«Тұлғаның эмоционалдық және еріктік жағдай күйлері»



бет3/4
Дата08.02.2022
өлшемі23,02 Kb.
#98063
1   2   3   4
Байланысты:
Мерейййййй

Cезім білдіру
Сезімдер адамның сырт пішінінен жақсы байқалады олар адамның мінез - құлқына және жағдайына, сондай - ақ, ішкі органдарының жұмысына да ықпал жасайды. Абыржу кезінде біз жүректің қатты соққанын, қан тамыры соғуының жылдамдауын басымыздан өткіземіз, біздің дем алуымыз қиындайды, қол - аяғымыз дірілдей бастайды, кейде адамның ыстығы көтеріліп кетеді керісінше де болуы мүмкін: маңдайдан суық тер шығады, қалшылдай бастайды, кезден жас сорғалайды. Сезім кісінің бет әлпетінен де, мимикасынан да керінеді
Сезім мен эмоцияның сыртқа тебуінің айқын көрінісі — күлу мен жылау. Әйгілі ғалым Ч.Дарвин (1809 — 1881) мәнерлі қозғалыс әлпеті адамның арғы тегінің тіршілігі үшін пайдалы болған әрекеттердің қалдығы екенін дәлелдейді.
Адам күйінің өгеруіне байланысты даусының өзгеруі оның көңіл күйінін, қандай екенінен хабардар етіп, кісінің ішкі сезімі мен эмоциясы көз нұрынан, бет ажарынан, қимыл - қозғалысынан аңғарылып тұрады. Адамның сезім күйлері пнеймограф аспабымен зерттеледі. Аспап зерттелуші адамның кеудесіне байланады да, оған «өмірінде басыңнан кешірген қайғы-қасіретіңді есіңе түсір», — дейді.
Сезімдердін пайда болуында динамикалық стереотиптердің мәні үлкен. Павлов былай деп жазды: «Динамикалық стереотипті қондырып және қолдап тұрғандағы ми сыңарларының нерв процестерін кәдімгі өзінің екі негізгі — жағымды және жағымсыз категориясы бар сезімдер» деп атайтындығын ойлау керек.
Павлов жағымсыз әсерлердің себебі қозу және тежелу процестерінің, ол айтқандай «қағысуында» деп есептейді. Өзге психикалық процестер сияқты сезімдер табиғаты сырттан және іштен келетін тітіркендіргіштерге жауап беретін рефлекторлық әрекетпен байланысты. Сезімдердің физиологиялық негізі баска психикалық процестермен салыстырғанда әлдеқайда күрделі. Ми қабынан да бұрын пайда болған оның астыңғы қабатының орталықтарында және вегетативтік жүйке жүйесіндегі процестер де бұл қызметке қатысады. Ми жарты шарларының қабында сырткы және ішкі әсерлерге байланысты жүйкелік қозулар иррадиация заңы бойынша ми қабының астыңғы қабат орталықтары мен вегетативтік жүйке жүйесіне жайыла бастайды және оларды қоздырады. Соның әсерінен қан тамырларының қимыл реакциясы күшейеді, беті қызарып, бозарады, қаны сыртқа тебеді, ішкі секреция бездерінін продуктысын бөліп шығарады.
Сезімнің негізгі көзі адамның іс - әрекеті болып табылады. Он­да таным процестері үлкен орын алады. Біз айналамыздағы өмірді қабылдаймыз (біз үшін сүйкімді, әсем не ұсқынсыз жаманды көреміз, естиміз, пайдалы не зиянды, қауіпті т.б. байқаймыз), сөйтіп бізде осыларға сай жағымды не жағымсыз сезімдер пайда болады.
Сүйсініп істейтін жұмыс шаттық сезім туғызады; ұнатпайтын іс, еңбек адамды қажытады көңіл күйін төмендетеді. Жұмыс процесінде кездесетін қиыншылыктар адамдардың әр қилы эмоциясын туғызады. Бір жағдайларда адамда өкініш, дәрменсіздік, өз күшіне сенбеушілік сезімі пайда болады, екінші бір жағдайда, кездескен қиыншылықтар адамды қайраттандыра түседі, ерекше сүйсінерлік сезім шақырып, бон­ды сергітіп, кедергіні женетіндей күрес шаттығына бөлейді.
Еңбектегі сәтсіздікке де адам әр түрлі қарайды. Біреулер еңсесі түсіп, қайғырған, үмітсізденген және үрейленген сезімді басынан өткізеді, ал екінші біреулер сергек көңіл күйін сақтап, күш - қуатын бойға жиып, жұмыста көтеріңкі өрлеу үстінде бола­ды. Осы барлық әсерлер белгілі дәрежеде адамның өз алдында тұрған міндеттерге көз қарасына, борышын сезіне білуіне, алға қойылған мақсатқа жетудің қажет екенін қаншалықты түсінуіне байланысты.
Егер сезім көзі іс - әрекет болса, онда сезім де іс - әрекеттің сан алуан түрлеріне зор ықпал етеді. Сөз, егер ол сезімге толы, эмоциялы бояулы болса, адамға күшті әсер туғызатынын есте сақтаған жөн. Сөйлеушінің (артистің, шешеннің, мұғалімнің) күшті сезімі әдетте тыңдаушыларына да ауады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет