Тјжірибелік сабаќтыѕ таќырыптары



Pdf көрінісі
бет40/44
Дата17.11.2023
өлшемі1,31 Mb.
#191660
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
Байланысты:
orman biologiyasy met ukaz utebaeva b h

 
Бақылау сұрақтары: 
1.
Адам әрекетінен орманға қандай зиян келтіреді? 
2.
Орман өрті дегеніміз не? 
3.
Орманда болатын өрттердің себептерін атаңыз? 
 
Тақырып 14. Қазақстан ормандары 
Мақсаты: 
Қазақстанда кездесетін орман топтарымен танысып, олардың 
экологиялық жағдайына көңіл аудару
 Жоспар: 
1.
Қазақстанда кезедесетін орман топтары
2.
Орманды қалпына келтіретін ағаш түрлері 
 
Әдістемелік нұсқау 
Қазақстанда шамамен 600 ағаш және бұталар түрлері өседі (лесная 
энциклопедия, 1986). Орман түзуші қылқан жапырақты тұқымдар (породалар) – 
кәдімгі қарағай, Шренк (Тянь-Шань) және Сібір шыршалары, Сібір 
балқарағайы, сирегірек Кедр қарағайы, Түркістан және Казацкий аршасы, 
жапырақты тұқымдардан – ақ сексеуіл, қара сексеуіл, зайсан сексеуілі, үлпек 
және қотыр қайыңдар (
Betula
), көктерек (
Populus tremula
), қаратерек – тополь 
черный (
Populus nigra
), ақтерек – тополь белый (
Populus alba
), тау терек – ива 
древовидная (
Salix arbuscula
), қара қандыағаш (ольха черная).Қазақстан 
ормандары - орман өсімдіктері жағдайына байланысты 7 топқа бөлінеді: 
1.
Орманды дала; 
2.
Дала; 
3.
Жартылай шөл; 
4.
Шөл аймақтары; 
5.
Алтай және Сауыр; 
6.
Солтүстік Тянь-Шань. 
Орманды дала ормандары - қайыңнан және көктеректен тұратын шоқ 
ағаштар. 
Дала аймағында сирек қайыңдар және көктеректен тұратын шоқ ағаштар 
және арал тәрізді қарағайлы ормандар, ұсақ шоқыларда –қарағайлықтар 


52 
(сосняки), Ертіс өзені маңында таспалы қарағайлы ормандар, Орал, Ертіс, Есіл, 
Тобыл өзендері аңғарында аңғарлық ормандар (Ветла терек) болады.
Жартылай шөлдер аймағындағы ормандар жазықтықта ұсақ шоқыларда 
орналасқан. Оларда аңғарлық ормандар болады. 
Шөл аймағында сексеуілдер және тоғайлардағы ормандар Іле және 
үшкіржеміс жиделер, ақтал, Жоңғар, Іле, Каспий талдары және т.б., теректер 
(тораңғы), жыңғылдар түрлері Сырдария, Іле, Шу, Қаратал жағалауларында 
кездеседі. 
Алтай және Сауыр тауларындағы ормандар 600 м - 2500 м дейін орналасқан. 
Ол ормандар - Қалбы тау жотасының қарағайлы ормандары, Алтайда 
Рудныйдың қара қылқан ормандары және оңтүстік Алтай және Сауыр 
жапырақты ормандары болып бөлінеді.
Қазақстанда мемлекеттік орман фондының жалпы ауданы - 21,1млн га (1989). 
Ормандылық – 3,35%, бір адамға 0,61 га орман келеді. И. И. Ролдугин, А. М. 
Родионов (1999) мәліметтері бойынша,Қазақстанда орман фондының жалпы 
ауданы - 25 млн га., оның ішінде орманмен жамылғаны 11,4 млн га., 
ормандылығы - 4,2%. Орманмен жамылған мемлекеттік орман фондының 
ауданы - 8,9 млн га., оның ішінде қылқан жапырақтылар - 18,1%, қатты 
жапырақтылар – 52,4%,жұмсақ жапырақтылар - 14%, қатты жапырақтылар 
тұқымдарына қайың, емен, шамшат, граб, шаған (ясень), үйеңкі, сексеуіл 
жатады.Олар қатты сүректер береді. Жұмсақ жапырақтылар тұқымдарына – 
көктерек, қандыағаш, жөке, терек, тал және т.б. жұмсақ сүрек беретін 
породалар жатады. 
Орманды қалпына келтіруде пайдаланылатын негізгі тұқымдар –кәдімгі 
қарағай (
Pinus sylvestris
) – сосна обыкновенная, қотыр қайың (
Betula pendula
) – 
береза повислая, терек (
Populus
) – Солтүстік Қазақстанда; Сібір шыршасы, 
Сібір самырсыны, Сібір балқарағайы,кәдімгі қарағай, қотыр қайың – Шығыс 
аудандарда, Шренк шыршасы, Сиверс алмасы, кәдімгі өрік және т.б. – Оңтүстік 
Қазақстан тауларында, қара сексеуіл – шөлді аймақта. Қазақстанда қорғайтын 
екпе ағаштар ауданы - 120 млн га., оның ішінде егістік қорғайтын орман 
алқаптары - 80 мың га (1980). Егістік қорғауға егілетін негізгі тұқымдар 
бұтақты қараағаш (
Ulmus pinnataramosa
- вяз перистоветвистый), қотыр қайың 
(
Betula pendula 
- береза повислая), бальзамды терек (
Populus balsamifera 

тополь бальзамический), ақтерек (
P. alba 
- тополь белый), лавр жапырақты 
терек (
P. lanciferia 
- тополь лавролистный), үшкіржеміс жиде (
Elaeаgnus 
охусагра 
- лох остроплодный) және т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет