Автономия дегеніміз басқарудағы тәуелсіздікті білдіреді. Егер ата-анасы балаға іс-әрекетте белгілі бір тәуелсіздікті берсе бала өзіне сенімді болады, ал керісінше болса бала ұят сезімі мен сыртқы орта және өзін басқара алудағы күмәнді сезінеді.
Осы кезеңде игерілетін жақсы психоәлеуметтік қасиетке ерік күші жатады.
03
3-6 жас аралығын қамтиды. Бұл кезеңде болатын психоәлеуметтік дағдарыс инициативтілік-кінәдан тұрады.
Егер ата-анасы баланың өзін басқаруда тәуелсіздік беріп, оның талпынысы мен инициативасын қолдаса, балада мақсат қою мен оған жету сияқты жақсы психоәлеуметтік қасиет игеріледі. Ал, егер бала кінә сезімін сезінетін болса, ол үлкендерге тәуелді болып, өз-өзіне жауап бере алмайтын болады.
04
6-12 жас аралығын қамтиды. Бұл кезең баланың логикалық ойлауы мен өзіндік дисциплинасының артуымен байланысты. Бұл кезеңге тән дағдарысқа еңбекқорлық-біліксіздік жатады. Бала мектепте оқу арқылы еңбекқорлыққа бауланады, бірақ егер бала өзінің қабілеттеріне сенімсіз болса балада біліксіздік сезімі орын алады. Біліксіздік сезімін жеңе отырып, балада жақсы психоәлеуметтік қасиет – құзіреттілік игеріледі.
05
12-19 жас аралығын қамтиды. Бұл кезеңнің позитивті жағында эго-сәйкестілік(эго-идентичность), ал негативті жағында рөлдердің араласуы(ролевое смешение) тұр.
Эго-сәйкестілік – адамның өзінің ерекшелігін сезінуге мүмкіндік беретін өзі туралы идеялар жиынтығы. Жасөспірімдердің өзінің жеке сәйкестілігін білмеу рөлдердің араласуы н/е сәйкестіліктің дағдарысына әкеледі. Бұл дағдарыс кезінде жастар өзінің пайдасыздығын сезінеді. Бұл әдетте болашақ мамандықты таңдай алмауда көрінеді. Дағдарыстан шығу арқылы тұлғада адалдық қасиеті игеріледі.
06
20-25 жас аралығын қамтиды. Бұл кезеңге тән дағдарысқа интимдік-изоляция жатады. Эриксон бойынша, интимдік дегеніміз адамның өзінің сәйкестігін жоғалтпай, басқа адамның сәйкестілігімен қосу. Ал изоляция – тыныш және сенімді қарым-қатынастарды құруға қабілетсіздік.