Тмд елдерінің ішінде Ресейден кейін екінші орында тұр



бет6/14
Дата05.05.2020
өлшемі0,6 Mb.
#65757
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
казахстан географиясы

Толық мақаласы: Мұғалжар тауы
Маңғыстау таулары[өңдеу]

Каспий теңізінің Маңғыстау түбегі Сарыарқаға қарағанда жас, бірақ кұрылысы мен жер бедерінің сипаттамасы ұқсас. Су ресурстарының тапшылығы Маңғыстау түбегінің табиғи ресурстарын игеруге кедергі болуда. Ең биік жері Қаратау (Бесшоқы 556 м), ең төменгі жері Қарақия (-132м) ойысы.

Толық мақаласы: Маңғыстау таулары

Биік таулы өлкелер[өңдеу]




Алтай таулары



Іле Алатауы, Қайыңды көлі



Талғар шыңы, Іле Алатауы

Биік таулы өлкелерге Қазақстанның шығысы мен оңтүстік шығысындағы Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Жетісу Алатауы, Тянь-Шань тау жүйелері жатады.
Алтай[өңдеу]

Тау мен өңірдің бөлігі Шығыс Қазақстан облысында орналасқан.[26]

Үш ауданға бөлінген: Оңтүстік, Батыс немесе Кенді Алтай және Қалба жоталары.

  1. Оңтүстік Алтай: Солтүстігінде Бұқтырма мен оңтүстігінде Қара Ертіс өзені аралығында жатыр.

  2. Батыс немесе Кенді Алтай: Қазақстан жеріне батыс жағымен кіретін Қызылқарағай, Холзун, Қатын жотасы (Мұзтау 4506 м). Кенді Алтайда аса ірі полиметалл кендері (мыс, мырыш, қалайы, қорғасын, вольфрам, күміс, алтын) шоғырланған.

  3. Қалба тау жотасы: Алтай тауларының Ертіс өзенінен батысқа қарай созылған жалғасы болып есептеледі. Ең биік жері - Сарышоқы (1606м), Сауыр, Тарбағатайдың солтүстігінде Зайсан, ал оңтүстігінде Алакөл қазаншұңқыры.

Толық мақаласы: Алтай таулары
Тарбағатай (Барқытбел)[өңдеу]

Қазақстан жеріне оның солтүстік бөлігі ғана кіреді, солтүстігінде мұздықтар бар. Биік нүктесі - Тастау шыңы (2992 м).

Толық мақаласы: Тарбағатай тауы
Сауыр[өңдеу]

Сарыарқаның шығысындағы жалғасы, ең биік жері - Мұзтау шыңы (3816 м)

Толық мақаласы: Сауыр жоталары
Жоңғар таулы өлкесі[өңдеу]

Шығыстан батысқа қарай, шамамен 400 км созылып жатқан, ені 50-ден 190 км дейін жететін таулар. Олардың жер бедеріне құламалы тектоникалық кертпештермен бөлінген тау жоталары мен тауаралық ойпат шұңқырлардың алмасуы тән.[27]

Жетісу Алатауы солтүстігінде Алакөл қазаншұңқыры мен оңтүстігінде Іле өзені аңғары аралығында батыстан-шығысқа созыла орналасқан. Қытайдағы Ебінұр көлінің ойысы мен Алакөл қазаншұңқырын қосып жатқан тауаралық өткелі «Жетісу қақпасы». Ең биік жері Бесбақан - 4622 м. Жетісу Алатауы (5000 м): Солтүстік жотасы, Оңтүстік жотасы болып бөлінеді.

Толық мақаласы: Жетісу Алатауы
Тянь-Шань таулы өлкесі[өңдеу]

Қазақстан жерінің оңтүстік-шығыс және шығыс бөлігін қамтиды. Негізінен ендік бағытқа жақын жатқан тау тізбектерінен құралады. Биік шыңдары – Жеңіс (7439 м) және Хантәңірі (6995 м). Қазақстанға Қаратау, Қырғыз Алатауы, Шу-Іле таулары, Іле Алатауы және Кетпен (Ұзынқара) жоталары қарайды.

Толық мақаласы: Тянь-Шань таулы өлкесі
Кетпен жотасы[өңдеу]

Кетпен жотасы, Ұзынқара – Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстік доғасына кіретін жота. Тянь-Шаньнан басталып, Кетпен тау аралық ойысымен бөлінеді. Батысы Қазақстанда, шығысы Қытайда жатыр. Ұзындығы - 300 км, ені - 40-50 км. Ең биік жері - Небесная шыңы (3652 м).

