Машина жасау өндірісінің салалары
|
|
|
Салалары
|
Өндірісі
|
Орталығы
|
Ауыр машина
|
Кен жабдығы
|
Алматы, Қарағанды, Кентау
|
Ауыл шаруашылық машина
|
Ақмолаауылмаш Қазақауылмаш
|
Павлодар, Астана, Макинск
|
Станок
|
Фрезер
|
Алматы
|
Құрал-аспаптар (металды аз қажет ететін кәсіпорын)
|
Ақтөберентген
|
Ақтөбе, Павлодар, Ақтау
|
Эл. тех. машина
|
Аккумулятор
|
Талдықорған
|
Радиотехника
|
Телевизор
|
Алматы
| Химия өндірісі[өңдеу]
Химия өнеркәсібінің кәсіпорындары Қазақстанның біршама аймақтарында орналасқан. Өнеркәсіптің әр түрлі салаларының, ауыл шаруашылығының, халықтың мұқтажын қанағаттандыру үшін бұл өндірістің шығаратын өнімдерінің түрі де, көлемі де аумақты.[55]
Фосфор тыңайтқышы Қаратау химия өндірісі (фосфор ұны), фосфор тұздары (Шымкент, Тараз), суперфосфат (Тараз, Ақтөбе, Алға)
Азот тыңайтқышы Теміртауда
Өскемендегі титан-магний комбинаты жанынан қосымша өнім калий тыңайтқыштары
Ақтөбе - хром қосындылары, Ақтау – пластмасса, тұтыну заттары, тіс пастасы, Атырау — полиэтилен, су сабын, кір сабын, Шымкент -шина, фармацевтік препараттар
Өскемен, Риддер, Балқаш, Жезқазған - күкірт қышқылы
Теміртау - азот, синтетикалық каучук
Қостанай - жасанды талшық
Тараз - минералды тыңайтқыштар шығаратын ірі химия комбинаты орналасқан.
Ауыл-шаруашылық өнеркәсіп салалары[өңдеу]
Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады. Аграрлық сектордың даму деңгейі қашан да қазақстандық қоғамның экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылығын анықтайтын факторы болып келеді.[56]
Ең ірі ет комбинаттары: Алматы, Петропавл, Семей, Қызылорда, Орал, Тараз қалаларында
Ірі сүт, май өнеркәсібі Алматы, Қарағанды, Астана, Орал, Өскемен. Қостанай, Семей, Петропавл, Павлодар, Шымкент, Көкшетау қалаларында
Қант өнеркәсібі: Тараз, Шу, Боралдай, Қарабұлақ, Киров, Меркеде
Балық өнеркәсібі: Атырау, Балқаш, Зайсанда
Ұн жарма өнеркәсібі: Солтүстік Қазақстан, Астана, Тараз, Қапшағай, Қостанайда
Макарон өнімдері: Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Петропавл, Шымкент, Семейде
Мақта майын шығару өнеркәсібі: Шымкентте
Ірі ас тұзының қоры: Павлодар, Қызылордада
Жүн жуу кәсіпорындары: Семей, Тараз, Ақтөбе қалаларында
Жүннен бұйым жасау: Семей, Қостанай, Алматы қалаларында
Киіз басу: Орал, Петропавл қалаларында
Киім тігу: Алматы, Тараз, Семей, Павлодар, Талдықорған, Қостанай, Қызылорда
Тері илеу: Алматы, Семей, Орал, Тараз, Қостанай, Қызылорда қалаларында
Шұлық фабрикасы: Семей, Қарағанды, Шымкентте
Жүн иіретін комбинат: Астанада, Өскеменде жібек мата шығарады,
Фарфор-фаянс: Астана мен Қапшағайда
Трикотаж фабрикасы: Алматы, Қарағанды, Шымкент, Өскемен, Жезқазғанда
Мақта тазалау зауыты: Түркістан, Мақтааралда.
Қазақстан темір жолы схемасы
Қазақстанда көліктің барлық түрі дамыған. Жүк айналымында темір жол - 57,5%, өзен көлігі - 0,02%, автомобиль - 15,5%, әуе – 2,9%, кұбыр көлігі -27%.
Темір жол[өңдеу]
Қазақстанда темір жолдың ұзындығы 15000 км. Атырау-Астрахан темір жол торабы Солтүстік Кавказ елдері мен Батыс Қазақстанды байланыстырады. Ендік бағыттағы 3 транзиттік ірі теміржол магистралдары:
ТрансСібір
Оңтүстік Сібір (Магнитогорск-Қарталы-Астана-Павлодар-Барнаул).
Орта Сібір
Республикалық маңызы бар бойлық бағыттағы 3 магистралді атауға болады:
Орынбор-Ташкент (Батыс арқылы өтеді). Ескі теміржол
Семей-Алматы-Құлан-Тараз-Шымкент-Арыс (Құлан-Семей арасындағы бөлігін Түркістан-Сібір (Түрксіб) деп атайды)
Петропавл-Ақмола-Қарағанды-Мойынты-Шу (ТрансҚазақстан деп аталады).
Қазақстан темір жолының үлесіне көлік қатынасының барлық түрлері бойынша тасылатын жүктің төрттен үш бөлігін қалалар мен ауылдар және басқада жерлерге жол жүретін жолаушылардың тең жарымы тиеді.[57]
Су көлігі[өңдеу]
Су көлігі негізінен: Жайық, Ертіс, Сырдария, Есіл, Іле, Қаратал өзендері мен Балқаш көлі, Каспий теңізі алаптарында қызмет көрсетеді. Су жолының ұзындығы 6 мың км, соның 4 мың км өзен, көлге келеді. Ірі порттар: Атырау, Орал, Өскемен, Павлодар, Ақтау.
Автомибиль жолдары[өңдеу]
Астана - Бурабай автобанының төлем бекеті
Автомобиль жолдардың жалпы ұзындығы 94000 км. Басты ірі магистральдары:
Алматы-Тараз-Шымкент-Ташкент;
Алматы-Семей-Өскемен-Жаркент-Талдықорған-Текелі;
Алматы-Шелек-Нарынқол;
Қарағанды–Қарқаралы;
Орал-Атырау;
Қостанай-Арқалық;
Қарағанды-Жезқазған.
Әуе жолы[өңдеу]
Әуе жолының жалпы ұзындығы - 100 мың км. Әуе көлігімен шамамен 21,4 млн. т. жүк, 7 млн. жолаушы тасымалданады. Қазақстанның әуе кеңістігінде 72 халықаралық әуе жолы түйіседі. Еліміздегі 51 әуежолдың 13-і халықаралық ұшақтарға қызмет атқарады, ал 21-і республикалық маңызға ие.
Құбыр жолы[өңдеу]
Мұнайдың 60%-ы құбырмен тасымалданады. Ең алғаш салынған мұнай құбырының ұзындығы 60 км-лік Доссор-Ракуша. Келешекте Республика аумағы арқылы Батыс Қазақстаннан 5 бағытта мұнай құбырын тарту жоспарлануда.
Теңіз кен орнынан - Ресейдің Қара теңіз жағалауына, ұзындығы 1500км.
Теңіз - Баку - Супса (Грузияның Қара теңіз жағалау) - Джейхан(Түркия Жерорта теңізі жағалауы).
Ирак мемлекеті арқылы Парсы шығанағы жағалауында Теңіз-Харг, ұзындығы 2505 км.
Батыс Қазақстан - Қытай - Тынық мұхиты жағалауы. Атасу (Қарағанды облысы)-Алашонькоу (Қытай).
Батыс Қазақстан - Құмкөл мұнай құбыры.
Қазақстан Республикасы экономикалық аудандарының географиясы[өңдеу]
Қазақстан Республикасы экономикалық аудандары
Қазақстан аумағының үлкендігі, табиғат жағдайлары мен ресурстарының алуан түрлілігі географиялық еңбек бөлінісінің (ГЕБ) негізі болып табылады. Қазақстан аумағында 14 облыс бар, олар 5 экономикалық ауданға топтастырылған.
Орталық Қазақстан: Қарағанды облысы;
Батыс Қазақстан: Ақтөбе облысы, Батыс Қазақстан облысы, Атырау облысы, Маңғыстау облысы;
Оңтүстік Қазақстан: Қызылорда облысы, Түркістан облысы, Жамбыл облысы, Алматы облысы;
Солтүстік Қазақстан: Қостанай облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Павлодар облысы, Ақмола облысы;
Шығыс Қазақстан: Шығыс Қазақстан облысы.
Достарыңызбен бөлісу: |