Жылдық бақылау жұмысы
Критерийлер
|
Дескрипторлар
|
Ұпайлар
|
№ 1 – өрнектің мәнін табу (ең көп ұпай саны – 8)
|
Өрнектердің мәні дұрыс табылған
|
1 ұпайдан әр өрнек үшін(6)
|
Амалдардың орындалу реті сақталған
|
1 ұпайдан әр өрнек үшін(2)
|
№ 2 – өрнек құру және мәнін табу
(ең көп ұпай саны –4)
|
Өрнектер дұрыс құрылған
|
1 ұпай дұрыс құрылған әр өрнек үшін (2 ұп.)
|
Есептеу дұрыс жүргізілген
|
1 ұпай дұрыс құрылған әр өрнек үшін (2 ұп.)
|
№ 3 – есепті шығару
(ең көп ұпай саны – 6)
|
Шамаларды салыстыру дұрыс жүргізілген
|
1 ұпай дұрыс орындалған әр салыстыру үшін
(6 ұп.)
|
№ 4 – есеп шығару
(ең көп ұпай саны –7)
|
Есептің шарты дұрыс жазылған
|
2 ұпай
|
Есепті шешу жолы дұрыс таңдалған
|
1 ұпай
|
Есепті шешуде амалдар дұрыс орындалған
|
2 ұпай
|
Әр амалда нені тауып жатқаны дұрыс көрсетілген
|
1 ұпай
|
Есептің жауабы дұрыс жазылған
|
1 ұпай
|
№ 5 – теңдеу шешу (ең көп ұпай саны – 3)
|
Теңдеуді шешу алгоритмін біледі
|
1 ұпайәр теңдеуге
(1 ұп.)
|
Компонент дұрыс табылған
|
1 ұпай әр теңдеуге
(1 ұп.)
|
Есептеулер дұрыс жүргізілген
|
1 ұпай әр теңдеуге
(1 ұп.)
|
№ 6 –логикалық тапсырма
(ең көп ұпай саны – 4)
|
Тапсырма бойынша сызба дұрыс құрылған
|
3 ұпай
|
Жауабы дұрыс жазылған
|
1 ұпай
|
Бағалау критерийлері
«5» - 20-21 ұпай
«4» - 16-19 ұпай
«3» - 12-15 ұпай
4-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Пәндік нәтижелер. 4-сыныптың соңында оқушылар:
1)мәтінді есептің құрылымын;
2)өрнектердегі арифметикалық амалдарды орындау ретінің ережелерін;
3)арифметикалық амалдар компоненттерінің аталары;
4)қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін, қосу мен азайтуға байланысты көбейтудің үлестірімділік қасиетін;
5)сандарды еселік және айырымдылық салыстыру ережелерін;
6)арифметикалық амалдар белгісіз компоненттерін табу ережелерін;
7)шамалардың бірліктерінің белгілеулерін: 1 сағ, 1 см, 1 дм, 1 тг , 1 л, 1 кг, 1 м, 1 мин, 1 с, 1 тәул, 1 мм, 1 км, 1 мм2, 1 см2, 1 дм2, 1 м2, 1 мм3 ,1 см3,1 дм3, 1 м 3 , 1 г, 1 ц, 1 а, 1 км/сағ, 1 м /мин, 1 см / с және т.б.;
8)ұзындық, масса, уақыт, көлем бірліктерінің арасындағы байланыстарды;
9)тіктөртбұрыштың (шаршының) ауданы мен периметрін есептеу ережелерін, тіктөртбұрышты параллепипедтің (текшенің) көлемін;
10)шамалар (жылдамдық, арақашықтық (жүрілген жолдың ұзындығы), уақыт, өнімділік, жұмысқа жіберілген уақыт, атқарылған жұмыс; егіннің түсімділігі, ауданы және массасы) арасындағы тәуелділіктерді білуі қажет.
4-сыныптың соңында оқушыларда:
1)оқулықпен жұмыс жасау, оқулықта берілген суреттер мен сызбалардың, жаттығулар мен талаптардың мағынасын түсіне білу;
2)жаттығулардың орындалуының, есептермен теңдеулердің шығарылуының дұрыстығын тексеру;
3)математикалық белгілерді дұрыс қолдану;
4)талдау, салыстыру, жалпылауды қолдану;
5)миллион деңгейінде сандарды оқу, жазу және салыстыру;
6)натурал сандармен және нөл санымен арифметикалық амалдарды орындау, санның квадраты мен кубын есептеу;
7)калькулятордың көмегімен есептеу;
8)мәтінді есептерді шығару, оның ішінде арифметикалық тәсілмен (амалдап немесе өрнекті құру және оның мәнін табу арқылы шығару) және теңдеулер арқылы шығарылатын қозғалысқа, бірігіп атқарылатын жұмысқа, шамалар арасындағы тәуелділіктерге берілген есептерді шығару;
9)теңдеу мен теңсіздікті, өрнек пен теңдеуді ажырату;
10)өрнектің мәнін табуда ауыстырымдылық, терімділік және үлестірімділік қасиеттерін қолдану;
11)сандарды еселік және айырымдылық салыстыру (бір санның екінші саннан қанша есе артық, қаншаға артық болатынын табу) ережелерін қолдану;
12)өрнектің мәнін табуда арифметикалық амалдардың орындау ретінінің ережелерін қолдану;
97
13)арифметикалық амалдар белгісіз компоненттерін табу ережелері негізінде, таңдау тәсілімен, тура санды теңдіктердің қасиеттерін қолдану арқылы теңдеулерді шығару;
14)кесінді салу, кесінділер мен сынық сызықтарының ұзындықтарын өлшеу және салыстыру;
15)торкөз қағазға тіктөртбұрышты (шаршыны) салу;
16)циркуль және сызғыштың көмегімен кесіндіні қақ бөлу;
17)шеңберді дөңгелектен ажырату, бұрыштарды (тік, сүйір, доғал, жазыңқы) атау;
18)геометриялық фигураларды латын әріптерімен белгілеу және ол әріптерді дұрыс оқу біліктігі болуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |