердің бір деңгей-інде тұрған тілдік категориялар. Екіншіден, олар өзара байланысты, сондай-ақ жеке өздеріне ғана тән айырым белгілері де бар.
Достарыңызбен бөлісу: |