Титулка мазмұны



бет6/8
Дата10.04.2022
өлшемі73,72 Kb.
#138721
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Титулка мазм ны

Гүлхашима дастаны



«Гүлкәшима» поэмасына арқау болған тақырып – қазақ қызының бас бостандығы мен махаббат хикаясы. «Гүлқашима» поэмасы бұрынғы поэзияға енген жаңашылдық. Осы дастанның басты негізгі түйін – әйел теңдігі және осы мәселені шешудегі жаңа мүмкіндіктер. Шығарманың негізгі кейіпкерлері поэма соңында жайсыз жағдайға тап болады. Гүлкашима танымайтын бір наданға дәулеті үшін амалсыз ұзатылған сорлы қазақ қызы, ал оның ғашығы Баймахамбет болса кедей таптың өкілі болғандықтан амалсыз сүйгеніне қолы жетпеген арманы асқақ жігіт. «Мақсатқа ойға алған жетпеген соң» тірі жүргеннен өлген артық деп, өзін өзі өлтіріп тынады, ол басын өлімге байлауымен ескі салт-санаға ашық қарсылық білдіреді. Ақын бірін-бірі шын жүректен сүйген екі жастың мұндай күйге дұшар болуының басты себебі: «Қазақтың келіспеген ғадетінен» деп біледі; мұны ол екі бүкпесіз ашық айтады.Бірақ автор Баймағамбеттің өлімін құптамайды, ер азаматтың алдына ол халыққа қызмет ету мұратын кесе-көлденең тартады, бұдан сексен жыл бұрын жазылған асыл сөздер, адал ниетпен айтылған ақ бата әлі күнге көне тартқан жоқ алдыңғы аға буын Абай мен Ыбырайдың келер ұрпаққа қалдырған өсиетін қайталап, өзінен кейінгілерге, іні буынға соны аманат етіп тапсырып тұрғандай.«Мұхамеджан Сералиннің «Гүлкәшима» поэмасы – қазақ әдебиетіндегі тұңғыш реалистік поэмалардың бірі. Бұған дейінгі поэмалар негізінен ауыз өдебиеті үлгісіндегі эпостық, салттық жырлар мен ертегідегі Шығыс әдебиегі дәстүріндегі ертек, қиял-ғажайып қиссалар, дастандар еді... тақырыбы, идеялық мазмұны жағынан болсын, сюжеті мен композициясының қисынды, қызықты болып келуі, реалистік жайларды көрсетуі жағынан болсын «Гүлкәшима» бірқыдыру жақсы көркем шыққан поэма, бұл өз заманында жаңа көрініс, үлкен табыс», - деп айтса, «Қазақ әдебиеті тарихының» II томының екінші кітабында М. Сералинге арналған тарауда (ғалым Ә. Дербісәлин) ақынның «Гүлкәшима» поэмасы жайында былай деген: «М. Сералин өз кезеңінің өте үлкен мәселесіне арнап бірінші рет қалам тартқан, қазақ қызының аянышты өмірін шындық түрінде суреттеген жазушы болды. Бұдан М. Сералин өз дәуірінің көкейкесті мәселесін түсіне және оған өз шығармашылығы арқылы белсенді үн қоса білген ақын деген қорытынды туады». Поэма төрт бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімді автор «Сөз басында» деп атап, онда өзі куә болған бір жайды баяндайды. Болған оқиға желісі негізінен мыналар еді: Қалаға жәрмеңкеге бара жатқан автор жолда бір шал-кемпірдің үйіне қонады. Шал мен кемпірдің Баймұхаммет есімді әрі ақын, әрі оқыған жалғыз баласы сол күні үйде жоқ екен. Жәрмеңкенің тарқар шағында ақын бір ғажап хабар естиді. Тобыл өзенінің жағасында бір жас жігіт ғашықтық дертінен өзін-өзі бауыздап өлтіріпті. Бұл жігіт жаңағы шал-кемпірдің жалғыз баласы екен. Қазақ дәстүрімен көңіл айтуға келген ақынға әкесі мен шешесі Баймұхамметтің кітап, дәптер салған сандығын көрсетеді. Ол сандықтан Баймұхамметтің өлең жазған бір дәптері табылады.Екінші бөлім – «Баймұхаметтің дәптері» аталады. Бұл бөлімде Баймұхаммет пен Гүлкәшиманың ең алғаш қалай жолыққаны, өзара қалай хат алмасып тұрғаны, жігіттің қызға өзінің жүрек сырын баяндауы, айттырып қойған күйеуіне ұзатылар тойы, ұзатылып бара жатқанда ішкі сырын жігітке ашып, өзінің де Баймұхамметті бір көргеннен-ақ ғашық болғандығын айтып хат жазып кетуі.Үшінші бөлім – «Қалтадан шыққан қағаздағы сөз». Мұнда Баимұхаммет өз өмірін не үшін қиып бара жатқаны, себеп болған жайт – Гүлкәшимаға ғашық екендігі, сол ғашығына қосыла алмау себебі жырланған.Соңғы төртінші бөлім - «Сөз соңында», сөз ақын атынан айтылады. Ол оқушысына бұл қиссадан қандай ғибрат алдың деп сауал қойып, оған өзі жауап береді. Қазақтың жаман әдетінен екі жас кеп қорлық көрді. Біреуі сол қорлыққа шыдамай, сүйгеніне қосыла алмағанына қапа болып өзін-өзі өлтірді, екіншісі ата-ананың дегенінен шықпай, салт-дәстүрді бұзбай, сүйген жігітін тастап, айттырған күйеуіне ұзатылды. Бірақ ол да бүкіл өмірі қорлықта өтетін, өмір бойы шырағы өшкен сорлы дейді. Мұхамеджан Сералин де өзінің аталмыш поэмасын кейінгі жастарға үлгі, ғибрат болсын деп жазған.«Гүлкәшима» поэмасының негізінен үш-ақ кейіпкері бар. Екеуі жас ғашықтар - Баймұхаммет пен Гүлкәшима. Үшінші кейіпкер – екі жастың іс-әрекетін бағамдап, пайымдап, оқушысына жеткізіп отыратын екі ғашық пен оқушы арасындағы дәнекер тұлға - ақынның өзі. Поэма төрт бөлімнен тұрады. Соның ішінде «Сөз басында» деп айдар тағылған бірінші бөлім мен «Сөз соңында» аталған соңғы төртінші бөлім тікелей ақынның өзінің «басынан кешкен жайттары» – поэманың дүниеге келуіне себепкер болған оқиғалар және одан жасалынған қорытынды ойлар. Бұл жөнінде жоғарыда азды-көпті әңгімелеп өттік. Сондықтан да ендігі сөз етеріміз екі кейіпкер - Баймұхаммет пен Гүлкәшима жайында болмақ. Поэмада айтылар негізгі ойды осы екі кейіпкер көтеріп тұр. Өйткені, поэманың бүкіп сюжеттік желісі, композициялық арқауы осы екі жастың арасындағы іс-әрекетке, сезім түйсінулеріне негізделген, соған бағындырылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет