Титульный лист программы дисциплины (syllabus)



бет30/47
Дата24.01.2022
өлшемі0,61 Mb.
#113647
түріБағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   47

Ұсыныстар

Жаңадан бастаушыларға арналған кеңестер


  • Егер де Сіз аудитория алдында өзіңізді сенімсіз сезсеңіз, өз сөзіңізді жазып алып, жаттап алыңыз. Жазылған сөздердің 7 минут уақыты шамамен мәтіннің бір жарым бетін алады (форматы А4, шрифті 12pt).

  • Ұқыпты болуы орынды. Немқұрайлықпен жасалған слайдтар (шрифттері мен орын алулары әртүрлі, қателер, формулалардағы баспа қателері) бяандамашының мазмұны мәселелерге немқұрайлықпен қарайтындығы туралы күдіктер туғызуы мүмкін.

  • Титул беті Сіз бен Сіздің баяндамаңызды аудиторияға таныстыру үшін қажет. Қорғау барысында сондай-ақ ғылыми жетекші мен ұйымның тегі мен аты-жөнін атап өту қажет. Конференцияларда —конференция атауы мен күнін. Бұл әріптестермен фацлдармен алмасуда және Интернетке салуда тұсаукесер мәнінің қосымша түсіндірулерсіз түсінікті болуы үшін де қажет.

  • Слайдтағы жолдардың оптималды аны — 6 - 11. Материалдың асырылуы мен ұсақ шрифті қабылдау үшін ауыр болады. Ал аз болуы баяндаманың үстірт және нашар дайындалғаны жөнінде күдік туғызады.

  • Таралған қате — слайдты сөзбе сөз оқу. Слайдта толық мәлімет беріліп (анықтамалар, теоремалар, формулалар), сөзбен оның қысқартылған нұсқасы айтылса, орынды болады. Слайдтағы ақпарат неғұрлым формалды және қатаң беріле алады.

  • Тізімдеме пункттері қысқа фразалармен берілуі тиіс; максимум — бір фразаға екі жол, оптималдысы — бір жол. Ұзақ фразаны оқу сөз назарын ауытқиды. Қысқа фраза жадыда көзбен жеңіл сақталады.

  • Формулаларды сөзбен айтпаңыз — ол ұзақ әрі қызықсыз. Ол тыңдаушылардың бір уақытта конспект жазуы барысында лекциялар мен семинарлар барысында орындалады. Қорғауда не конференцияда ол орынсыз болады.

  • Ауысудың оптималды жылдамдығы —1–2 минутта бір слайд, дәрістерде — 5 минутқа дейін. Қысқа сөздерде бір минутта екі слайд орынды, бірақ одан жылдам болмауы тиіс. Тыңдаушылар ақпаратты слайдтан да, құлаққа да қабылдай алуы тиіс.

  • Кілтті анықтамалары бар слайдтарда көбірек қалуға болады. Егер де олар түсініксіз болса, еш нәрсе түсінікті болмайды.

  • Нәтижелер сұлбалары берілген слайдтарды жылдамдатылған ырғақта қарау жеңіл болады. Типті жағдайда сұлбаны түсіндіру: «Көлденең ось бойымен берілгені …, осьтің тігінен берілгені — …, осыдан көретініміз…».

  • Кестелерді түсіндіру барысында жолдардың нелерге, бағаналардың нелерген сәйкес болатынын атап өту қажет.

  • Баяндаманың негізгі идеялары түсініксіз болатын ғана белгілер мен түсініктерді енгізіңіз. Кез келген белгі оның қолдануына дейін түсіндірілуі тиіс. Егер де түсіндіру 20 анықтамадан құралатын тізбекті талап тетеін болса, оны түсіндірудің қысқа жолын іздеу қажет.

  • Үлкен белгілерді артық индекс, белгілер, айшықтардан құтыла отырып қысқарту қажет. Ешекім Сізден мақала не диссертацияда келтірілген сол бір нақтыларды ұстануды талап етпейді. Онда олар дәлелденген болар, ал мұнда қарапайымдату қажет.

  • Қысқа баяндамада бір фразаны қайта-қайта айтпау керек, басқа сөздермен де — уақыт қымбат. Дәрісте, керісінше, неғұрлым маңызды идеяларға қайтып келуге болады (қажет те). Фейнман айтқандай, физика бойынша өз дәрістерімізде «қбіз құбылысты бірнеше түсініктердің болғанында ғана түсінеміз».

  • Әр фразаны сыни көзқараспен ойлау қажет: тыңдаушылар түсіне ме; оны түсіну үшін арнайы білімдері жеткілікті ме? Түсініксіз фразаларды тұсаукесер барысында ойламастан алып тастау қажет.

  • Кез келген фраза бірдеңеден кейін айтылуы тиіс. Сіздің жұмыс барысында айналысқандығыңыздан емес. Әр фраза келесі фразаларға логикалық түрде жетелеуі тиіс, және соңғы нәтижеде басты мақсатты көздеуі керек — аудитория назарына екі-үшеуін нақты жеткізуі. Сонда ғана сөз алу мақсатты және жағымды болады.

  • Қысқа тұмаукесерлердегі соңғы слайдты айтк керек емес. Сіз жаңа бұны айтып кеттіңіз, екнші рет айту артық болады. Басқасы — тыңдаушы қатедесетіндей айтылғанның көп болатынсеминардағы дәріс не сөз сөйлеу: несі бастысы болған… Бұндайда резюменің болуы қажет, «құрғақ қалдығы».

Тұсаукесерді дайындауға шамамен қанша уақыт кетеді?


