Қорытынды
Мұхаметжан Сералин «Топжарған» және «Гүлхашима» атты тамаша поэмаларын жазды, онда қоғамда адамның қадір-қасиетін түсіретін зиянды әдет-ғұрыптар мазалады. Сералиннің «Топжарған» (1900) атты алғашқы тарихи-реалистік поэмасы Кенесары Қасымов бастаған көтеріліс суреттерінің бейнеленуімен қазақ тұрмысын бейнелейді. «Гүлхашима» поэмасы (1903) – қыз бен жігіттің қайғылы махаббаты жайлы. Сералиннің ақын ретіндегі басты еңбегі қазақ әдебиетіндегі сюжеттік поэма жанрының бекітілуіне байланысты.
«Топжаған» поэмасы – тарихи поэма. Кенесары Қасымұлының Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы бас көтерген көтерілісі мен ханның ел азаттығы жолындағы күресі, өмір үшін арпалысқан талас-тартыстары баяндалады. Мұхаметжан Сералиннің «Топ жарған» атты поэмасы төңкерістен бұрын жарық көрген тұңғыш реалистік шығарма болып табылады. Қаламгердің бұл шығармасы«Топ жарған» шығармасы 1900 жылы жазылып, сол жылы баспадан жарық көрген. Баспадан ең алған Троицк қаласында шығып, кейін 1903, 1907, 1915 жылдарда қайтадан баспадан шығып, халы арасына кеңінен тараған. Кеңес заманында «Топжарған» поэмасы баспа бетінен бірнеше рет жарыққа шыққан. 1936 жылдан бері қаншама уақыт бойы орта білім беру мектеп оқулықтары мен хрестоматияларында жарияланған болатын. Қаламгердің озық туындылардың бірі болып табылатын «Топжарған» поэмасы туралы айтатын болсақ. Кенесары батырдың көтерілісін баяндап жазған дастан. Бүгінгі оқу бағдарламасынан «Топ жарған» поэмасы оқытылмайды, тек жоғарғы оқу орындарында ХХ ғасыр басындағы əдебиет курсында ақын шығармашылығына байланысты сөз етіледі.
Ал «Гүлхашима» - қазақ даласында бұрыннан белгілі қыз тағдырының айқын көрінісі. Махаббат хикаясына құрылған шығарма. Қазақ қызының бас бостандығы, тап арасындағы тартыстың махаббатқа қарсы болуы барлығы осы шығармаларда толығымен баяндалған. «Гүлкәшима» поэмасына арқау болған тақырып – қазақ қызының бас бостандығы мен махаббат хикаясы. «Гүлқашима» поэмасы бұрынғы поэзияға енген жаңашылдық. Осы дастанның басты негізгі түйін – әйел теңдігі және осы мәселені шешудегі жаңа мүмкіндіктер. Шығарманың негізгі кейіпкерлері поэма соңында жайсыз жағдайға тап болады. Гүлкашима танымайтын бір наданға дәулеті үшін амалсыз ұзатылған сорлы қазақ қызы, ал оның ғашығы Баймахамбет болса кедей таптың өкілі болғандықтан амалсыз сүйгеніне қолы жетпеген арманы асқақ жігіт.
Достарыңызбен бөлісу: |