Толық мақаласы: Кетпен жотасы
Күнгей Алатау[өңдеу]

Күнгей Алатау - ұзындығы 275 шақырымға созылатын тау жотасы. Іле Алатауымен қосылып Солтүстік Тянь-Шаньды құрайды.[28] Қазақстан аумағында шығыс бөлігінің солтүстік беткейі жатады. Ең биік жотасы Иманбұлақ шыңы, 4647 м.

Толық мақаласы: Күнгей Алатау
Іле Алатауы[өңдеу]

Тянь-Шаньның солтүстігіндегі ең биік тау жотасы. Ұзындығы - 350 км. Ең биік нүктесі - Талғар шыңы (4973 м).

Толық мақаласы: Іле Алатауы
Қырғыз Алатауы[өңдеу]

Күнгей және Іле Алатауының батысында орналасқан. Батыс бөлігінің солтүстік беткейі Қазақстан жерінде (Жамбыл облысы). Жалпы ұзындығы 375 км.[29]

Толық мақаласы: Қырғыз Алатауы
Батыс Тянь-Шань[өңдеу]

Талас Алатауынан басталып, оңтүстік батысқа қарай созылып жатыр. Ірі таулары - Өгем, Піскем, Қаратау (2176 м). Тянь-Шаньның қатты өзгеріске ұшыраған ең шеткі солтүстік-батыс жотасы - Қаратау.

Толық мақаласы: Батыс Тянь-Шань

Қазақстанның биік тау шыңдары[өңдеу]


  • Хантәңірі (Сарыжаз жотасы) - 6995 м,

  • Бүкіл одақтың география қоғамына 100 жыл шыңы (меридиандық жота) - 6276 м,

  • Талғар шыңы (Іле Алатауы) - 4973 м,

  • Шоқтал тауы (Күнгей Алатау) - 4770 м,

  • Бесбақан тауы (Жоңғар Алатауы) - 4622 м,

  • Металлургтер тауы (Іле Алатауы) - 4600 м,

  • Мұзтау шыңы (Алтай тауы, Қатын жотасы) - 4506 м,

  • Манас шыңы (Талас Алатауы) - 4482 м,

  • Ашутор тауы (Теріскей Алатауы) 4427 м,

  • Мұзтау тауы (Жонғар Алатауы) - 4370 м,

  • Комсомол шыңы (Іле Алатауы) - 4330 м.

Пайдалы қазбалары[өңдеу]




Көмір



Боксит



Хромит

Мұнай, газ — Қазақстанда мұнайдың болжамдық қорлары 20-25 млрд. т., 200-дей мұнай және газ кен орындары барланған. Барланған мұнайдың алынатын қоры 2,2 млрд т, газ - 2,5 трлн/м³ құрап отыр. 200-ге жуық көмір кен орындары шоғырланған. Геологиялық қоры - 164,4 млрд т. Оның ішінде: тас көмір 17,6 млрд. т; қоңыр көмір 92,8 млрд. т.

Кенді пайдалы қазбалар[өңдеу]


Темір — геологиялық қоры 17 млрд. т. Оның 93% мөлшерін ірі кен орындары алады. Хромит — хромит қоры бойынша Қазақстан әлемде 2-ші орында. Қорлары - 230 млн. т. Ірі кен орыны шоғырланған аймақ – Мұғалжар тауы. Марганец — баланстық қоры 400 млн. т. Болжамдық қорлары 850-900 млн. т. Мыс — ірі кен орындары Жезқазған, Жамантай мыс кенінің қоры 10 млн. т. асады. Қорғасын-мырыш —100-ден аса кен орындары бар. Алюминий — шикізат ретінде ең көп тараған боксит болып табылады. 200 кен орны бар. Алтын —196 алтын кен орны бар. Қазақстан алтын қоры бойынша әлем елдерінің бірін ондығына, өндірісі бойынша - үшінші орынға ие.

Сирек кездесетін металдар[өңдеу]


Молибден — Қазақстан молибден қоры жөнінен әлемде төртінші, Азия елдері арасынан бірінші орында. 84 кен орны бар. Вольфрам — қоры жөнінен Қазақстан әлемде бірінші орын алады. Вольфрам қорының 53%- ы 16 ірі кен орнында шоғырланған. Уран — 100-ден астам кен орны Қазақстанда шоғырланған. Солтүстік Қазақстанда 50 кен орны бар.

Пайдалы қазбалар

Негізгі кеніштер



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет