- Денсаулық психологиясы психологиялық ғылымның саласы ретінде денсаулыққа қатысты құбылыстардың психологиялық аспектісін зерттеуге бағытталған.
- Қоршаған орта жағдайында адам денсаулығына әсер ететін психологиялық факторларды анықтайды, бақылайды, тіркейді, талдау жасайды, болжайды және қолдану саласын айқындайды.
Психологиялық сау адам ұғымы - Психологиялық сау адам – бұл қанағаттанушылық принципін шындық принципімен үйлестіре алушы адам.
- Психологиялық саулық – психикалық саулықтың психологиялық аспектілері: адамның жасерекшелік, әлеуметтік, мәдени рольдерін адекватты орындау шарты; адамның өмір бойы үздіксіз даму мүмкіндігіне байланысты.
Денсаулық психологиясы - Психика саулығы дегеніміз – адам мен сыртқы ортаның тепе-теңдік жағдайы, оның әлеуметтік ортаға, физикалық, биологиялық және психикалық ықпалдарға қатысты реакциясының сәйкес болуы, жүйкелік реакция күші мен сыртқы тітіркендіргіштер арасындағы сәйкестігі, адам мен оның айналасындағылар арасындағы үйлесімділік, адамның шынайы объективтілік жайлы пікірінің басқа адамдардың пікірлерімен ұштасуы, өмірдің кез-келген жағдайына сын көзбен қарауы.
Аурулардың пайда болуы мен денсаулықты нығайтудың психологиялық факторлары Денсаулыққа немесе аурудың пайда болуына әсер ететін өзара байланысты психологиялық факторлар: - Тұлғалық қасиеттер және типтік мінез-құлықтар. Оған мысал: өркөкіректік, агрессивтілік, ашуланшақтық, шыдамсыздық, дұшпандық, қозғыштық сияқты басым эмоциялық жауап реакциялары.
- Жағдаяттарға жауап берудің жеке даралық ерекшеліктерімен байланысты реакциялар: оптимистік немесе пессимистік көзқарас, өзіндік «Мен» қатынасы мен бағасы.
- Эмоциялық жауап беру реакциясына байланысты мәселелер.
Д. Давиденко денсаулықтың 4 компонентін анықтайды:
Ұлағаттық
Ақыл-ой
Физика-лық
Соматика-лық
Достарыңызбен бөлісу: |