Жұмыстың орындалу техникасы
Майдың термиялық тотығу барысында карбонильді қосылыстың жиналуын, тотығатын майда ацетал түрінде болатын эпигидринальдегидке - Крейсстің түсті реакциясының көмегімен табады. Тұз қышқылының көмегімен ацетальді бүлдіреді, осы кезде бөлінетін эпигидринальдегид флороглюцинмен ашық – қызғылттан ашық – қызыл түске дейін бояу береді.
Тәжірибе 1. Өсімдік майының термиялық тотығу өнімін анықтау. Шыны түтіктегі зерттелетін 2 мл майға 2 мл тұз қышқылы қосылады (үлес салмағы 1,19) және 30 секунд бойы жігерлілікпен шайқалады. Содан соң 2 мл 1 % - ды этил эфиріндегі флороглюцин ерітіндісі құйылып тағы да шайқалады да 5 минутқа қалдырылады, одан кейін зерттелетін үлгілердің төменгі су қабатының боялу қарқындылығы салыстырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |