Стресс ауруды тудырушы фактор ретінде - Қазіргі өмірде стрестен қашып құтылу мүмкін емес. Ауа-райының күрт ауысуы, жұмыстағы проблемалар, көліктегі ұрыс-керіс, кездесуге кешігу, отбасындағы келеңсіздіктер...Кей адамдар мұндай стрестерге бейімделген, қандай проблеманы болмасын шыбын шаққан құрлы көрмейді. Екінші біреулер салы суға кетіп, ауруына ауру жамап жатады. Демек, бұл тек көңіл-күйге әсер ететін психологиялық фактор ғана емес, адам денсаулығына кейде шешуші әсер ете алатын медициналық проблема.
- Кез-келген стресс те ағзадағы мидың қозуынан басталып, вегетативті нерв жүйесі жұмысы күшейі түседі, артериалды қан қысымы көтеріледі, жүрек соғысы жиілейді, стрестегі жағдайға бейімделуге, қарсы тұруға көмектесетін көптеген өзгерістер жүзеге аса бастайды: көңіл-күй бұзылады, ұйқы нашарлайды, эмоционалды қозу байқалады, жүрек қағысы және дем алу нашарлайды.
Созылмалы стресс салдары Ұзаққа созылған келеңсіз жағдайлар, күн сайын еңсені езетін нәрселер — адам денсаулығы үшін өте зиянды. Өйткені, бұл жағдайда, ең алдымен, артериалды гипертония, бронхиалды астма, жүректің коронарлы аурулары, қант диабеті сияқты психосоматикалық аурулар пайда болады. Стресс бізге алдымен ағзаның спецификалық емес қорғаныс құралы ретінде белгілі болады. Бірақ ол ұзақ мерзімге созылған жағдайда ағзаның қорғаныс күштері әлсірей бастайды. Адам психикасының саулығын білдіретін үш деңгей:
психофизиологиялық саулық деңгейі
- орталық жүйке жүйесінің қызметімен, жағдайымен анықталады;
жеке психологиялық саулық деңгейі
- психикалық іс-әрекетінің жағдайымен, қызметімен анықталады;
тұлғалық саулық деңгейі
- адам қажеттіліктері мен әлеуметтік орта талаптары, мүмкіншіліктері арасындағы қатынаспен анықталады;
Психикалық белсенді заттарды қолдану мен зиянды әдеттер денсаулықты әлсіретуші фактор ретінде - Психикалық денсаулыққа әртүрлі әлеуметтік байланыстар әсер етеді, мысалы, отбасы, достарымен, туысқандармен қарым-қатынас, қызмет, демалыс, басқа ұйымдарға қатысы. Бұл әсерлердің нәтижесі жағымды да, жағымсыз да болуы мүмкін. Тек психикасы сау адамдар әлеуметтік жүйеде белсенді атсалысады. Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің әлеуметтік бейімделуінің бұзылуы отбасымен, мектеппен әлеуметтік қарым-қатынастың бұзылуынан, психикалық денсаулықтың ауытқуынан, алкоголизм мен нашақорлыққа салынудан, суицид әрекеттері мен қылмыстың өсуінен білінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |