Тәжірибе 2. Майды қыздыру барысында еркін май қышқылдарының жиналуын анықтау. Майдың термиялық тотықтануы кезінде еркін май қышқылдарының жиналуын оның қышқыл санын анықтау жолымен бақылайды.
Технохимиялық таразыда 3 - 5 г май өлшеп алады, оны сыйымдылығы 250 мл шыны түтікке салып 96 % - дық этил спирті мен диэтил эфирінің (1:2) бейтарап қоспасынан 50 мл құяды, май толық ерігенше араластырады және 1 % - дық фенолфталиннің спирттік ерітіндісінен 3 - 4 тамшы қосады. Егер май қоңыр болса онда фенолфталеиннің орнына 2 мл 1 % - дық тимолфталеин ерітіндісін қосады. Содан соң май ерітіндісін микробюреткадан күйдіретін калийдің 0,1 н. сулы ерітіндісімен ағымдағы 30 секунд ішінде тұрақты, егер индикатор ретінде фенолфталеин қолданылса әлсіз қызғылт бояу, немесе тимолфталеин қолданылса көк бояу пайда болғанша дереу езгілейді.
Формула бойынша (6) ұзақ жылумен өңдеуге ұшыраған өсімдік майының қышқылдық санын есептейді:
мұнда b - 0,1 н. КОН ерітіндісінің саны, титрлеуге шығындалған, мл;
k - КОН ерітіндісінің титрына түзету;
5,611 - 0,1 н. КОН ерітіндісінің анық титры;
a – май өлшемі, г.
Достарыңызбен бөлісу: |