Бір нерсені көптен айырып, көзге көбірек түсерлік етіп айтқымыз келгенде, ол нерсенің атына айқын көрсеткендей сөз қосып айтамыз. Мәселен, «Қара Мұкан», «Сары Мұқан», «Болыс Мұкан» дейміз. Мұнда Мұқандардың бірінен-бірін айырып, әркайсысьн айқын шығару үшін, Мұқан деген сөзге басқа сөздер қосып отырмыз. Мұнан басқа көркейту мақсатпен айқындау бар. Мәселен,«қызыл тіл», «Алтай түлкі», «Ақ сұнқар» деген сияқты. Бұлай айқындау басында айыру мақсатпен айтылса да, соңынан көркейту мақсатпен айтуға айналған. Сондықтан айқындаудың бұл түрі көркейту деп айтылады. Көркейту я жалпы сипатты жалғыз нәрсеге теліп айтқанда, я нерседе болмайтын сипатты болатындай етіп айтумен болады
Меңзеу
Көріктеу нәрсені айыра көрсетіп, айқын шығаруға жасаған мен, нәрсенің бейнесін сүгіреттеп көрсетуге күші жетпейді. Ондай орында белгісіздік сипатты белгілі сипатқа, белгісіздеу нәрсені белгілі нәрсеге теңеп, көрнектеп, ашығырақ көрсетеді. Мысалы;
Арасында жақындығы бар екі нәрсенің атын ауыстырып,бірінің орнына бірін айту төмендегі түрі болса, ондай ауысу алмастырудеп аталады.
Мысалдар:
1. «Анау үйдің құдасы келіп жатыр» дейміз. Құда үйдікі емес,ол үйдегі адамдікі, үй мен үй иесінің арасы жақындығынан бірініңорнына бірін айтамыз.
2. «Ауыл ұйқыда жатыр» дейміз. Ауыл ұйықтамайды,ауылдың адамы ұйықтайды. Ауыл мен ауылдағы адам екеуініңарасында жақындық барлығынан адамның орнына ауылын айтамыз.
4. «Ет берілді ме?» дегеннің орнына, «Табақ тартылды ма?»дейміз. Яғни тамағын табағына алмастырып айтамыз. Со сияқты «Неше аяқ іштің?», «Неше кесе іштің?», «Неше шелек құй-дың?» дейміз. (Қымыз орнына аяғын, шай орнына кесесін, суорнына шелегін алмастырып айтамыз).
5. Үстіне кигені кілең жібек, якілең былғары дейміз. (Киім орнына жасалған нәрсесін айтамыз). Ақсұлу мен Кеншібайдың айтысқан өлеңінде Кеншібайдың сөзінде бұлай дегенжері бар:Жаппастың сап-сары алтын жиған мүлкі,Мейман дос, келсе қонак, барша жүрты.Шығады қыз-бозбала серуенге,Үстіне масаты мен киіп құлпы.Мұнда алтыннан істелген бұйымдардың орнына бұйымдардың істеген затын - алтынды айтып отыр, масаты мен құлпыдан істелген киім орнына киімдердің істелген заты - масаты менқұлпының өздерін алып отыр.