Химиялық қарудың жарылу ошағы
Химиялық қару дегеніміз жалпылай улау заттарын қолданатын әскери қару. Химиялық улау заттарын жеткізу үшін зымырандар, бомбалар, снарядтар және т.с.с. құралдар пайдаланылады. Улау заттары адамдарды, мал-жануарды, тірі организмдерді, өзен-көлдерді, су қоймаларын, сол ошақ төңіректерін, егіндерді, өсімдіктерді жояды, қатты зақымдайды.
Улау заттарының жіктелуі келесі белгілерімен анықталады:
1. Зақымданудың клиникалық зақымдау белгілері бойынша улау заттарын 6 топқа бөледі: нервтік-салдық әсері (зарин, зоман, V типті заттар); тері жарасы әсері (иприт, люизит), жалпы улау әсері (синильдік қышқыл, хлорциан), тұншықтыру әсері (фосген, фифосген), психикаға әсері (ВZ), тітіркендіру әсері (СS-адамсит, хлорпикрин, хлорацетофен и др.)
2. Улау заттарының сақталу қасиетіне байланысты, оларды 2 топқа бөледі: сақталмайтындар (синилбдік қышқылы, хлорциан, фосген, дифосген), ұзақ сақталатындар (иприт, зоманр, V типті заттар), бұлар ұзақ уақытқа (тіпті айлар бойы) дейін улау қасиетін жоғалтпайды.
3. Соңғы зақымдау нәтижесі бойынша: өлімге әкеледі (иприт, зарин, зоман, V типті заттар, синильдік қышқыл және басқалары) және адамдарды уақытша есінен айырады.
4. Әсер ету уақыты бойынша: тез әсер ететіндер (удың әсері тез арада білінеді (V), жай әсер ететіндер(әсері бірнеше сағат өткен соң біліне бастауы мүмкін), мысалы, азотты және күкіртті иприттер, фосген, дифосген.
5. Қолданылуы ықтимал улау заттары (V) және фосфорорганикалық заттар.
6. Басқалары жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |