|
|
бет | 35/78 | Дата | 23.12.2022 | өлшемі | 6,52 Mb. | | #164039 |
| Байланысты: умкд БСМОТМӘ-1, ПМНО-20-1Тақырыбы: 1 сыныптағы оқыту нәтижелерін тексеру.
Оқушылар төмендегідей қажетті іскерлікті, біліктілік және дағдыларды и г е р у л е р і тиіс:
бір таңбалы санның сан қатарындағы орынын, құрамын, 10 көлеміндегі нәрселерді санауды, сол сандарды цифрлармен өте әдемі жазуды;
10 көлеміндегі сандардың қосу кестесін және азайтудың сәйкес жағдайларын;
толық ондықтар, жүз сандарын оқуды және жазуды, оларға 10- ды қосуды және азайтуды, салыстыруды;
бір амалмен шығарылатын мәтінді есептерді шешуді.
- Практикалық сабақ.
Тақырыбы: 2 сыныптағы оқыту нәтижелерін тексеру.
Оқушылар төмендегідей қажетті іскерлікті, біліктілік және дағдыларды и г е р у л е р і тиіс:
100 көлеміндегі сандардың жасалу принципін және осы сандарды оқу, жазу, салыстыруды;
екі таңбалы сандарды оқу, жазу, ауызша қосу және азайтуды;
екі таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайтуды;
жай және құрама (екі амалмен) есептерді шығаруды.
- Практикалық сабақ.
Тақырыбы: 3 сыныпта оқыту нәтижелерін тексеру.
Оқушылар төмендегідей қажетті іскерлікті, біліктілік және дағдыларды и г е р у л е р і тиіс:
үш таңбалы сандар көлеміндегі цифрлардың орындық мәнін, ретін; осы сандарды оқуды, жазуды және салыстыруды;
бір таңбалы сандарды көбейту кестесін және бөлудің сәйкес
жағдайларын;
екі таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша, жазбаша көбейту және бөлуді;
100 көлеміндегідей, 1000 көлеміндегі сандарды ауызша және жазбаша көбейту және бөлуді;
2-3 амалдан тұратын өрнектерге (жақшамен және жақшасыз) арифметикалық амалдарды орындау ережелерін қолданып есептеуді;
1-2 амалмен шығарылатын мәтінді есептерді (амалдар бойынша және өрнек құрып) шығаруды;
сызғыштың көмегімен кесіндінің ұзындығын өлшеуді және берілген ұзындығы бойынша кесінді сызуды.
- Практикалық сабақ.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|