Тлеубергенова кенжекей ахметвалиевна



Дата31.01.2018
өлшемі78,63 Kb.
#36619
ӘОЖ .91:373:372.8.

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ФИЗИКА – ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ҚАСИЕТІН КӨРСЕТЕТІН АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТОПОНИМДЕРІ

ТЛЕУБЕРГЕНОВА КЕНЖЕКЕЙ АХМЕТВАЛИЕВНА

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің доценті, пед.ғыл.кандидаты

Бұл топтағы топонимдер ішінара бірнеше топқа бөлінеді. Олар табиғат көрінісі мен ауа-райына, өзен, көл сулардың үлкен-кішілігіне, дәміне, өсімдіктер мен жануарлар атауларына байланысты және түр-түс пен сан есім, қазба байлықтар атаулары мен жер бедеріне байланысты сөздерден қойылған топонимдер:



1 Өсімдік атауларына байланысты қойылған топонимдер.Бұл өлкеде кездесетін тал, терек, қамыс, ағаш, қарағай, қараағаш, өлең, өрік, жиде, жусан, ши, арша, қурай, қайың, шеңгел, ырғай, алма, шілік, т.б сөздердің қосылуы арқылы жасалған жер – су аттары тән, мысалы: Алмаарасан, Алмалы, Алмалыбақ, Алмалық, Алматы, Талдықорған, Талды, Талдыбұлақ, Көктал, Қаратал, Жағатал, Қызылқайың, Қайыңды, Жиделі, Қызылжиде, Көкжиде,, Қаражиде, Аршалы, Қараарша, Аршалыбеткей, Ақтерек, Көктерек, Бестерек, Теректі, Қарағаш, Бесағаш, Жалғыағаш, Ұзынағаш, Қызылағаш, Қарағай: Қарағайлы, Қарағайлытау, Ойқарағай[4].

2.Жануарларға байланысты топонимдер:Арқар, Арқарлы, Құланбасы, Құлантөбе, Қошқар (тау), Қошқаркөл,Қоян: Қоянды, Қояндытау – тау, Қоянкөз, Жыланды – ауыл, Бүғыты – тау.

3 Түске байланысты атаулар: Ақбалық, Ақбастау, Ақбұлақ, Ақдала, Ақешкі, Ақкөл, Ақсай,Ақши, Қарабастау, Қаракемер, Қарақия, Қарашоқы, Қараөзек, Қарасаз, Қызылтаң, Қызылжар, Қызылбалық, Қызылжамбас, Қызылсоқ,Көктөбе, Көкшоқы, Көкбел, Көктекше, Көктал, Көкқайнар, Сарыөзек, Сарытөбе,Сарыесік,Сарыбұлақ,Сарыжаз,Сарытауқұм.

4 Адамдардың іс- -әрекеті, тұрмысы және қоғамдық өмірмен байланысты атаулар:

а) Көшпелі өмір бейнелерін көрсететін атаулар: Жетіжол, Жүзасу, Тіікқия асуы, Үйсінасқан – асу, Есекартқан – асу, Қараштың сазы, Қастек асу, Естібай асуы, Көпір – ауыл, Көшпелі тауы, Қалмаұасу, Қастек асуы, Жүзасу, Қалмақан биігі;

ә) Жер шарушылығына байланысты атаулар: Ақдала – ауыл, Алмалы, Алматау, Бестоған, Бозой,Егінсу, Жағақұрылыс, Желдіайрық, Қосқұдық, Құрқұдық, Қызыларық, Тастыөзек, Тастөбе;

б) Елдің қоғамдық өмірі мен тұрмыс жайынан мағлұмат беретін атаулар. Тұрғын елдің тұрмысы, мәдениеті мен өресі, оның қоғамдық өмірі жайлы мәлімет беретін жер – су атаулары да аз емес. Ол жер – су аттарын бірнеше топқа бөліп қарастырудың реті бар:

* жергілікті тұрғындардың хал – жай, тұрмысына байланысты атаулар: Алғабас, Береке, Диқан, Жаңақұрылыс, Жаңашаруа, Кеңқарын, Балғалы, Балықшы, малшат, Тиірмен, Жерсуат, Тұздыбастау;

* әдет – ғұрып, салт – сана, ойын – сауықпен байланысты атаулар: Мәдениет, Өрнек, Аманбөктер, Арқанкерген, Байбұлақ, Еламан, Ешкіөлмес, Кіндіктас, Қаншеңгел, Қоскүмбез, Біріншімай, Сантас, Балтабай;

* туыстық, ағайын, жекжат пен діни көзқарасқа байланысты жер – су аттары өлкеде тым сирек кездеседі. Мысалы: Қыземшек , Қатынсу - өзен, Төрежайлау, Әулиеағаш, Мұсылмансай - өзен;

* жаугершілік ел қорғау, батырлық жайлармен бйланысты атаулар: Аңырақай – ауыл, Қырғынтекше, Ереуілтөбе, Жауғашты, Жауынгер, Жеңіс, Қарауылтөбе, Қорған, Ойрантөбе, Орбұлақ;

* мал атауларымен (фаунамен) байланысты атаулар: Айғыржал, Алаайғыр, Ақешкі, Бозінген, Бура, Буратал, Есекартқан, Ешкіөлмес, Жиренайғыр, Торайғыр, Тұлпар, Қозыбасы, Қошқар, Қошқаркөл, Қойтас, Тайқабай, Тайсаурық, Мыңжылқы, Тұлпар, Шыбышы;

* жергілікті жердің қоныс, жайлауларын білдіретін атаулар: Белжайлау, Ойжайлау, Жайлау, Төрежайлау, Асы, Қарқара, Шалкөде, Сырт, Аралтөбе, Бозой үстірті, Екіаша, Жабық жотасы, Күреңбел, Мыңбұлақ т.т. Бұл көрсетілген мысалдар Жетісу өлкесінің жер- су аттарының шағын бөлігі ғана. Олардың барлығы болашақта шығатын жеке ғылыми монографияда толық көрсетілмек.

5 Сын есімдерден жасалған топонимдер. Өлкедегі жер- су аттарының сын есім сөздерден жасалуына белгілі бір себептер бар. Жердің бет- бедерін, ой- шұңқыр, тр- түс, үлкен- кішілігін, жазық қыр қыраты екендігін, судың дәмінің ащы- тұщы, иісін білдіретін сөздер, негізінен сын есімдер. Ондай сын есімдердің қатысы арқылы жасалған топонимдер дара және біріккен тұлғалы болып келеді. Біріккен не күрделі тұлғалы топонимдердің анықтауыш компоненттері үнемі сын есімдерден құралады. Сын есімнен жасалған топонимдер бірнеше лексикалық топтардан тұрады[3]:

-түр- түске байланысты топонимдер;

-судың, өзен, көлдің ащы- тұщы дәміне байланысты топонимдер;

-заттың, судың, өзен, көлдің, т.б. ұзын- қысқа, терең- таяздығына, жақсы- жамандығығына байланысты топонимдер;

-жердің тау шыңның ауыл, аймақтың үүлкен кішілігіне, ескі- жаңалығына байланысты топонимдер;

-жер- судың, ауа райының ыстық- суықтығына, табиғат құбылысына байланысты топонимдер;

-өзен – көлдің, бастау мен бұлақтардың сыр- сипатына, терең- таяздығына, тазалығы мен лайлы түріне байланысты топонимдер.

Құрамында қатыстық және сапалық сын есімдер арқылы жасалған Жетісу топонимдері өте көп. Олар құрлымдық жүйелері жағынан республикамыздың басқа облыстарындағы топонимдік жүйеге ұқсас та сәйкес. Бұның өзі жер- суға ат қойып, айдар тағу дәстүріндегі әдет- ғұрып, себеп- салдардың халыққа тән ортақ ой- өрісі, оның мәдени дәрежесімен біртұтас, өзгермес бірдлікте екендігін толық көрсетеді.

6 Сан есімдер арқылы жасалған топонимдер. Қазақ тіліндегі жер- су аттары құрамындағы сан есімдер лексика- семантикалық тұрғыдан алсақ, ономастикалық кеңістікке тән топоним, антропоним, этноним, космонимдер құрамында кейбір сан есімдер өзінің бастапқы мағынасынан ауытқып, басқа мағынаға ие болып келетіні байқалады. Бұл жағдай бір ғана аймаққа тән құбылыс емес. Алайда есептік сан есімдердің негізгі, тура мағынасында қолданылатыны белгілі.

Қазақстанның кең байтақ өлкесіндегі жер- су аттарының біразы сол сан есімдер мен жұп сөздердің қатысы арқылы жасалынатынын республикалық, облыс карталарында берілген жер- су аттарына да анық көруге болады. Ондай отпонимдер Жетісу өлкесінде де баршылық. Олардың ішінде "үш", "бес", "жеті", "тоғыз", "мың" сөздері құрамында келіп, "киелі", "қасиетті" мәнде қолданылып, этонграфиялық ұғым беріп тұрған атаулар тым сирек.

Бұл өлкеде есептік сан есім арқылы жасалған топонимдер құрамы төмендегідей.

Бір (1) сан есіммен байланысты топонимдер некен- саяқ болғанымен, оның синонимі жалғыз сөзінің қосылуы арқылы жасалған Жалғызағаш- жер, Жалғызағаш- ауыл атаулары бар. Ал екі (2) сан есімі құрамында бар топонимдер де санаулы ғана болғанмен (Екіаша, Екіөгіз), екі сөзінің синонимі саналатын қос сөзі құрамдарында келетін: Қосқолаң, Қоскүмбез, Қосөзен, Қостөбе, сияқты атаулар бары аян. Үш (3) сан есіммен байланысты топонимдер саны онҮш (3) сан есіммен байланысты топонимдер саны онға жуық. Олар: Үшарал- қала, ауыл, Үшбұлақ- ауыл, Үшбүйен- өзен, Үшжарма- ауыл, Үшкөл- көл, Үшқақпақ- тау, Үшқараш- тау, Үшқарқара- тау, өзен, Үшқашар – таулы мекен, Үшқоңыр- жайлау, Үштөбе- қала.

Құрамында үш сөзі бар жоғарыда аталған атаулар нысанның ( объектінің) нақты санын білдіргені болмаса "киелі", "қасиетті" ұғымды көрсетіп тұрмағаны кімге болса да айқын да анық көрініп тұр.

Сол сияқты бес сөзі құрамдарында бар: Бесағаш, Бесбатыр, Бескөл, Бесқайнар, Бесмойнақ, Бестас, Бестоған, топонимдерінің де берер мағынасы белгілі бір заттың нақты 5 екенін білдіріп тұр. Мұнда да жалпылық, көптік мағына байқалмайды. Алтыүй атты ауыл аты да осы тектес. Мұндай құбылысты Жетіген, Жетіжол, Жетісу топонимдерінен де байқаймыз. Бірақ Жетіген, Жетісу атауларының да түп мағынасы бірдей сияқты көрінеді. Оған дәлел- көне түркі тілінде- ған, -ген, -қан <-хем сөзінің "өзен " мәніндегі сөзі екені ғана. Сонда Жетіген- "Жетіөзен", "Жетісу" дегенге саяды[4].

Бұл өңірде тоғыз сөзімен байланысты Тоғызбұлақ, Тоғызтарау, ал он сөзімен байланысты Онжас деген атаулар ғана бары байқалады. Бұл атаулардың да берермағынасы "бұл жерде тоғыз бұлақтың", "тоғыз тарау жолдың"барын , Онжас- "белгілі бір мерзіммен" байланысты қойылғанын аңғартып тұр. Ал Мыңжылқы, Мыңбұлақ, Мыңшұңқыр атаулары белгілі бір нәрсенің мың санын емес, "көптігін" мегзей қойылға сияқты.

Сан есімдердің қатысы арқылы жасалған топонимдер:

Бес: Бесағаш, Бескөл, Бестоған, Бестас, Бесқайнар, Бесқасқа

Тоғыз: Тоғызбұлақ, Тоғызтарау

Қос: Қосқүдық, Қосөзен, Қоскүмбез, Қосағаш

Жеті: Жетіжол, Жетісу

Екі: Екіаша, Екіөгіз

Үш: Үшарал, Үшбұлақ, Үшқоңыр, Үштөбе,Үшқараш.

Мың:Мыңбұлақ, Мыңшұңқыр, Мыңжылқы .

Жоғарыда көрсетілгендер мысалдар Жетісу өлкесінің топонимдер жүйесінде сан есімдердің қатысуы арқылы жасалғандардың аздап болса да белгілі дәрежеде орын алғанын байқатады. Олардың ішінде есептік сан есімдерден жасалғандармен қатар жұптық мағынасындағы сан есімдік сөздердің де қалыптасқанын анық көреміз. Олар нысанның (объектінің) екеу екенін не қатар тұрғанын көрсетумен қатар, әлдебір себеп, уәжбен де байланысты болып келеді[4].

7 Етістік тұлғаларының қатысы арқылы жасалған топонимдер саны 20 шақты ғана. Олар: Алғабас, Бұрған, Деғмікпе, Есекартқан, Жаурынбайлаған, Жеңдік, Сақтан, Терісаққан, Ұмтыл, Үйсінасқан, Шоқанасқан асу. Көрсетілген топонимдер құрамыдағы бас, пе, артқан, байлаған, жеңдік, ақтан, аққан, асқан, сияқты етістік тұлғалар көбіне біріккен тұлғалы атаулардың анықтаушы компоненттері ретінде қолданылып отырғын. Етістікті топонимдердің республика көлеміндегі мыңдаған топонимдер құрамында мол екені даусыз.

Алматы облысындағы топонимдерінің жасалуында да лексика- синтаксистік тәсіл бары анық байқалады. Құрамды топонимдер құрлымына қарай анықтауыш, конструкциялы топонимдер және есім конструкциялы топонимдер ретінде екі топқа бөлінеді. Жетісу өлкесі топонимдерінің қазақша жазылуы қазақ тілінің орография заңына сай жазылса, орысша жазылуында ҚР Білім және Ғылым министірлігінің А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл Білімі институты мен География институты дайындап, ҚР Үкіметі жанындағы Мемлекетттік ономастика комиссиясы бекіткен "Инструкция по русской передаче казахских и казахской передаче русских географических названий Республики Казахстан " ( Алматы, 2002) атты еңбекке сүйендік.

Алматы облысындағы атаулардың келесідей түрлері бар. Олар: тау атары (оронимдер), өзен, көл атары (гидронимдер), елді мекен атары (ойконимдер), кісі атарынан қойылған жер-су атары (антропотопонимдер), ру, тайпа, ұлыс, халық атарына қойылған жер-су атары (этнотопонимдер), үй хайуандары мен жан-жануар атарына қойылған жер-су аттары (зоотопонимдер).

Пайдаланған әдебиеттер

1 .Мурзаев Э.М. Очерки топонимики. - М.: Мысль, !974

2.Конкашпаев Г.К. Словарь казахских географических названий. - Алма-Ата,1963

3.Хасанов Х.Х.Ценный источник о топонимике Сред. и Цент. Азии.-В кн.:Т.В.-М.Л962.

4.Жетісу энциклопедиясы А., 2004



Резюме

В статье рассматривается топонимы Алматинской области, обозначающие физико-географические свойства окружающей среды.



Summary
The article discusses the place names of Almaty region, indicating physical and geographical properties of the environment.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет