ЖТЖ ӘР БІР ТҮРІ ҚАРҚЫНДАУ МӨЛШЕРІНЕ ҚАРАЙ 3 ПАТОГЕНДІК КЕЗЕҢДЕРДЕН ӨТЕДІ: компенсация , субкомпенсация және декомпенсация .
ЖТЖ ӘР БІР ТҮРІ ҚАРҚЫНДАУ МӨЛШЕРІНЕ ҚАРАЙ 3 ПАТОГЕНДІК КЕЗЕҢДЕРДЕН ӨТЕДІ: компенсация , субкомпенсация және декомпенсация .
Компенсация кезеңі. Желденулік тыныс жетіспеушілігінде дем алу көлемінің біріншілік төмендеуі тыныстың жиілеуімен компенсацияланады. Тахипноэ
Субкомпенсация. Тыныс алу көлемінің төмендеуі тахипноэ әсерінен қалыптаспаған жағдайда субкомпенсация кезеңі келеді .
Декомпенсация Брадипноэ, патологиялық тыныс түрлері пайда болады.
Жіті тыныс жетіспеушілігінің негізгі белгілерінің бірі ағзада оттегінің жеткіліксіздігі, яғни гипоксия. Қазіргі кезде гипоксияны 4 негізгі түрге бөледі :
1. Гипоксиялық гипоксия. дем алатын ауада оттегі қысымының төмендеуінен дамуы мүмкін.
2. Гемикалық гипоксия. Ол қан құрамында гемоглобиннің төмендеуі (анемия) немесе оның оттегі жеткізу қызметінің зақымдануы (көмір қышқыл газымен улану не метгемоглобинтүзгіштерден) кезінде пайда болады .
3. Циркуляторлы гипоксия. Бұл түрі жүректің оттегіні мүшелер мен ұлпаларға тасымалдау қызметін қамтамасыз ете алмау салдарынан пайда болады (іркілу және ишемиялық түрлері).
4.Ұлпалық (тіндік) гипоксия. Ұлпалардың жеткізілген оттегіні қабылдау қасиетін қамтамасыз ете алмау салдарынан пайда болады (кейбір уланулар, ферменттердің зақымы, авитаминоздар және т.б.).