- 5. Тыныс алу жүйесінің зақымы мен ауруларына байланысты дамитынЖТЖ. Плевра ішіне қан кету, плевра қуысында ауа немесе қан жиналуына, кеңірдек пен бронхтардың қанмен бітелуіне байланысты өкпенің газалмасудан толық немесе жартылай семуі, қабырғалардың сынуы жатады.
- 6. Аралас типті ЖТЖ. Әдетте жіті тыныс жетіспеушілігі ағзаның өмірге қажетті басқа жүйелерін қамти дамиды, оның жеке дамуы сирек кездеседі. Жедел жәрдем дәрігерінің тәжірибесінде өкпе артериясының тромбоэмболиясы, суға бату, асылу сияқты патологиялық жағдайларда жіті тыныс жетіспеушілігі көбінесе жүрек- қантамыр, жүйке жүйесінің айқын бұзылыстарымен қатар жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: |