Тмд елдерінің ішінде Ресейден кейін екінші орында тұр


Географиялық зерттелу тарихы[өңдеу]



бет4/14
Дата05.05.2020
өлшемі0,6 Mb.
#65757
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
казахстан географиясы

Географиялық зерттелу тарихы[өңдеу]

Антикалық кезеңдегі (ерте кездегі) зерттеулер[өңдеу]


  • Геродот (б.з.б. V ғ.) Каспий теңізінің тұйық алап екені, шығысында шексіз жазық өңірі жатқаны туралы баяндаған. Еңбектерінде Жайық, Жем, Еділ өзендері туралы мәліметтер келтірген.[6]

  • К. Птолемей (б.з.б. 90-160 ж, ІІ ғ). Сырдария, Әмудария Каспийге құяды деген. Арал теңізін (Оксиан) картаға түсірген.[7]

  • Страбон (б.з.б. 63-24 ж) Каспий теңізін тұйық алап емес, Солтүстік мұхиттың шығанағы деп, ал Арал теңізін Каспийдің шығанағы деп есептеген. Сырдария мен Әмудария туралы дұрыс мәлімет қалдырған.[8]

Ұлы Жібек жолы[өңдеу]


Қытай жазба деректерінде б.з.б. II-I ғасырларда Үйсін мемлекетінің Қытай өкіметімен қарым-қатынастары жайлы мәліметтер бар.



Ұлы Жібек жолы.

Жібек жолының басы Қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аймақтан басталды. Ол Ұлы Қытайдың батыс шетінен өтіп, Іле өзенімен Ыстықкөлге жетеді. Жол осы арада батысқа және солтүстік-батысқа қарай шығу үшін оңтүстік, солтүстік бағыттарға тармақталады. Оңтүстік бағыт Ферғана, Самарқан, Ирак, Иран, Сирия елдері мен Жерорта теңізіне шыққан. Ал солтүстік бағыт Оңтүстік Қазақстанда Испиджаб (Сайрам) қаласына келіп және екі тармаққа бөлінген. Біреуі Орта Азияға қарай, екіншісі Түркістан арқылы Сырдарияның төменгі ағысымен батыс Қазақстанға шығып, Еуропаға қарай өткен. Сауда қалалары Оңтүстік Қазақстанда - Суяб, Құлан, Тараз, Отырар, Баласағұн, Сайрам, Сауран.[9]

Ежелгі заманнан XVIII ғ. 30-шы жылдарға дейінгі аралық[өңдеу]


Бұл дәуірде саудагерлер мен елшілердің кездейсоқ саяхаттарының нәтижесінде қазақ жерінің сыртқы көрінісі туралы үздік те қарапайым деректер жинақталған.

Әбу Насыр Әл-Фараби қазақ жеріндегі қазіргі географиялық атаулардың қалыптасуына үлес қосты, астрономиялық зерттеулері (күн сағат, т.б.) қазақ жері туралы мағлұматтарды толықтыра түсті.

Махмұд Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрк» деген еңбегінің географиялық маңызы зор болды. Ғалымның қолжазба күйінде сақталған дүние жүзінің «дөңгелек картасына» қазақ жеріндегі көптеген нысандарды түсірді. Сонымен қатар ол Қазақстандағы географиялық атауларды табиғат жағдайларымен байланыстырып түсіндіруге тырысты. Қазақстан мен Орта Азия аумағында болған кейбір тарихи оқиғалар жайында (мәселен, Ескендір Зұлқарнайын жорығы туралы) құнды мәліметтер келтіріледі.[10]

Елюй Чу - Цай (1219) мен Чань Чунь (1221) Іле-Талас өзендерінің аралығындағы елдер туралы мәліметтер жинаған. Талас, Сырдария өзендерінің табиғат жағдайларын сипаттаған.

Орыс саяхатшыларының Қазақстанда жүргізген зерттеулері[өңдеу]


Қадырғали Жалайыр «Жылнамалар жинағы» атты географиялық мазмұндағы кітап жазған. Қадырғали Жалайыри «Жылнамада» Шығыс елдеріне, оның шаһарларына шолу жасап, түркі тайпаларына анықтама береді. Қазақ хандарының өмірбаяндарына тоқталады. Ол қазақ жері, оның қалалары туралы аса құнды тарихи деректер қалдырды.[11]

XVII ғасырда Қазақстан аумағы С. Ремезов жасаған «Сібірдің сызба кітабы» атты картаға кірді. XIX ғасырдың II жартысында Қазақстан табиғатына ғылыми-географиялық тұрғысынан сипаттама берілді.

Семенов-Тян-Шаньский (1827-1914) Еуропалық ғалымдардың ішінде Тянь-Шаньды зерттегендердің алғашқысы, 1856-1857 жылдары Орталық және Солтүстік Тянь-Шаньға Хан-Тәңірі массивіне дейін барды.

1851 жылы Семенов-Тян-Шанский Тянь-Шань саяхатына шыққан кезінде Омбыда Шоқан Уәлихановпен танысып, оның болашақ ғылыми жұмыстарына бағыт сілтеді. Семенов-Тян-Шанскийдің кеңесімен Шоқан әйгілі Қашғар саяхатын жүзеге асырды. Аса бай коллекциялар жинап, өсімдіктер мен жануарлардың бұрын белгісіз жүздеген түрлерін ашты. Оның басшылығымен Ш. Уәлихановтың, Н.М. Пржевальскийдің, Г.И. Потаниннің, И.Д. Черскийдің, В.А. Обручевтің т.б. экспедициялары ұйымдастырылды.[12]

Н.А. Северцов (1827-1885) 1857-1867 жылдары Арал теңізін, Сырдарияның төменгі ағысын және Қаратау жоталарын зерттеді. Н.А. Северцовтің Қазақстанды зерттеу жұмыстары П.П. Семеновтың Тянь-Шаньды зерттеуімен тұстас келді. Ол әуелде Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі сағасына сапар шекті. Одан соң Тянь-Шаньда, Жетісу, Қызылқұм, Қаратау өңірлерінде зерттеу-бақылау жұмыстарын жүргізді, Үстірт пен Мұғалжарды зерттеді. Осы зерттеулер нәтижесінде Н.А. Северцов Қазақстан жерінде жануарлардың таралуы жайында ғылыми ой-пікірлерді кеңейтті.

И.В. Мушкетов (1850-1902) Тянь-Шань мен Жоңғар Алатауының кұрылысын зерттеген. Әулиеата (қазіргі Тараз) қаласының маңын, Ыстықкөлді зерттеді. Сонымен қатар Ілені, Күнгей және Теріскей Алатауды бірнеше жерден басып өткен. И.В. Мушкетов Орта Азияның физикалық географиясы мен геологиясына арналған «Түркістан» (1886-1906) еңбегін жазды. Мушкетовтың Түркістан монографиясының негізгі бөлігі Тянь-Шань тауларының жүйесін, оның мұз басуын, сондай-ақ тау етектеріндегі жазық жерлер мен жота аралық аңғарлар мен ойыстарда сары (лесс) топырақты және саздақ балшықты жерлердің пайда болуындағы метеорологиялық жағдайын зерттеді. Ол шекараларды анықтап, алғашқы геологиялық қартасын (1881) жасады. 1887 жылы Верныйда (Алматы) болған жер сілкінудің себептері мен шөлді аудандардағы жел әрекеті туралы құнды деректер жинақтады.[13]

Л.С.Берг (1876-1950) Солтүстік Қазақстандағы тұзды көлдерді, Арал теңізін зерттеген. Берг Арал теңізі мен Балқаш көлі балықтарын зерттеді. Алынған ғылыми мәліметтері оның үш томдық «КСРО және көрші елдер тұщы су балықтары» (1948–49) деген кітабына енді.[14]

Ш. Уәлиханов (1835-1865) Жоңғар Алатауы мен Іле өңірін зерттеген. Балқаш пен Алакөлдің ұқсастықтарын дәлелдеген. Орталық Азия мен Шығыс Түркістанның карталарын жасаған. Оның редакциясымен «Балқаш көлі мен Алатау жотасы аралығының картасы», «Құлжа қаласының жобасы», «Ыстықкөл экспедициясының қорытындысына қосымша карта» т.б. дайындалған.[15]

Қазақстан аумағының жаңа дәуірде зерттелуі[өңдеу]


Қ.И.Сәтбаев (1899-1963) Орталық Қазақстанды ұзақ жылдар зерттеуінің нәтижесінде Жезқазғандағы аса бай мыс кенінің қорын ашуға мүмкіндігін берді. Минералды шикізатқа бай, Сарыарқа, Кенді Алтай сияқты аймақтарға ерекше назар аударды. Жер бедері мен климаты зерттеліп, климаттың аудандастырылуы жасалды. 640-тан аса ғылыми еңбектері бар.[16]

  • 1920 жылы Қазақстанда зерттеу қоғамы құрылды.

  • 1939 жылы арнайы География секторы құрылып, оны ғалым Н.Н. Баранский басқарды. Ол Қазақстанды 5 экономикалық ауданға бөлді.[17]

  • 1946 жылы Қазақстан Ғылым академиясы құрылды.

  • 1950 жылы «Қазақстан» атты монография шығарылды.

Қазақстан аумағының геологиялық құрылысы[өңдеу]


Қазақстан жерін палеозойға дейін тұтастай теңіз суы басып жатқан қозғалмалы аймақ болған. Қазақстанның батыс аймағында ғана жер қыртысының тұрақтанған бөлігі Шығыс Еуропа платформасының шағын аймағы қалыптасқан.

Палеозойдың алғашқы жартысында болған каледондық тау түзілісі кезінде жер қыртысындағы қозғалыстар әсерінен Қазақстан жеріндегі Тянь-Шань тауларының солтүстігі мен Сарыарқа тауларының солтүстік батысы көтерілді. Палеозойда пайда болған таулар үгіліп, шайылып, тау жыныстары басқа жаққа тасымалданып, ойыстарды толтырып жазыққа айналған.[18]

  1. Палеозойға дейінгі жыныстар: Солтүстік, Тянь-Шань жоталары, Мұғалжар, Сарыарқаның солтүстігі мен батысында.

  2. Палеозой жыныстары: Мұғалжар, Сарыарқа, Солтүстік Тянь-Шань, Жоңғар Алатауында таралған.

  3. Мезозой жыныстары: Маңғыстауда, Іле, Торғай ойыстарында ғана кездеседі.

  4. Кайнозой жыныстары

    1. Палеогендік шөгінділер: Шу, Іле, Зайсан өңірлерінде кездеседі.

    2. Неогендік шөгінділер: биік тау бөктерінде кездеседі

    3. Антропогендік шөгінділер: Каспий маңы ойпаты, Қарақұм, Торғай үстіртінде кездеседі.

Қазақстан аумағындағы жер бедерінің дамуы мен қалыптасуы[өңдеу]


Қазақстанның қазіргі жер бедері палеогеографиялық дамудың талай ұзақ кезеңдерінен кейін, теңіздік және континенттік жағдайлардың алмасып отыруынан, климаттың үнемі өзгеріске ұшырауынан және тектоникалық қозғалыстардың нәтижесінде қалыптасқан. Республиканың орталық бөлігінде болған варийлік (герциндік) тау жүйелері палеозойдан бастап қарқынды континенттік мүжілуге ұшырау салдарынан, қалдық қырқалы денудациялық жазықтар мен аласа тауларға айналды. Төрттік кезеңде ғана Маңғыстау түбегі мен оған жапсарлас аудандар климаты қуаң жазық құрлыққа айналды. Қазақстанның оңтүстік-шығысында неоген-төрттік кезеңде түзілген биік таулы аймақтың қалыптасу процесі бүгінге дейін созылуда. Оған жер қыртысының осы аймақтағы қозғалыстары мен сілкінулері дәлел. Таулы өңірді табиғат тарихында 3 рет мұз басқан, соның салдарынан мұнда қар, мұздықтық, аңғарлар, мореналық материалдар ұшырайды.[19]

Жер бедерінің негізгі сипаты[өңдеу]

Жазықтар[өңдеу]


Қазақстан жерінің 1/3-ін Батыс Сібір жазығының оңтүстік бөлігі (Солтүстік Қазақ Жазығы), Тұран ойпаты, Каспий маңы ойпаты алып жатыр.



Батыс Сібір жазығы
1. Есіл жазығы
2. Құлынды даласы
3. Барабы жазығы
4. Васюган жазығы
5. Сібір Увалдары

Оңтүстігінде Сарыарқа мен Алтай таулары мен шектеседі, батысында Орал тауымен, шығысында Орта Сібір қыратына дейін созылып жатыр. Батыс Сібір жазығы Ертіс маңы және Есіл-Тобыл жазықтары болып екіге бөлінеді. Жазықтың жер бедері бірыңғай тегіс, абсолюттік биіктігі 50-200 м-ге дейін.

Тұран ойпатының құрылықтың ішкі аймағында орналасуы Шығыс Еуропаның өзі орналасқан ендіктеріне қарағанда қысы суық, жазы ыстық болып климаты шұғыл континенттілігін, желдің, температураның әсерінен жүретін үгілу үрдісін, жер бедерінің эолдық пішіндерін, құрғақ климат жағдайында топырақ пен өсімдіктер жамылғысының шөлге тән түрлерін таралуын анықтайды.[20]

Сырдария өзені Тұран ойпатын солтүстікке және оңтүстікке бөледі, оңтүстігінде - Қызылқұм, солтүстігінде - Қарақұм, Үлкен және Кіші Борсық құмдары алып жатыр.

Солтүстігінде Жалпы Сырт қыраты, шығысында Орал алды үстірті, оңтүстігінде Маңғыстау тауларымен, батысында Ергене қыратымен шектеседі.

Ұзындығы - батыстан-шығысқа қарай 1000 км. Ені - 500 км. Ауданы - 200 мың км²[21]. Каспий маңы ойпаты - еліміздегі ірі жазықтардың бірі. Ойпаттың ерекше кұрылымы - тұз күмбездері. Оңтүстік бөлігінде 10-15 м-лік бэр төбешіктері кеңінен тарлаған. Ағын су тапшы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет