Титулка мазмұны



бет5/8
Дата10.04.2022
өлшемі73,72 Kb.
#138721
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Титулка мазм ны

М.Сералин дастандары

  1. М.Сералиннің «Топжарған» дастаны

Мұхаметжан Сералин «Топжарған» және «Гүлхашима» атты тамаша поэмаларын жазды, онда қоғамда адамның қадір-қасиетін түсіретін зиянды әдет-ғұрыптар мазалады. Сералиннің «Топжарған» (1900) атты алғашқы тарихи-реалистік поэмасы Кенесары Қасымов бастаған көтеріліс суреттерінің бейнеленуімен қазақ тұрмысын бейнелейді. «Гүлхашима» поэмасы (1903) – қыз бен жігіттің қайғылы махаббаты жайлы. Сералиннің ақын ретіндегі басты еңбегі қазақ әдебиетіндегі сюжеттік поэма жанрының бекітілуіне байланысты.


1900 жылы жарық көрген «Топжарған» поэмасы – тарихи поэма. Бұл поэмада түрлі тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғалар және олардың өмірі туралы баяндалады.
«Топжарған» поэмасы ХІХ ғасырдың 30-40- жылдарындағы қазақ өмірі суреттеледі. Қазақ ханы – Кенесары мен батыр Наурызбай бастаған көтеріліс туралы өрбиді. Кенесары – қазақ халқының соңғы ханы. Кенесары-Шыңғысханның ұлы Жошы ұрпақтарының билеуші патша тармағына жататын Абылай ханның немересі, Шыңғысханның 27-ші ұрпағы. Көптеген балалары болды. Ол әулеттің өз тармағын нығайта алды, ал ол қайтыс болғаннан кейін тұңғыш ұлы – Уәли қазақтардың билеуші ханы болды.
Кенесарының әкесі – Сұлтан Қасым, Абылай хан ұлдарының кенжесі, өмірін Абылай хан мемлекетін қалпына келтіру үшін күресте өткізген, екі әйеліне үйленген. Кенесары Қасымов – бірінші әйелінің ұлы. Оның туған ағалары – Саржан, Есенгелді, Көшек, Ағатай, Бопай, сонымен қатар әкесінің екінші әйелінің ұлы – Наурызбай. Кенесары өзінің құрдастары сияқты ерте жастан әртүрлі өмірлік қиындықтарға дайын болды, ол балалық шағында көптеген қиындықтар мен қиыншылықтарды бастан өткерді. Жастайынан алдына қойған мақсатқа жеткіш, батылдығымен ерекше көзге түскен батыр халқы үшін өмірінің соңына дейін күресе білген.
Мұхаметжан Сералиннің «Топ жарған» атты поэмасы төңкерістен бұрын жарық көрген тұңғыш реалистік шығарма болып табылады. Қаламгердің бұл шығармасы«Топ жарған» шығармасы 1900 жылы жазылып, сол жылы баспадан жарық көрген. Баспадан ең алған Троицк қаласында шығып, кейін 1903, 1907, 1915 жылдарда қайтадан баспадан шығып, халы арасына кеңінен тараған. Кеңес заманында «Топжарған» поэмасы баспа бетінен бірнеше рет жарыққа шыққан. 1936 жылдан бері қаншама уақыт бойы орта білім беру мектеп оқулықтары мен хрестоматияларында жарияланған болатын. Қаламгердің озық туындылардың бірі болып табылатын «Топжарған» поэмасы туралы айтатын болсақ. Кенесары батырдың көтерілісін баяндап жазған дастан. Бүгінгі оқу бағдарламасынан «Топ жарған» поэмасы оқытылмайды, тек жоғарғы оқу орындарында ХХ ғасыр басындағы əдебиет курсында ақын шығармашылығына байланысты сөз етіледі.
«Топ жарған» – тарихи поэма. Бұны зертеушілер мен ақын-жазушыларда мойындаған. Поэманың негізгі кейіпкерлері – тарихи тұлғалар. ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары өмір сүрген хан ұрпақтары мен батырлардың Ресей үкіметінің отарлау саясатына қарсы шыққан көтерілісі баяндалады. Бұл көтеріліс туралы – Қазақстан тарихынан таныса аламыз. Мұхаметжан Сералин поэмасында да Кенесары көтерілісінен кейінгі, Кенесары мен оның жақтастарының көтеріліс жеңіліске ұшырап, мақсаттарына ерісе алмаған кейінгі іс-әрекеттері төңірегінде баяндалады. Поэма сюжеті Кенесары ханның көтерілісіне құрылған. Бұл көтеріліс 20-ғасыдың 50-жылдарына дейін екі түрлі көзқараста баяндалып жүрді. Кейін бұл көтеріліс «монархиялық көтеріліс» делінді.
Кенесары Қасымұлы туралы әртүрлі піріклер көптеп кездеседі. Бірі ханды даттаса, енді бірі жақтап жатады. Егеменді ел болғаннан кейін Кененсары хан – халық батыры, отаршыл саясатқа қарсы күресті ұйымдастырушы азамат ретінде танылып, жаңа көзқарастар қалыптаса бастады.
«Топжарған» поэмасының тақырыбы тарихи оқиғаға, яғни ХІХ ғасырдың 30-40-жылдарында қазақ халқының өмірінде болған оқиғаларға негізделген. Қаламгер өз замандастары сияқты көптеген Кенесарыны «батыр еді, халықтың қамқоры еді» деп көзсіз дəріптей бермейді, керісінше, оны сыншылдық тұрғыдан сынап-мінеп отырады. Қаламгер ретінде өз кейіпкерінің жақсы және жаман қасиеттерін жіпке тізгендей нақты көрсете білген. Жалпы, осы дастанда Кенесарының жанындағы адамдар тустары, елінен безгендер, ұры-қаралар мен бұзақылар дейді. Жалпы автор Кенесары мен оның жақтастарының бар арман-тілегі – елді тонып, баю дейді.
Қаңтарда Жыланшықты қыстау еткен,
Жайлауға Торғай суын көктей өткен.
Қарасай, Қошалақтың қара отына,
Наурызбай, Кенесары мал семірткен.
Қасында төлеңгіті жүз қаралы үй,
Жігіттің айтқаны өлең, тартқаны күй,
Көбісі жортуылдан мал əкелген,
Ханынан жақсы ат тартқан алады сый.
Дастанның мына шумақтарынан
Кенесары мен оның жанындағы жақтастарының бет-бейнесін анық байқауға болады.
Поэманың қысқаша фабулласы бойынша Кенесарының үш қарақшы жігітінің ел тонау мақсатымен келе жатып, айдалада ұйықтап жатқан бір жігіттің үстінен шығып, оны аңдаусызда байлап алып, ханға алып келуінен басталады. Мақсаты – жігітті ханға тарту ету, яғни Хиуа базарына апарып құлдыққа сату. Олар ханға «жігітті қашқан жекрінен ұстап алдық» деп өтірік айтады. Шынында, жігітті ұйықтап жатқан жерінде, байқаусызда байлап-матап алғанын, егер қашқанда оларға жеткізбей кететіндігін жігіттің өзі баян етеді. Жігіт өз елінде жеңгесіне қызығып, немере ағасын өлтіріп қашқан қылмысын айтқан кезде, енді Кенесарыны іздеп, соған қосылу ниетімен келе жатқанын баяндағанда ғана барып, оқырман оның да бұзық, қанішер, қарақшы екенін түсінеді. Кенесары маңындағылардың бəрі де осындай бұзылғандар, қылмыстылар екендігін автор осылайша көрсетпек болған, əрі мұнысы өте нанымды шыққан. Демек, поэмада ізгілік пен жауыздықтың, адалдық пен зұлымдықтың тартысы одан əрі өрбіп баяндала бастайды.. Шығарманың сырттай қарағанда, ХХ ғасыр əдебиетінде мейлінше көп көтерілген əйел теңдігі тақырыбына ешқандай қатынасы жоқ та тəрізді.
Дастандағы тағы бір ерекшелік – поэмадағы көркем бейнелер мен олардың жасалуы. Әр кейіпкердің бейнесі анық және әсерлі жеткізіле білген. Поэмадағы тарихи тұлғаның бірі – Кенесары. Кенесары туралы дəріптеу, мадақтау орын алып тұрған кезде де, ақын оны жөнсіз мадақтаудан аулақ, барынша шынайы бейнесін көрсетуге тырысқан.
Шығармадағы əрбір қосалқы эпизодтың өзі оның кейбір іс-əрекеттерін ашуға қызмет етеді.
Халыққа Кене жатыр қорқу салып,
Тартумен жұрт бағынған ханға барып.
Тұтқынды іздеуші жоқ ақша беріп,
Құлдыққа сарттар сатып кетеді алып,- деген жолдардан Кененің қаһарынан қорыққан халық қолға түскен тұтқынды көп ақша не мал беріп қайтарып алатын руы не туысқаны болмаса, Кенесарының құлдыққа сатып жіберетіндігін де айқын бейнелеген. Осылайша автор ханның аяусыз мінезін мінеп-сынайды.
Шынында да, Кенесары бастаған көтеріліс халыққа да өте ауыр тигені, орынсыз қантөгіс көп болғаны поэмада өз орнымен көркемдік шешімін тапқан деуге болады.. Ақын Кенесарының хандық дəрежесін осылай көрсетсе, оның адамдық қалпын да солай сипаттап береді. Өзін өзі хан деп танып, өзгеден артық санаған Кенесары бір кішкентай көріністің өзінде жөнсіз асқақтығын, нəрсенің ішкі сырын тани алмай, сыртына қарай бағалайтынын аңғартады. Жазушы шығармадағы персонаждар ауызынан болса да, «хан Кене» дей отырып, оны поэманың басынан аяғына дейін ұнамсыздау бейнеде суреттеген. Кенесары мен оның қасындағылардың негізгі кəсібі де сол кездің тарихи шындығына лайық көркемдік шешімін тауып бейнеленген. Ақын поэманың бас жағында: Қасында төлеңгіті жүз қаралы үй, Кəсібі жортуылдан мал əкелген, Ханынан жақсы ат тартқан алады сый. Жиналған атақты аттар оң мен солдан, Бəрі де асқан жүйрік тайпалы елден. Бар десе пəленшенің пəлен аты, Қарақшы жігіттері ұрлап келген, 1 - деген қатарлар арқылы Кенесары «халқының» кəсібін тарихи фактілерге орай дəл көрсетіп береді. Кененің қасындағы төлеңгіттері де «не кəсіп қыласыз, немен күн көресіз» деген сұраққа: Хан Кене зекет алар көшкен елден, Зекетке жазы мен күз көп мал келген. Бəрін де төлеңгітке бөліп берген. Қыстауға Жыланшықта мекен салдық, Биыл қыс қатты болып, жұтап қалдық. Салада сексен ауыл Жылкелдіні, Көктемде ашыққан соң шауып алдық,- деп ешқандай шімірікпестен жауап береді. Міне, бұл жолдардан Кенесары тұқымының тарихта көрсетілген қанқұйлы əрекеті поэмада нақты шындық аясында суреттелгені айқындала түскен. Міне, осы келтірілген үзіндіден, поэма сюжетіндегі оқиғалар нақты тарихи шындыққа негізделгенін аңғару қиын емес. Поэмада Кенесары маңындағы төлеңгіт жігіттерінің де адамгершілігі жоқ, əбден азғындаған адамдар екеніне автор ерекше тоқталған. Олар қанқұмар, адам жаны олар үшін түкке тұрғысыз, шетінен тұрақсыз, қанішер екендіктері арқылы да, істері арқылы да дəлелденіп отырады. Тұтқын жігітті қууға шыққан олар жасанған жаумен айқасқа түскендей болып, ерекше түйіледі, бірақ жігіттің торы атына жете алмай құры қансорпа болып, хан қасына қайта оралады. Автор олардың іс-əрекеттерінің мына сиқын: Бəрі де қаныпезер, ішкендей қан, Тиындай көрінбейді оларған жан. Қатар түзеп жігіттер тұрған шақта, Ордадан нөкер ертіп, шығады хан, 2 - деп келтіреді. Кенесары жігіттерінің тағы бір келеңсіз сипаты – олар қолдарына найза ұстап, атқа мінгендерімен құр қаукөрік, қоян жүрек қорқақтар, сонысына қарамай даңғой əрі мақтаншақ адамдар. Мұның өзі олардың кім болса да қолға түсіріп, жазықты, жазықсызына қарамай, тонап алуды əдетке айналдырған тағылық əрекеттерін тағы бір мəрте дəлелдей түседі. «Топжарған» поэмасының негізгі кейіпкері – қолға түскен тұтқын жігіт. Шығарманың сюжеттік желісі де осы тұтқын жігіттің іс-əрекеті мен басынан кешкен оқиғалары негізінде өрбиді. Мұндай қызметімен ол шығарманың негізгі сюжеттік арқауын өрбітумен қатар, негізгі идеялық түйінді ашуға да себепші болып отыр. Алғашында, бұл жігітті оқырман жақсы, жазықсыз адам екен деп ойлап қалады, поэманың соңында оның адамгершіліктен аттап өтіп, үлкен қылмыс жасаған адам екеніне көзі жетеді. Бұдан, əрине, шығарма сюжеті тек осы жігіттің іс-əрекетіне арналған деуге де болмайдыЖігіттің аты-жөні де белгісіз. Ол өзін «адай еліненмін» дегеннен кейін автор да Адай жігіті деп кетеді. Бұл адай жігіті елінде жас жеңгесіне ғашық болып, немере ағасын өлтіреді де, содан жазаланудан қорқып қашып кетеді. Мақсаты – Кенесары қолына қосылу, сөйтіп біржолата қашқындық, қарақшылық жолға түсу болып есептеледі.. Əрине, адай жігіті бұрын да көршілес рулардан мал ұрлап, бұзықтық жасап 2 Сонда…15 б. жүрген адам, сондықтан да оның Кенесарыны іздеуі əбден табиғи. Ол жігіт Кенесары маңындағыларға өзін былайша таныстырады: Жігіттер, сұрасаңыз затым Адай, Астымда жүйрік емес атым ондай. Ұйқыда қапы жатып тұтқын болдым, Мен дағы жігіт едім алпамсадай. Тайынан бұл торыны бағып едім, Үкіні құйрық-жалға тағып едім. Тұтқын ғып жеке жүрген жолаушыны, Үш жігіт, мен сендерге неғып едім. 3 Бұл сөздерден адай жігіті ешбір күнəсыз, адал, момын адам болып көрінсе, оның барлық сыры, бет-пердесі кейін өзі қайтып келген соң, өз аузынан баяндалған сөздерден байқалады. Жігіт жас жеңгесіне қаншама құмартса да, ол оны маңына жақындатпайды. Оның үстіне ақынның көрсетуінше, оның жеңгесіне болған махаббаты жалаңаш жалпы құмарлық дəрежесінен аспайды. Мен жүріп сол жеңгеме болдым ғашық, Айтайын бар сырымды сендерге ашып. Көргенде олай-былай əзіл айтсаң, Жеңешем жеңілмейді сөзге машық. Жігіт бір күні ретін тауып, жеңгесінің жалғыздығын пайдаланып зорламақ болады. Қой күзетіне жеңгесінің шыққанын аңдып жүрген адай жігіті тас қараңғылықты пайдаланып, оны зорламақ болады. Жеңгесі көнбей бұлқынып, ақырында айқайлап жəрдем сұрағанда, əйелін құтқаруға шыққан ағасын атып салады. Мұны өзінше ғашықтық деп дəлелдемек болады: Жеңешем түзге отырып, қайта жүрді. Найзағай жарық қылды дүние жүзін. 3 Сонда…9 б Жеңгемнің сол уақытта көрдім жүзін, Көрген соң қыпша белін, ұзын бойын, Білмедім не болғанымды өзімді өзім. Бас салдым жеңешеме пұрсат бермей, Нəрсені одан басқа кеттім көрмей. Құшақтап, жұлқынысып жатқанымда, Жеңешем даусы шықты деген «ойбай». Біреу кеп ту сыртымнан кетті салып, Ашумен көз қызарды есім танып. Жалма жан жатқан жерден мылтықты алдым, Ыза боп кетсем керек күйіп-жанып. 4 Жігіт осылайша Кенесары қолына келіп қосылып, енді біржолата ел тонаушылық, қарақшылық жолға түсуге бел байлайды. Өйткені автордың көрсетуінше, енді оған одан басқа жол жоқ. Жазықсыз қан төккен, өз туысын өзі өлтірген, зорлықшыл қарабет туған еліне де, жалпы халық арасына да сыймақ емес. Оның барар жері тек қана өзіндей бұзықтар айналасы болмақ деген идея келіп шығады. Қол астындағы елдердің бəрі кетіп болған Кенесарының қандай жолмен болса да, нөкерлерін көбейте түсуді көздегені белгілі. Сондықта да ол өзінің ақырғы сөзін айтып отырған өзі тəрізді қарақшы жігіттің сөзін тыңдамауына ешбір негіз қалмайды, осындай кісі өлтіргіш жəне зорлықшыл жауыз адамдармен нөкерінің тобын көбейте түспек болады. Ақын бұл көріністер арқылы Кенесарының өзі де, айналасындағы төлеңгіттері де осы тəрізді азғындық жолдағы адамдардан құралақан емес деген негізгі идеялық қорытынды жасайды. 4 Сонда… 17 б 3. Əйел образы. Мұхаметжан Сералиннің «Топжарған» поэмасында алғаш рет қазақ əйелінің ұнамды бейнесі елес берді деп едік. Бұл, əрине, сюжетті кесек шығармаларда қазақ қызының өзіне лайықты қимыл-əрекеттерімен алғаш рет көрінуі болатын. Сондықтан да ол əдебиетке алғаш бірінші жоспардағы кейіпкер ретінде енуі де сол дəуір рухына өте сəйкес келетін нəрсе. Оны ұнамды кейіпкердің алғашқы сəттегі əдебиетіміздегі көрінісі дейтініміз де осыдан. ХХ ғасырдың бас кезінде əдебиетімізде ең өнімді, əрі көп жырланған тақырып қазақ əйелінің теңдігі мəселесі десек, «Топжарған» тіпті ХІХ ғасырдың екінші жартысында жазылған туынды деуге де болады, себебі поэма 1900-жылы жеке кітап болып басылып шыққандығын ескерсек, солай деуге толық хақылымыз. Оның үстіне поэма оқиғасы ХІХ ғасырдың 30-40-жылдары шындығын өз ішіне алатындығы да поэмадағы əйел образының заманалығын таныта түсетін жай. Бұл қыз алпыс жастағы Салбай шалға еріксіз тоқал болған сол кездегі барлық қазақ қыздарының басындағы күңдік ноқтасын тағдырына байланысты киген мұңдық. Ол əрине, Салбай шалды сүймейді, бірақ уақытша қызыққа алданып ар-ұжданын аяқ асты еткісі де келмейді, ерінің көзіне шөп салмайды. Ол – адал, жаны пəк қазақ əйелінің бар болмысын өз бейнесіне жинақтап берген образ. Салбайдың бəйбішесі қалған өліп, Алып ед бір жас тоқал қалың беріп. Кезінде жас шамасы он алтының, Құдайым берген артық ажар, көрік,- деген жолдардан оның сұлулығын да танимыз. Сөйлесе ағызады тілдің майын, Көргенде олай-былай əзіл айтсаң, Жеңешем жеңілмейді сөзге машық, деп жігіт атынан əйел бейнесінің аса ұнамды, адал жақтарын суреттеп береді. Поэмаға тереңірек үңілсек, одан ұнамды кейіпкерлер болғанда да, қазақ əдебиетінде бұрын мұндай бейнеде кездеспеген қазақ əйелінің аса сəтті образын көре аламыз. Бұл қызды ақын бірден бостандық үшін күрескен адам ретінде суреттемеген, қайта өз кезінің шындық шеңберіне сыйымды əрекеттері арқылы көрсетеді. Соның өзінде оның өз тұсының жаңа адамы екенін поэмадан айқын тани аламыз. Олай дейтін себебіміз алпыс жастағы Салбай шалға тоқалдыққа барған қыз сол өмірдің бақытсыздық екенін түсіне де біледі, ол жастық көңілін білдірген жігітке: Уа, қайным шал ағаңды мен сүймеймін, Ер хақы болғаннан соң көп сыйлаймын. Ерімнің көзі тірі тұрған шақта, Қиянат шал ағаңа мен қылмаймын. Бұл күнде саған көңіл бере алмаймын, Өлгенше ер күтпекке будым белді, Басқаны ер хақынан біле алмаймын,- деп жауап қайтарады, үлкен адалдықтың адамы ретінде көрінеді, бойын нəпсіқұмарлық пен жастық желіктен аулақ ұстайды. Бұл қарапайым ғана қазақ қызының ауызынан «сүю», «сүймеу» туралы осы бір сөздің шығуының өзі шығарманың туып отырған кезеңі үшін зор жаңалық болып табылады. Сөйтіп поэманың қыз кейіпкері шал күйеуін «сүймеймін» деген жалғыз ауыз сөзінің өзімен ғана айрықша бағалы. Осы сөз арқылы ол жалпы сүйіп қосылу деген ұғымды туғызып, оны тек əдебиетте ғана емес, тұтас əлеуметтік өмірдің күн тəртібіне жеке проблема ретінде қоя білген алғашқы əдеби кейіпкер болып табылады. Бұдан артықты одан күтуге болмас та еді. Егер автор өз кейіпкерін бұл дəрежеден тереңірек суреттеген болса, заман шындығынан, қоғамдық ойпікір дəрежесінен алыстап кеткен болар еді. Сондай ақ ақынның жақсы адамды ер адамдар арасынан емес, əйелдер арасынан көрсетуінің өзіндік сыры бар. Поэма жазылған кезде «алтын басты əйелден - бақа басты еркек артық» деген ұғым мейлінше етек алып тұрған еді. Автор міне, осындай ұғым мен түсінікке қарсы өз кейіпкерін алған деуге толық негіз бар. Қорыта айтқанда, Мұхаметжан Сералиннің «Топжарған» поэмасы қазақ өмірінен алып жазылған тұңғыш реалистік жанрдағы поэма деп айта аламыз. Поэма барлық жағынан да дəуір талабына толық жауап бере алатын аса бағалы да құнды туынды болып есептеледі.
М. Сералиннің мұраларына баға беруде кеңестік иделогияның талаптарын басшылыққа алынғанын да айтпай кетуге болмайды. Мысалы, Ә. Дербісалиннің еңбегінде М. Сералиннің «Топжарған» поэмасы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысты, осы қозғалыстың жетекшісі Кенесары ханды және Наурызбай батырды сынға алған шығарма ретінде бағаланған. М. Сералиннің аталмыш шығармасына мұндай баға беруге 1947 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің «Қазақ ССР Ғылым академиясы Тіл және әдебиет институтының өрескел саяси қателері туралы» қаулысынан кейін басталған ұлт зиялыларын, ғалымдарды «ұлтшылдар» деп қуғындау науқаны және 1950 жылы қазақстандық бір топ тарихшылардың «Правда газетіндегі Е.Бекмахановты «ұлтшыл» деп айыптаған мақаласы, көп ұзамай Е. Бекмахановтың қуғындалуы әсер еткен еді.Еліміздегі әдебиетші ғалымдардың ізденістері М. Сералиннің өмірі мен қоғамдық-саяси қызметін онан әрі зерттеуге тың серпін берді. Бұл ретте С.З.Зиманов пен К.З.Ыдырысовтың зерттеу жұмысын ерекше айтуға болады. Аталмыш ғалымдар 1989 жылы М. Сералиннің қоғамдық-саяси көзқарасын зерттеуге арналған еңбекті жариялады. С.З.Зиманов пен К.З.Ыдырысовтың еңбегінде М. Сералиннің көзқарасының қылыптасуы мәселесі, «Айқап» журналын шығарудағы еңбегі, ағартушылық бағыттағы жұмыстары, кеңестік билікті орнатуға қатысты арнайы қарастырылды. Ғалымдардың еңбегінде кең көлемдегі деректердің тартылуы да бірден көзге ұрады. Сондай-ақ еңбектен маркстік-лениндік методология ұстанымы басшылыққа алынғаны да байқалады. Дегенмен бұл еңбек М.Сералиннің қоғамдық-саяси қызметінің өзге де зерттелмей жатқан тұстарына назар аудартуда елеулі рөл атқарады деп айтуға болады.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет