Бағалау – оқушының білімінің, іскерлігінің және дағдысының сапасын анықтайтын басты көрсеткіші, өлшемі, ал баға – оқушы білімінің жемісі, алынған шартты сандық көрсеткіші.
Бірінші жұмыс түгел дұрыс орындалған және таза жазылған. Оны «5»- ке бағалауға болады.
Екінші жұмыста төмендегідей қателер жіберілген:
60 саны жазылмай қалып қалған (Себебі, сол санды дұрыс жазуға күдіктенді, немесе жазуға үлгермеді);
бір мысалды шығармады. (Бірінші себебі, бір ондықтан 4 бірлікті алғанда қанша қалатынын білмеді, немесе шыққан санды жазуды білмейді. Екінші себебі, 60 санын жазбағанымен де байланысты болуы мүмкін, өйткені 10-нан 4-ті алғанда 6 цифрымен жазылатын сан шығады.)
Басқа қате жоқ, сондықтан жұмысты «4»-ке бағалауға болады. Үшінші жұмыста мынандай қателер жіберілген:
Жұмысты «3»-ке бағалауға болады.
Төртінші жұмыста есеп дұрыс шығарылмаған. Бірақ ол қатенің себебі
«арзан», «қымбат» сөздерін түсінбеуінен болуы мүмкін, ал жазғаны, шығаруы, жауабын жазуы дұрыс.
Жұмысты «4»-ке бағалауға болады.