Timur Bektur : «Біздің замандастардың арасында за- манауи кітап жазуды бірінші боп қолға алдың, енді заманауи баспа ісін де қолға алып жатырсың. Алла Тағала берекетін берсін!» Shynggys Mukan



Pdf көрінісі
бет20/79
Дата11.05.2022
өлшемі1,57 Mb.
#142037
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   79
Байланысты:
Күміс кітап (1)

Бақытжан Бұқарбай,
16 қыркүйек, 2016 жыл.


[ 15 ]
ЕКІНШІ БАСЫЛЫМҒА АЛҒЫСӨЗ
«Күміс кітап» 2016 жылдың соңында шығып, үш 
айға жетер-жетпес уақыттың ішінде толық сатылып 
кетті. Құдайға шүкір, оқырманын тауып, өз өмірін бас-
тай алды. Автор кітапты жазса жазар, ал өмірді оған 
сыйлайтын оқырман екен. «Күміс кітаптың» шығуы 
қоғамда оң өзгерістердің туындауына жол ашты: 
1) оқырмандардың шақыруымен еліміздің бірқа-
тар қалаларында болып, кітап оқу маңызы жайында 
кездесулер өткіздім, әлі де өткізіп келемін. Осындай 
кездесулер еліміз бойынша көбейді;
2) жастар арасында кітап оқу үрдісі қалыптасып, 
жаңа деңгейге шықты. Ертең мені кім емдейді, бала-
ларыма кім тәрбие береді деген уайымым сәл де болса 
басылды;
3) жастар кітапты жарысып оқып, оқыған дүние-
лерін әлеуметтік желілердегі парақшаларына салып, 
достарымен бөлісіп жүр;
4) «Күміс кітабымды» оқыған жастар өз қаласында 
оқырмандар қауымдастығын құруды қолға алып жа-
тыр. Мысалы, қостанайлық оқырмандарым былай 
жазады: «Іздегенге – сұраған» дегендей, қолымызға 
дер кезінде түскен «Күміс кітаптың» теориялық 
мазмұнын практикада іске асыра бастадық. Өңірде 
жастар арасында Бақытжан Бұқарбай салған ізбен кі-
тап оқу мәдениетін қалыптастыруға бекіндік. Біздің 


[ 16 ]
Күміс кітап
мақсат – біреуге ақыл үйрету немесе өз ақиқатыңды 
өзгеге таңу емес, замандас жолдаспен жаңа жолды 
бірге жасау, болашақтың іргесін бірге қалау. Сөйтіп, 
дос-құрбының қолдауымен белгілі бір деңгейде ин-
теллектуал жастарды, ниеттес, мүдделес жандарды 
жинап, кітапханада бас қоса бастадық»;
5) мемлекеттік органдар кітап оқу трендін байқап, 
оны халық арасында насихаттауға көбірек назар ауда-
ра бастады;
6) бұл трендке танымал тұлғалар, кәсіпкерлер де 
ілесіп, кітап оқуды насихаттауды аузынан тастамай 
айтып жүр;
7) қазақтың жас авторлары кітап жазып, оны 
оқырманға ұсынудың заманауи жолдарын, жаңа фор-
матын таңдай бастады;
8) жалпы алғанда, авторлардың қазақ тілінде 
жазылған кітаптың оқылатынына көзі жетіп, ана 
тілімізде заманауи кітаптар көбірек шыға бастады.
Осының бәрі мені қатты қуантады. Шағын еңбе-
гімнің осындай нәтиже беретінін басында кім біліпті?
Оқырмандар әлі күнге дейін кітабым тура-
лы пікірлерін әлеуметтік желілерде жариялауда
кейбіреулері: «Отызға таясам да, басынан аяғына 
дейін оқыған бірінші кітабым сіздікі болды. Оқуға 
құштарлығымды ояттыңыз. Көп рақмет», – деп жа-
зады. Кітап таусылып қалса да, отандастарым қайта-
қайта хабарласып, қайдан табуға болатынын, қашан 
шығатынын сұрайды. Қайта басуға уақытым да, 
құлқым да болмай жүрді. Кітап алғаш шыққан күннен 
кейін бір жыл өткен соң атыраулық оқырмандармен 
кездестім. Біреуі қолтаңбамды сұрап келді. Қолын-
дағы кітабымның беті шаршап, мұқабасындағы 


Екінші басылымға алғысөз
[ 17 ]
күміс батқысы өшіп қалғанын байқадым. «Мынаған 
не болған?» – деп сұрасам, кітабымды еш жерде таба 
алмағандықтан, он адам қолдан-қолға беріп оқыға-
нын айтты. Сонда қайта шығарудың қаншалықты 
қажет екенін түсіндім. 
Міне, «Күміс кітаптың» екінші басылымы қолы-
ңызда. Бұл жолы кітаптағы қателердің бәрін түзетіп 
шықтым, он шақты қосымша әңгімемді енгіздім, 
мұқабасын жақсарттым және маған ақ батасын 
берген заманымыздың нар тұлғалары – Ақұштап 
Бақтыгереева апам мен Досқан Жолжақсынов ағам-
ның пікірін қостым. Ең соңында кітапты жазуға не 
түрткі болғандығы туралы берген екі сұхбатымды да 
енгіздім. 
Бізден бір нәрсе шығады. Аянбайық. Өзімізге 
сенейік. Амандықта жүздесейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет