Қазақстан халқының орналасу географиясы[өңдеу]
Республиканың халқы – 17,3 миллионнан астам адам (2014 ж). ТМД-да Ресей, Украина, Өзбекстаннан кейінгі 4-ші орында, ал дүние жүзінде 63-ші орында. 1 шаршы шақырымға - 5,5 адамнан келеді. Қазақстан халқының тығыздығы ТМД елдеріндегі орташа тығыздықтан (12,8) 2,5 есе, ал әлемдік тығыздықтан (40 адам) 6,6 есе кем.
Халықтың ең тығыз орналасқан жері - Оңтүстік Қазақстан. Онда 1 шаршы шақырымға 17 адамнан келеді. 4 млн. астам қазақ республикадан тысқары жерлерде, әлемнің 54 мемлекетінде тұрады. Халықтың ең сирек орналасқан жері Маңғыстау, Атырау облыстары. Онда 1 шаршы шақырымға 2 адамнан келеді.
Қазақстанның қала тұрғындары 57%-ды құраса, ауыл тұрғындары 43%-дан астам.
Қазақстанда 130 ұлт тұрады: оның 65% - қазақтар, 21,8% - орыстар, 3,0% - өзбектер, 1,8 % - украиндар, 1,4% - ұйғырлар, 1,2% - татарлар
2018 жыл басындағы Республика облыстары бойынша қазақтардың үлесі 10.0 - 19.9 % 20.0 - 29.9 % 30.0 - 39.9 % 40.0 - 49.9 % 50.0 - 59.9 % 60.0 - 69.9 % 70.0 - 79.9 % 80.0 - 89.9 % 90.0 % жоғары
Қазақстан халқының еңбекке жарамды бөлігі
Ерлер - 16-63 жасқа дейін.
Әйелдер - 16-58 жасқа дейін.
Ең белсенді жас 27-49 жас арасы еңбекке қабілетті
Республикада ерлер жалпы халық санының 48,2% құраса, әйелдер 51,8% .
Қазақстанда адамдардың орта жасы төмендегідей:
ерлердің орта жасы - 58,5;
әйелдердің орта жасы - 72;
Бүкіл әлемдегі қазақтар саны 14 миллионнан астам.
Қытай[35] -1 462 588 адам
Өзбекстан[36] - 800 000 адам
Ресей[37] -647 732 адам
Моңғолия[38] - 101 526 адам
Түрікменстан[39] - 87 000 адам
Қырғызстан[40] - 32 981 адам
Түркия[41] - 30 000 адам
Канада - 7 000 адам
Иран[42] - 4 000 адам
Украина 5 526 адам
АҚШ 3 000 адам
Беларусь[43] - 1 355 адам
Германия[44] - 1 000-ға жуық
Ұлыбритания[45] - 1 000-ға жуық
Достарыңызбен бөлісу: |