Қайнату үлгісі. Пробирканың ішіне бірнеше мл сүт құйып қайна-тады, сүттің қышқылдығы 25-26 градустан жоғары болса, ондай сүт іріп кетеді.
Бұл үлгі ашымаған сүтке ашыған сүттің араласқанын ажыратуға мүмкіндік береді. Осындай араласқан сүтті қайнатқанда оның қышқылды-ғының нормада болуына қарамастан іріп кетеді.
2. Пастерлеу тиімділігін қандай әдістер анықтайды?
Фосфатаза сынамасы (МС 3623-73). Фосфатаза ферменті жоғары температураға өте сезімтал келеді, 63°С-та 30 минутте, 72°С-та 20 сек. бұзылады. Бұл сынама 63-80°С пастерленген сүтті бақылауға қолданылады. Оған қосымша осы сынаманың көмегімен пастерленген немесе қайнатылған сүтке 1% және одан жоғары мөлшерде қосылған шикі сүтті анықтауға болады.
Пробиркаға 2 мл сүт құйып, 1 мл 0,1% натридің фенолфталеинфосфаты аммиакты буферлі қоспасындағы ерітіндісін қосады. Пробирканы 40-45°С жылылықтағы су моншасына қояды да, оның түсінің өзгеруін 10 минут және 1 сағаттан кейін бақылайды. Шикі немесе шикі сүт қоспасы болса, сүт қызыл түске боялады. Пастерленген немесе қайнаған сүттің түсі өзгермейді.
Достарыңызбен бөлісу: |