Жобаның нәтижесі: жобада тіл білімінің дамуы теориялар арқылы зерттеледі. Сондықтан, жоба арқылы тіл білімінің қалай пайда болғандығы жайлы мағлұматтар меңгеріледі. Тіл білімінің маңыздылығы анықталады.
Жоба кезеңдері: жоба үш кезеңнен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды. Негізгі бөлім теориялық және практикалық бөліктерден тұрады. Кіріспе бөлімінде тіл білімінің маңыздылығы мен өзектілігі анықталады. Ал, негізгі бөлімде тіл тарихына шолу жасау арқылы, түрлі ғалымдардың теорияларының тіл біліміне тигізген пайдасы мен тіл білімінің қалыптасуындағы орны анықталады. Қорытынды бөлімде негізгі тұжырымдар жиынтығы беріледі.