Тұсаукесер (лат. praesento — көрсету) — бір нәрсені не бірденені (ұйымдар, жобалар, өнімдер не т.с.с.) көрсетуге арналған құжат не құжаттар жиынтығы. Тұсаукесер мақсаты — мақсатты аудиторияға тұсаукесер объектісі туралы ыңғайлы формада толымды ақпаратты жеткізу.Тұсаукесер типтері.
Тұсаукесерге дайындалу алдынан мақсатты аудитория мен сөз сөйлеу ұзақтылығын анықтау қажет. Бұған тұсаукесерді бүкіл құрылымы байланысты болады. Бір тұсаукесерді 5 минут не бір жарым сағат көрсету — екі түрлі тұсаукесер; біріншісі екіншісінен слайдтарды жай алып тастаумен жасалмайды.
Неғұрлым типті жеке жағдайларды қарастырайық.
Дипломдық жұмысты қорғау.
Бұл неғұрлым қысқа тұсаукесер, 5–10 минут. Міндеттерді қою мен өз нәтижелерін атауға көңіл бөлу қажет.Аттестациялық комиссияға мыналар түсінікті болуы керек: қандай да бір күрделі мәселенің болуы, Сіз оны шешу үшін үлкен жұмыс атқардыңыз, және неге қол жеткіздіңіз. Комиссия мүшелерінің Сіздің жұмысыңыздың ерекшелігі мен тіпті терминологиясын да нашар білуі мүмкін болғандықтан, техникалық детальдары жөнінде айту міндет емес. Слайдтарда бұл детальдар неғұрлым күрделі формулалар, кестелер, сұлбалалар түрінде көрсетілуі мүмкін. Баяндама барысында Сіз тоқталып өтетін кілтті фрагменттерді түрлі түспен не жуан бояумен белгілеу ұсынылады. Мысалы, Сіз айтасыз: «бұл функционалда .... мүмкіндік беретін айыпты қосылғыш енгізілген». Айыпты қосылғышты түспен белгілеуге болады; бірақ формуланың өзін түсіндіру — артық әрі құнды уақытты босқа жіберу. Егер де біреуге қызықты болса, ол өз сұрағын қояды не жұмыстың негізні мәтінің детальдары сұрайды. Қорғау барысында автордың жеке өзімен осы жұмыста берілгені нақты көрсетілуі тиіс. Екінші жағынан, бұл жерде өзінше сөйлеу орынды емес. Тұсаукесерді қатаң стилі (оптималды – ақ фондағы қарамен) мен артық сөзсіз анық баяндау қолданылады.
Диссертация қорғау
Кандидаттық — 15–20 минут, докторлық — 30–45 минут. Кейбір техникалық детальдарға тоқталуға уақыт бар сияқты. Алайда, жұмыс көлемі де көп. Шешілген әр міндет жөнінде конспект түрінде айту керек: қойылуы, не үшін, не ұтымды болды. Тек автордың өзі ғана мақтан ете алатын кейбір қызықты жағдайларда ғана былайша айтуға болады: «Әдіс идеясы (дәлелдері, алгоритмі) мынада …». Қорғау деңгейі неғұрлым жоғары болса, шешілген міндеттер өзектілігіне, шешудің ұсынылған әдістерінің жаңашылдығы мен нетривиалдығына қойылатын талаптар да соғұрлым жоғары болады. Осыдан да келесі детальдарды атап өту маңызды: бұл мәселе Сіз үшін неше жыл ашық болған, оның шешілуі Сізге қандай мүмкіндіктер береді, шешім сапасы неше рет артылған, т.с.с. Өздігінен сөйлеу тағы қолданбайды.
Конференция
Әдетте конференцияда сөз алу 20 минут болады. Бұл неғұрлым маңызды техникалық детальдарды ашып үлгеріп, аяқталған зерттеу туралы айту үшін оптималды уақыт болып табылады. Тұсаукесер тақырыпта түсінігі бар тыңдаушыға бағытталған. Сондықтан да пайдалының пайдасы туралы кіріспе сөздер артық болып табылады. Нақтылау дәрежесі Сіздің түсіндірмелеріңізді неше адамның (Сіздің субъективті бағалауыңыз бойынша) түсіне алатынын анықтауда. Мүмкіндігінше, әр слайд пен әр идеяның кемінде жарты аудиторияның түсінгені қажет. Баяндама барысында Сіздің ерекшелігіңізге қатысты және небір тірлілікті енгізетін бір-екі әзіл орынды болады. Слайдтар дизайны қатаң болуы тиіс; жұмыс мәнінен еш нәрсенің айырмауы қажет.
Семинарда сөз сөйлеу
Тұсаукесер стилі Сізге қанша уақыттың бөлінгеніне байланысты болады. Бұл конференцияда сөз сөйлеу мен серіктес алдындағы тұсаукесер арасындағы орташа болады. Тыңдаушы максимал түрде жұмсақ болады. Міздің мақсатыңыз — барлық аудиторияның толық түсінуіне қол жеткізу. Осыдан да тұсаукесер бұқаралық кіріспеден неғұрлым күрделі техникалық детальдарға біртіңдер көшуі тиіс. Слайдтар дизайны қарапайы әрі қатаң болуы керек (оптималдысы — ақтағы қара); жұмыс мәнін түсінуде ешбір ауытқу болмау керек.
Дәріс
Типтік жағдайда бір жарым сағат. Сөз алушы тақырыпты ашуға арналған құралдарды таңдауға ерікті, алайда ұзақ уақыт бойы аудитория назарын ұстап тұру да күрделі болады. Тыңдаушылардың пәнге деген қызығушылығының жоғалмауы үшін, ең басында мұның не үшін керек екендігін, қолдвану аясын айтып өту маңызды, әрі дәрі уақыты бойы осы мысалдарға біраз аралықтарда теория мен тәжірибе байланысын көрсете отырып, қайтып келіп отыру орынды. Слайдтар дизайны қарапайы әрі қатаң болуы керек (оптималдысы — ақтағы қара); дәріс мәнін түсінуде ешбір ауытқу болмау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |