4. Баған түрінде есепте. 3 м 7 см - 93 см = □ м □ см
7 м - 43 см = □ м □ см
2 кг 5 г - 250 г = □ кг □ г
1 сағ 12 мин - 45 мин = □ мин
ІІ нұсқа 1. Мысалдарды есепте: 326 · 2 35 · 6 716 : 2 921 : 3
2. Есептің шешуін өрнек түрінде жаз. Фотоальбомның 8 бетінің әрқайсысына теңдей 24 фотосурет жапсырылған. Фотоальбомның осындай 12 бетінде неше фотосурет бар?
3. Теңдеуді шеш: 56 · 8 + х= 723 96 : х = 36 - 28
4. Баған түрінде есепте. 4 м 5 см - 68 см = □ м □ см
7 м - 43 см = □ м □ см
3 кг 8 г - 1 кг 250 г = □ кг □ г
1 сағ 24 мин - 58 мин = □ мин
№2 І тоқсандық бақылау жұмысы:
1.Бақылау тапсырмалардың тағайындалуы. Бақылау жұмысының негiзгi мақсаты 4-сыныптың І тоқсан бойынша математика пәнінен мемлекеттік жалпыға міндетті стандартынасәйкес білім, білік және дағдылардың меңгеру деңгейінің нақты бағасы болып табылады.
2. Құжаттар, бақылау тапсырманың мазмұнын айқындаушы. 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген Оқу бағдарламасы.
3.Бақылау жұмыстың құрылымы және жоспары. 4-сыныптың І тоқсан бойынша математика пәнінен білім, білік және дағдыларының өлшеуіші болып бақылау тапсырмалары қолданылады. Бақылау жұмысы 5 тапсырмадан құрылған. Бақылау жұмыстарының тапсырмалары күрделену сатысы бойынша орналасқан.
Бақылау жұмыстың құрылымы:
- «Жылдамдық , уақыт, қашықтық» тақырыбы бойынша уақыты және жылдамдығы бойынша қашықтықты таба білу;
-«Көп таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту және бөлу» тақырыбы бойынша көптаңбалы санды бір таңбалы санға ауызша, жазбаша есептей алу;
-«Көптаңбалы сандарды нөмірлеу, есептеу, шамалар» тақырыбы бойынша күрделі теңдеудің мәнін табу;
- «Арифметикалық амалдар» тақырыбы бойынша амалдарды орындалу тәртібі бойынша өрнектің мәнін дұрыс есептей алу;