1.Бақылау тапсырмалардың тағайындалуы. Бақылау жұмысының негiзгi мақсаты: 4-сыныптың 3-сынып бойынша игерген біліктілігін зерттеу, І тоқсан бойынша математика пәнінен мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім, білік және дағдыларды меңгеру деңгейінің нақты бағасы болып табылады.
2. Құжаттар, бақылау тапсырманың мазмұнын айқындаушы. 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген Оқу бағдарламасы.
3.Бақылау жұмыстың құрылымы және жоспары. 4-сыныптың 3-сыныпта игерген тақырыптар және І тоқсан бойынша математика пәнінен білім, білік және дағдыларының өлшеуіші болатын бақылау тапсырмалары қолданылады. Бақылау жұмысы 5 тапсырмадан құрылған. Бақылау жұмыстарының тапсырмалары жеңілден ауырға сатысы бойынша орналасқан.
Бақылау жұмыстың құрылымы: - «Арифметикалық амалдар» тақырыбы бойынша үштаңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту және бөлу амалын орындайды;
-«Теңдік, теңсіздік, өрнек, теңдеу» тақырыбы бойынша есептің шарты бойынша талдап, өрнек құрады және шешуін табады;
-«Теңдік, теңсіздік, өрнек, теңдеу»тақырыбы бойынша күрделі теңдеудің шешуін таба алады;
-«Шамалар, олардың өлшем бірліктері» тақырыбы бойынша санды өрнектерді баған бойынша есептеу біліктіліктері тексеріледі;
4. Бақылау жұмысты орындау уақыты. Бақылау жұмысты орындау уақыты - 40 минут.