Тіл дамыту емтихан жауаптары "Тіл" ұғымы. Сөйлеу түрлері Сөйлеу формалары


Сауаттылыққа оқыту сабақтарындағы сөйлеу жаттығулары



бет60/72
Дата14.10.2022
өлшемі0,59 Mb.
#152984
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   72
Байланысты:
Тіл дамыту. емтихан жауаптары

77. Сауаттылыққа оқыту сабақтарындағы сөйлеу жаттығулары
Сауаттылыққа үйрету – бастауыш білім беру үдерісінде оқушыларға ана тілінің байлығын меңгертудің алғашқы сатысы. Сауат ашу, қазақ тілінің дыбыстық, лексикалық жүйесі мен грамматикалық құрылымын меңгеру үдерісі. Сауаттылыққа үйретудің басты мақсаты – оқу және жазу дағдылары қалыптасқан, алғашқы тілдік мағлұматтарды, сөйлеу әрекетінің түрлерін меңгерген, байланыстырып сөйлей алатын; ана тілін сүйетін, адамгершілік, Отансүйгішік сезімдері қалыптасқан, шығармашылыққа бейім жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау. Баланың «мектеп есігін ашқан кезеңінде» оның қолына қалам ұстатып, сауатын ашудың ең күрделі әрі жауапты жұмыс екені белгілі. Ал осы жастағы оқушылардың тілін дамыту мәселесінің одан да маңызды жұмыс екендігі талас туғызбаса керек. Сауат ашу мектептерде белгілі бір жүйемен жүргізу қажеттілігіне, балалардың ойын ауызша, жазбаша білдіруге үйретудің маңыздылығына ағарту ісінің көптеген қайраткерлері аса мән берген.Сауат ашу жұмысының теориялық және практикалық мәселелерін атақты әдіскерлер өз зерттеу еңбектерінің арқауы етті. Орфографиялық норма қалыптастыруда бағдарламада үздіксіз орындалатын тәжірибелік жұмыстың негізгі түрі – диктант. Диктант термині кейбір әдістемелік еңбектерде жатжазу түрінде қолданылады. Диктант оқушылардың жазбаша сауаттылығын қалыптастыру үшін қолданылады. Оқушылардың сөйлеу тілін дамытуда тілдік жаттығулардың төмендегідей түрлері анықталды: орфографиялық жаттығулар, орфоэпиялық жаттығулар, грамматикалық жаттығулар, трансформациялық жаттығулар. Мұнда орфографиялық заңдылықтарды меңгерту, сөздерден сөз тіркестерін жасауға үйрету, орфографиялық нормаға сәйкес дұрыс жаза білуге дағдыландыру мәселелері қарастырылады. Оқушылар мәтіндегі сөздердің орфографиялық норма бойынша жазылуын меңгеруіне септігін тигізеді. Орфографиялық қысқаша сөздікпен жұмыс жүргізіп, сауатты, қатесіз жазуға бағыттайды. Оқушыларды көптік жалғауларды, болымсыз етістіктің жұрнақтарын дыбыс үндестігі заңдылығы бойынша жалғай білуге дағдыландырады. Оқушыларда орфографиялық дағды қалыптасып, тілдік нормаға сәйкес сөйлесім әрекетінің дұрыс болуын қалыптастырады. Сауат ашу процесінде жаттықтыру әдісі ерекше орын алады.Тілдік материалдардың теориялық негіздері мен заңдарын, ережелері мен анықтамаларын игертіп қана қоймай, сонымен бірге оқушылардың алған теориялық білімдерін тәжірибеде қолдануға жаттығады. Мәтінді қатесіз көшіріп жазу, мәтінді толықтыру, көрнекіліктерге негізделген тапсырмаларды орындау сияқты жұмыс түрлері жүргізіледі. Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқушылардың ауызша және жазбаша тілі дамытылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет