Жайық өзені
Қазақстанда 85 022 өзен бар, соның ішінде 84 694 шағын (ұзындығы 100 км-ге дейін), 305 орташа (500 км-ге дейін) және 23 ірі (500-1000 км-ден астам өзендер) қатарына жатады.[30]
Суға толы өзендер Алтай, оңтүстік-шығыста Жетісу, Іле-Алатауында (өзен торының жиілігі 0,4-1,8 км), Арал және Каспий маңы шөлді өңірлерде өзен торының жиілігі 0,03 км-ге дейін барады. Ұзындығы 1000 км. асатын өзендер: Сырдария, Шу, Іле, Ертіс, Жайық, Есіл, Тобыл.
Өзендер[өңдеу]
Каспий теңізі алабы — Батыс Қазақстан өзендерін қамтиды. Оларға: Жайық, Жем, Сағыз, Ойыл, Үлкен Өзен, Кіші Өзен жатады.[31]
Арал теңізі алабына — Оңтүстік және Орталық Қазақстан бөлігінің өзендері жатады. Олар: Сырдария, Арыс саласы, Шу, Сарысу, Торғай, Ырғыз, Талас.[32]
Балқаш-Алакөл алабы — Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы өзендерді қамтиды. Қаратал, Лепсі, Ақсу, Іле, Тентек, Сарқан, Басқан.
Көлдер[өңдеу]
Балқаш көлі
Көлсай көлдері
Қазақстанда ауданына қарай жалпы 48 262 көл бар. Көл айдынының 45248 шағын көлдер (ауданы 1 км² дейінгілер) қатарына жатады. Ауданы 10 км²-тан астам ірі көлдер - 296, ал 100 км²-тан астам аса ірі көлдер - 21. Аса ірі көлдер: Балқаш, Зайсан, Алакөл, Теңіз (Нұра).
Мұздықтар[өңдеу]
Алтай жоталарында 328 мұздық,
Сауыр жотасында 18 мұздық,
Жетісу Алатауында 1369 мұздық,
Тянь-Шань 1009 мұздық бар.
Қазақстандағы ең ірі мұздық — Іле Алатауындағы Корженевский мұздығы. Оның ұзындығы - 12 км, қалыңдығы 210-300 м, 3560 м биіктікте орналасқан, ауданы - 38,0 км², жалпы көлемі - 6,32 км³.
Достарыңызбен бөлісу: |