Жеңіл өнеркәсіп[өңдеу]
Жеңіл өнеркәсіп саласында шамамен 40,5% пайызы – мата, киім тігуге 22,5 миллиард теңге немесе жалпы көлемнің 50% тиесілі. Қазақстандық өндірістің шамамен 10 пайызы – тері өнемдеріне тиесілі.[46]
Тамақ өнеркәсібі[өңдеу]
Қазақстанның тамақ өнеркәсібі экономикамыздың ең маңызды саласы болып табылады. Ауылшаруашылық шикізаты өңделіп, азық-түлік саласын құрайды. Оның құрамына 20 саладан аса үлкен топ біріктірілген. Олардың ең негізгілері: ет, сүт, наубайхана, балық, консерв және кондитер өнімдері.[47]
Бүгінде Қазақстан өнеркәсіп өнімінің көлемі жөнінен Ресей мен Украинадан кейінгі 3-ші орында. Табиғи байлықтарды игерудегі басты қиыншылық - су мен қазіргі заманға сай жаңа технологияның болмауы.
Аталған кешен құрамына қазіргі заманғы шаруашылықтың негізін құрайтын отын (мұнай, табиғи газ, көмір және т.б.) мен электр энергиясын өндіру, оларды тасымалдау енеді. Өндірістің дамуы отын мен энергия түрлерін игерумен тығыз байланыста жүреді. Адамзат қоғамы дамудың неғұрлым жоғары сатысына көтерілген сайын өндірістің отын мен энергияға сұранысы арта түсті.[48]
Қазақстан көмір, газ, электр энергиясын өндіруден ТМД-да 3 орын, мұнай өндіруден 2-орын алады. Қазақстан аумағында әлемдік көмір қорының 3,3%-ы шоғырланған. Көмір өндіруден дүние жүзінде 8-ші, ал таяу шетелдер бойынша Ресей мен Украинадан кейінгі 3-ші орында. Негізгі отын түрі деп есептеледі. Қазақстанда 10 алап, 400-ден астам көмір кеніштері бар. Жалпы қоры - 176,6 млрд. т. Өндіру мүмкіндігі - 21,5 млрд. т. Маңызы жөнінен бірінші Қарағанды көмір бассейнінің қоры - 51 млрд. т. Қазіргі кезде көмір өндіру көлемі 2 есе азайып, жылына 80 млн. т көмір өндіріледі. Көмір кабатының қалыңдығы 1,5-15 м. Екібастұз - 12 млрд. т. Жер бетіне жақын орналасқан, ашық әдіспен өндірілетін Екібастұз көмірінің өзіндік құны төмен. Дүниежүзіндегі ең ірі «Богатырь» кесіндісі орналасқын көмір алабы. Бүкіл Қазақстанда 14 мұнай-газ бассейні бар. Олар Атырау-Ембі, Маңғыстау аймақтарында. Негізгі мұнай өңдеу зауыттары: Атырау, Павлодар, Шымкент қалаларында орналасқан. ТМД-да көмірсутектік шикізаттардың жалпы қоры жөнінен Қазақстан Ресейден кейінгі 2-ші орында.
Газ өндірісіне газ тасымалдау жүйесі: республика аумағы арқылы өтетін Бұхара-Орал-Орта Азия-Мәскеу, Бұхара-Шымкент-Тараз-Бішкек-Алматы магистральді кұбырлары.
Газдың жалпы қоры 6 трлн м³, бұл қоры жөнінен әлемде 12-орында. Газ өндіру мөлшері 7 млрд. м³ элемде 25-орында. Республика көлемін газбен қамтамасыз ету үшін Түрікменстаннан 6,8 млрд м³, Өзбекстаннан 7,2 млрд м³, Ресейден 2 млрд м³ газ алынады.
Атырау облысында «Теңіз» мұнайы - әлемдегі ең ірі кен орындарының бірі. Мұнайдың геологиялық қоры 3 млрд 133 млн. т. шамасында. Магистральдық және тарату газ құбырларының тарихи қалыптасқан жүйесіне сәйкес табиғи газ еліміздің 14 облысының 9-на жеткізіледі.[49]
Электр энергетикасы[өңдеу]
Қазақстанның электр энергетикасының көздері: жылу электр стансасы, су электр стансасы, атом электр стансасы.
Жалпы электр станциялары қуатының артуына, электр қуатының өндiрiлуiне қарай Қазақстан электр энергетикасының дамуын негiзгi үш кезеңге бөлуге болады. Бiрiншi кезең 1918-45 жылдарды қамтиды, бұл кезеңде iрi электр станциялары салынып, алғашқы энергетикалық тораптар пайда болды.
Екiншi кезеңде (1946-58 ж.) алғашқы энергетикалық жүйелер құрылды. Үшiншi кезеңде (1959-90 ж.) республиканың энергетикалық базасы жедел қарқынмен дамып, аймақтық энергетикалық жүйе қалыптасты. Сөйтiп, Қазақстан өзiнiң электр қуаты жөнiндегi мұқтаждарын толық қамтамасыз ететiн, әрi оны өзге елдерге шығаратын ахуалға жеттi.[50]
Республикада ЖЭС-тар беретін электроэнергия 80-90%-ды құрайды.
АЭС (атом электр стансасы) - Ақтау қаласында орналасқан
Өскемен су-электр стансасы
Ірі СЭС (су электр стансалары):
Ертіс өзенінде: Бұқтырма, Өскемен, Шүлбі;
Сырдарияда Шардара;
Іле: Қапшағай.
Қазақстанның су электр стансалары жылына 163 млрд кВт/сағ электр энергетикасын өндіре алады.
Шығыс Қазақстан облысы су электр стансалары энергия өндірудің ең жоғарғы үлесін береді.
Республикасының 1 тұрғынына шамамен 3700 кВт/сағ электр энергиясы келеді.
Қазақстанның электр энергиясы арзан отын мен су энергетикасы байлықтары пайдаланатын аудандық ірі электр станцияларын салу бағытында дамып келеді. Шығыс және Оңтүстік Қазақстан су энергиясы жеткілікті аудан. Қазір республиканың жылу электр станциялары кең таралған. Олар негізінен Қарағанды және Екібастұз көмірімен жұмыс істейді, әрі бүкіл элекгр энергиясының 90%-дан астамын береді. Әрбір облыстық қала мен көптеген өнеркәсіптік орталықтарында қуатты жылу электр орталықтары салынған. Олардың ең ірілері Екібастұзда, Ақсуда, Таразда, Қарағандыда, Алматыда орналасқан.
Қазақстан металлургиясы[өңдеу]
«Балқаштүстіметалл» комбинаты
Қазақстан үшін қара металлургия – екінші дүние жүзілік соғысынан кейінгі жылдары ғана пайда болған ауыр өнеркәсібінің салыстырмалы түрдегі жас саласы. Қазақстанда шойын, болат және ферроқорытпа өндіріледі.[51]
Қарағанды, Теміртау металлургия комбинаты шойын, болат, прокат өнімін шығарады. Қостанай қайта қорыту комбинаты: шойын, болат, құбыр, рельс, жұқа табақ темір. Атасу, Соколов-Сарыбай, Лисаков, Қашар-Аят кен байыту комбинаты - темір кенін өндіретін негізгі кен орны. Ақтөбе, Ақсу: ферроқорытпа, хром өндіру. Торғай алыбының темір рудасын игеру мақсатында Қостанай-Тобыл-Лисаковск жолы салынды.
Қазіргі кезде мыс негізінен Жезқазған мен Балқаштың кен-металлургиялық комбинаттарында (КМК) өндіріледі. Қорғасын және мырыш өнеркәсібінің ортақ шикізат базасы - полиметалл кендері бар. Ұзақ уақыт бойы олардың қоры жөнінен Шығыс пен Оңтүстік алда болды. Полиметалл өндірісінің басты ауданы - Кенді Алтай. Мұнда 3 ірі орталық бар - Зырян, Риддер және Өскемен.[52]
«Азия Авто» АҚ машина құрастыру зауыты
Машина жасау ҚР машина жасау құрылымы: тасымалдау құрамы, автокөлік құрастыруды қоса алғанда барлық өнімнің 37% құрайды.[53] Қазақстанның индустриаландыру картасы бойынша машина жасау саласында 9 жаңа ірі жобалар жүзеге асырылуда. Олар:
Транспорттық машина жасауда: «Азия Авто» АҚ, жүк және қоғамдық транспорт; «ЗИКСТО» АҚ, вагон жасау; «Байтерек А» АҚ, электровоздар; «Камкор Менеджмент» ЖШС, жүк вагондары.
Мұнайгаз машина жасауда: «Батыс-Қазақстан Машина жасау комбинаты» АҚ, газ қотарушы агрегат және газтурбиналы электр станцияларын әзiрлеу және жасау.
Тау-металлургиялық машина жасауда: «Пархоменко атындағы Қарағанды машина жасау зауыты» ЖШС, жүк темiр жол вагондары үшiн iрi құю өндiрiсі.
Ауыл шаруашылық техника өндiрiсiнде: «Агромаш Холдинг» АҚ, комбайндардың өндiрiсi.[54]
Достарыңызбен бөлісу: |