Титрометрлік әдіс мс 8218-89


Ацидофилин мен ацидофилин сүті



бет6/9
Дата25.12.2021
өлшемі194,99 Kb.
#105297
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
2 аптаны4 тапсырмасы ВСС

Ацидофилин мен ацидофилин сүті. Бұл тағамдарды сиырдың пастер-ленген сүтінен дайындайды. Ұйытқыны таза ацидофилин микробынан басқа сүтқышқылы микробтарын және сүт ұйытқыларын қосып немесе қоспай дайындайды.

Бұл тағамдарды да майлы немесе майын алған сүттен дайындауға болады. Ұйытқы араласқан сүтті құйып, ауызын тығындап 40 градус жылылықта, әбден ұйығанша 3 сағат бойы ұстайды, сонан соң 8 градус жылылықта салқындатады.

Ацидофилин қою болады, шайқаған кезде сұйық қаймақ тәрізденіп кетеді. Оның қышқылдығы Тернер бойынша 75-130 градус болады, ал ацидофилин сүтінің қышқылдығы 90-140 градусқа жетеді.

Ацидофилин мен ацидофилин сүтінің хош иісі, сүйкімді дәмі болуы шарт.



Сүзбе - майлы немесе майы алынған сүттен сүт қышқылды стрепто-коккпен немесе мәйекпен ұйытып дайындалады. Сүзбенің тағамдық қасиеті өте жоғары 100 г жартылай майлы сүзбе құрамыңда 9% дейін май, шамамен 15 г ақзат және 300 мг кальций болады. Ал толық майлы сүзбенің майлылығы 18% дейін жетеді. А.В. Рейслердің айтуынша 200-300 г сүзбе, адамға бір тәулікке керекті кальциймен, негізгі амин кышқылдарымен толық
қамтамасыз етеді.

Сүзбенің көптеген аурудың алдын алуда және оны емдеуде алатын орны үлкен. Оның құрамындағы метионин деген заттан организмде холин пайда болады, ал ол атеросклероздың дамуына және бауырда майдың шоғырла-нуына кедергі жасайды. Сүзбе ішінде кальцидің пайда болуы сүйек сыны-ғына, сүйектің туберкулез ауруына, қан түйіршіктерін шығаратын ағзаларына үлкен пайда келтіреді.

Майы алынған сүттен дайындалған ірімшік ветеринариялық жұмыста, жас шөжелердің ішек ауруларын емдегенде жақсы қорытынды береді. Ірімшік дайындайтын (майлы сүзбе үшін майлы сүт, майсыз сүзбе үшін майы алынған сүт) сүтті ең алдымен пастерлейді, 30-34° жылылыққа дейін салқындатып, ваннада 5% сүт қышқылдық бактериялардан дайыңдалған ұйытқы қосып араластырады, аздап пепсин немесе мәйек ұнтағын қосады, 6-8 сағаттан кейін ол қоюланады, оны сым пышақтың көмегімен текшелеп кеседі де, 1 сағаттай тыныш қалдырады. Бұдан соң сарысуын бөліп алып, сүзбені бөз қапшықтың ішіне салып сығымдауышпен бастырады. Сығым-далған сүзбені тез арада 3-6° дейін салқындатады.

Жаңа туған сиыр сүті алғашқы жеті күн ішінде (уыз) және суалтуына екі апта қалғанда ірімшік дайындауға жарамайды. Сүзбені тексеру. Сүзбе майлылығына қарай майлы (майлылығы 9%, одан да жоғары) және майсыз (майлылығы 9% кем) деп ажыратылады. Сүзбені сезімдік тексеруден өткізгенде оның дәмінде аздап мал азығының, ағаш ыдыстың болар-болмас ащы дәмі байқалуы әдеттегі жағдай деп есептеледі. Сүзбенің түсі қашанда ақ немесе сарғыштау, консистенциясы нәзік келеді, үлкен түйірлер болмауы керек.

Сол сияқты сүзбенің ылғалдылығын, қышқылдығын және майлылығын да анықтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет