«ТІл-мәдениет-қоғам» үштігіндегі әйел концептінің тілдік сипаты



Pdf көрінісі
бет12/16
Дата05.09.2023
өлшемі0,8 Mb.
#180280
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
4. С. Қ. ИманбердиеваПЕ тур

Нәтижелер.
Сонымен, жеке адамның тiлдiк құрамында сөз қоры, тезаурус және 
прагматикон бар. Әр прецеденттi есімдерде көрсетiлген эмоционалды – бағалаудан 
басқа сөйлеушiнiң дискурста оларды қолданылуы жеке адамның шығармашылық 
әлеуеттік көрсеткiшi. Прецеденттi есімдерді ескерткіштерде қолдануы тағы бiр 
шығармашылық 
акциясының 
белгiсi, 
яғни 
бұл 
күнделiктi, 
үйреншiктi, 


С. Қ. Иманбердиева
 
 
46 
№ 3/2022
ВЕСТНИК Евразийского гуманитарного института.
BULLETIN of the Eurasian Humanities Institute.
қарапайымдылық шегiнен шығу деген сөз. 
Прецедентті бірліктер прагматикалық факторлармен өзара байланысқан 
семантикалық деривацияның нәтижесі болып келеді, олар кеңінен алғанда 
прецеденттердің лингвокогнитивті белгілері. Бұрын тілде көрініс тапқан және жаңа 
констелляцияда тілдік қолданыс үшін үлгі, негіз (мағыналық және құрылымдық 
элементі) болатын тілдік бірліктерден қалыптасқан бірліктер.
Аталымдық жүйені құрай отырып, прецедентті бірліктер бірегей ұғымдық-белгі, 
когнитивті-мазмұндық модель 

прецедентема арқылы құрылған күрделі тұтастыққа 
бірігетін әртүрлі формалды, грамматикалық, лексикалық және прагматикалық тіл 
құралдарының жиынтығын білдіреді. Прецедентеманы әр деңгейлі лингвоменталды 
құнды бірліктер, прецедентті мағынаға ие ұғымдар, анықтап айтқанда, оқиға, зат, 
бейне, оның сапасы немесе қасиеті туралы фактативті білім іске асырады. Мұндай 
аталымдық бірліктердің болмысын прецедентті мазмұн жасайды, олардың қызметі 
жалпыға белгілі немесе стандарттан тыс/ерекше когницияларды сақтау. 
Сонымен, прецедентті есімнің символ ретінде қолданысы прецедентті есімнің 
коммуникациядағы қызметін анықтайды. Прецедентті мәтінге немесе прецедентті 
жағдайға сілтеме жасауда прецедентті есім символ қызметін атқарады.
Ұлы жібек жолындағы жер-су атауларды этномәдени код ретінде қабылдауға 
болады. Сол заманның өзінде топонимдердің нысанды жекелеу, сол ынсан бойынша ақпарат 
беру басты басты қызметін атқарып келгендігін аңғарамыз. Сол кездегі атау жасаушы қоғам 
қазіргі тілдік тұлғаның қалыптасуына әсер еткен. Қазіргі қоғам мүшелері, яки тілді 
тұтынушы өкіл өздерінің санасында (танымы негізінде) топонимдерді қолданған кезде 
коммуникативтік-прагматикалық, нақтырақ айтқанда, талғамдық, аксиологиялық мақсатты 
көздейді. Нысан атауы арқылы айтқысы келген ойын дөп жеткізіп қоймай, тілді 
тұтынушыларға (бұрынғы не қазіргі болсын) эксплицит немесе имплицит ақпаратты 
тасымалдаған. Ұлы жібек жолындағы прецедентті топонимдерді халықтың атау тағу 
үдерісіндегі тарихи, географиялық реалийлерді айқындайтын белгілер арқылы қалыптасқан 
таным нәтижесі, лингвомәдени стандарты деуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет