- Бір нәрсенің,көбінесе адамның мінезін,құлқын,ғамалын екінші нәрсенің мысалында көрсетіп айту-бейнелеу болады.Қазақтың бернемен сөйлеп отыр дегені-осы бейнелеу.Бейнелеу бернелеумен екі арасы жақын.Бейнелеу де,бернелеу де екі ұқсас нәрсенің бірін бірінің орнына айтудан шығады.Бейнелеу ұлғайғанда,бернелеуге айналып кетеді.Мәселен,мынау түрі сөздер бейнелеуден ұлғайып,бернелеуге айналып кеткен:
Көгі жоқ,көгалы жоқ құрға шықтым. Тұқымын адамдықтың шаштым,ектім, Көңілін көгертуге құл халықтың. Әсерлеу (лептеу) - Әсерілеу деп сөздің әсерін күшейтіп сөйлеуді айтамыз.Әсерлеу көңіл күйінен шығып, көңілге күй түсіреді. Көңіл қалыпты тыныш күйінде тұрғандығы адамның аузынан шыққан сөзбен көңіл көтеріңкі я бәсең уақытта адам аузынан шыққан сөздің екі бірдей болмайды.
Арнау
Дамыту
Түйделектеу
Бүкпелектеу
Шендестіру
Қайталақтау
Түйдектеу - Әр сөзге көп ой сыйғыза сөйлеу-түйдектеу деп аталады.Түйдектеп сөйлегенде,сөздің әсері күштірек болады.Себебі сөйлем ішінде сөз аз болса,әр сөзге көбірек назар түсіп,ілтипатқа көбірек айналады.Көп нәрсеге адам назар салғанда,ілтипаты ыдырап,сирей түседі.Мәселен,топ адамды көргенде,назар топқа түсіп,бас-басына аз түседі.Сондықтан әрқайсысының түрін-түсін,киген киімін,мінген атын байқамай қаласың.Аз адамды көргенде,назар әрқайсысына көбірек түсіп,түр-түсін де,киген киім,мінген аттарың да байқап қаласың.Мысал:Бақ-ерікте,ерік-ерлік пен бірлікте,ерік-ұранымыз,бірлік-құранымыз болсын.
Шендестіру. - Екі нәрсе қатар яки қарама-қарсы келгенде,арасындағы айырым көзге көбірек түседі.Биік пен аласа,ұзын мен қысқа,шебер мен олақ,ғалым мен надан қатар келгенде,араларындағы айырмасын анық көреміз.Сөздің әсерін күшейту үшін табиғаттың бұл заңын сөз шығарушылар көп қолданады.Байдың аса байлығын анық көрсету үшін елін кедей қылып көрсетеді.Мысалы, “Қан мен тер” (Ә.Нұрпейісов), “Соғыс және бейбітшілік” (Л.Толстой), “Қызыл мен қара” (Стендаль”) т.б. шығармалардың аты шендестіру арқылы тура немесе жанама болса да оның мәнін ашуға қызмет етіп тұр.“Қатыны семіз, ері арық, Иесі семіз, аты арық, Тұз жұтынан сақтасын (Мақал).
Достарыңызбен бөлісу: |