Ол, әрине, сөз сөйлеу ұзақтылығы (слайдтар саны) менкөрнекілік материал дайындығына байланысты болады.

  • Мысалы, түлектік жұмысты қорғау туралы сөз дерлік; материал дайын, бірақ тұсаукесерді «нөлден» бастау қажет, оған қоса Сіздің тәжірибеңіз де шамалы. Сонда типтік жағдайда басшымен ақылдасуға бір не екі күн, одан кейін өндеуге тағы бір күн керек. Қысқасы, үш күн жоспарлау қажет.

  • Баяндау алдында үш сағат ішінде тұсаукесер дайындау мүмкін емес, әрі ол күдікті.

  • Дайын тұсаукесерді нұқият жеті рет қарау қажет, әрдайым бірнеше қате мен «әдемісіздіктерді» тауып аласыз.

  • Бұның барлығы Сіздің цетнотта болу жағдайына (өкінішке орай, ең көп тараған). Нақтылағанда тұсаукесерді бір күн жасап, жасырын сананың жұмысына үш апта қалдырған жақсы болады. Осы уақыт аралығында Сіз ара-аралықта өз баяндамаңызға ойша оралып отырып, әр кез не бір нәрсені қысқа әрі түсінікті атуға болатын ойға келесіз. Кей кезде ең басында оптиамалды болып көрінетінді толық қайта өндеуге тура келеді.

Ойлаудың иерархиялық моделі.


Адам ойы иерархиялы, тіпті фракткльді. Тақырыпты түсінуге тырыса отырып, адам бірнеше идеяны басты идея ретінде белгілейді (5–7 астамын жадыда сақтау мүмкін емес, нақтысы — 3–4). Олардың әрқайсысын терең түсіну үшін ол оларды неғұрлым қарапайымдарға - идеяларға бөледі,олар өз алдына одан да қарапайымдарына бөледі. Одан әрі де солай. Идеялардың барлық иерархиясын жадыда ұстау мүмкін емес, сондықтан да ол бір жерінде үзіледі.Мұндаұсақ техникалық айшықтар барлық жайды қабылдау үшін солай түсініксіз болып қала береді. Бұл жұмыс әр тыңдаушымен баяндаманы қабылдау процесінде жеке және саналы түрде жүргізіледі. Іс мәнінде, баяндау — «идеялар иерархиясын» адамнан адамға беру. Айқын мазмұндаулардың көптеген прициптері осы иерархияны айқын түрінде беруге бағытталған. Тыңдаушы өзінің ментальді күштерін құрылымдалмаған фразалар ағымынан иедялар иерархиясын «қалыпқа келтіруге» жұмсамауы тиіс. Ол түрлі техникалық әдістермен жетіледі:

  • Бірінші слайдтағы баяндаманың атауы ең басты идеяны көрсетуі тиіс, яғни иерархия мәртебесіне сәйкес болуы керек.

  • Баяндама басында оның мазмұнын келтірген дұрыс болады. Оптималдысы — үш пункт, әр қайсысында — үш шағын пункттен. Ол жұмыс құрылымы, иерархияның екі жоғарғы деңгейі. Егер де баяндама қысқа болса, тек жоғарғы деңгейі ғана айтылады.

  • Сөздің неғұрлым күрделі жерлерін қадамдар тізімімен алдын ала бере отырып, қадамдарға не кезеңдерге бөлген жөн Мәселен: «Ұсынылып отырған әдіс үш қадамды орындауда…» немесе «Стандартты әдіс оптималды болмайтын үш себеп бар. Олардың әр қайсысын жеке-жеке қарастырайық». Егер де сол көмекші фразаларды айтпасақ, баяндама мазмұны өзгермейді, алайда ол неғұрлым ауыл қабылданады.

  • Жоғарғы деңгейдің маңызды идеялары слайдтарда көрсетіліп, сөздермен айтылуы тиіс. Егер де идея тек қана слайдтарда «секіріп отырса» — ол оның екінші дәрежелілігінің нақты белгісі.

  • Баяндау ағымында бірнеше рет «негізгі идеясы ....... болуында» деп айтуға болады. Бірақ бұл фразаны басым айта беруге де болмайды.

  • Неғұрлым маңызды сөздерді, фрагменттерді бірден көзге түсуі үшін слайдта түрлі түстермен белгілеуге болады. Оны да басым қолдануға болмайды.

Тағы да бірнеше ерекшеліктер


  • Сөздер мен слайдтар бірдей болмауы тиіс, сонда тұсаукесер «көлемді» болады. Баяндау сөздері неғұрлым танымал әрі үлгілі болуы тиіс. Слайдтар техникалық түсініктерге басым болуы керек: формулалар, сұлбалар, кестелер, графиктер. Қысқаша баяндауда мазмұндау барысында айта беруг болады, бірақ бұл жерже барлық ұсақтарды түсіндіруге көп тоқтамау керек.

  • Алғашқы фразалар қызықтыруы керек. Мысалы, бұл міндеттің қандай күрделі немесе қандай маңызды болатыны туралы айтуға болады, немесе қабылданған шешімнің қаншалықты күтілмегені туралы да — ол тыңдаушылар назарын ұстауға мүмкіндік береді. Бірақ онда аяғы шын мәнінде тривиалды емес болуы керек — әйтпесе, тыңдаушының беті қайтарылады.

  • Барлық жоғарыда аталған пункттерге қол жеткізілгенде адамдар көздеріне тура қарап, кімнің нені түсінбегенін ұғып түсінуді үйреніңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет