І. Ритмдік және логоритмдік диагностика Бұл диагностика түрі логопед Т.А.Соловьева мен логоритм зерттеушісі И.В.Гюнтермен ойлап,құрастырылған.Ол үш бөлімнен тұрады:
Ми қыртыс астының итеративті жағдайын тексеру.Бұл зерттеу түрі әр баланың музыкалық ырғақты сезінуін тексеріп ,жағдайын бақылауға арналған.Бұл әдістеме барысы оқушыдан жаттығуларды орындауды талап етуден тұрады :
Қолды баяу,орташа,тезірек шапалақтау (20 рет шапалақтау:10рет шапалақтау-үзіліс – 10 рет шапалақтау.)
Берілген барабанның немесе басқа да құралдардың дыбысына темп бойынша қадам басу (20 рет қадам басу.)
Әуен ырғағы бойынша қолды жан-жаққа сермеу(15-20 рет.)
Егер бала осы жаттығуларды орындай алмаса немесе қателіктермен орындаса , демек , бұл балада итеративті-базистік ритм бұзылысы бар деген қорытынды жасалу керек.Міндетті түрде мұндай баланың биологиялық ырғағын тексеру керек.
Төменде баланың ырғағын тексеруге арналған №1 диагностикалық картаның көшірмесі берілген:
Диагностикалық карта №1