Тмд елдерінің ішінде Ресейден кейін екінші орында тұр



бет3/14
Дата05.05.2020
өлшемі0,6 Mb.
#65757
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
казахстан географиясы

Климаты[өңдеу]


Қазақстан климатының шұғыл континенттілігі мен құрғақшылығы географиялық орыны мен мұхиттан алыс жатуына байланысты. Солтүстігінде қоңыржай суық, жазы қоңыржай жылы, оңтүстігінің қысы жылы, жазы ыстық және құрғақ.

Қазақстанның кең байтақ аумағына байланысты, мемлекеттің түрлі аймақтарында ауа райы айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін. Мысалға, оңтүстікте егін егу басталып жатқан кезде, солтүстік жерінде әлі қар жатып, боран соғып тұруы ғажап емес.[4]

Қазақстан климатының қалыптасуына арктикалық, қоңыржай теңіздік және тропиктік ауа массалары әсер етеді. Қазақстандағы ең суық ай - қаңтар. Қаңтардың орташа температурасы солтүстікте -19°С (Петропавл), оңтүстікте -2°С (Дарбаза), кей күндері солтүстік-шығыста -54°С-ге дейін барады.

Қазақстанның ең жылы айы - шілде. Шілденің орташа температурасы - солтүстікте +19°С, оңтүстікте +28 °С +30 °С, ең жоғарғы температура солтүстікте +41 °С, оңтүстікте +47 °С болып келеді.

Жиынтық радиация мөлшері солтүстіктен оңтүстікке қарай 4200-5500 МДж/м² тең. Қыста - ауаның қысымы жоғары. Жазда - ауа қысымы төмен. Қоңыржай, тропиктік, арктикалық ауа массаларды жыл бойы республика аумағында өтеді.

Қазақстанда кездесетін желдер: Сайқан, Ебі, Шілік, Арыстанды-Қарабас, Қордай, Мұғалжар желдері. Жоңғар қақпасында үнемі жел соғып тұрады.[5]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет